СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтінмен жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтіндерді бірнеше рет оқып, берілген тапсырмаларды орында.

Тауық, тышқан және құр.

Ерте заманда тауық,тышқан, құр – үшеуі бірге тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дінін тауып алыпты. Ол қуанғаннан: - Дән таптым!- деп айқалапты. - Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің ?- депті тауық. - Мен апара алмаймын,- депті тышқан. - Мен де апара алмаймын,- депті құр. Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты. Тауық: - Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті. - Мен апара алмаймын,- депті тышқан - Мен де апара алмаймын,- депті құр. Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті. - Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық. - Мен илей алмаймын,- депті тышқан. - Мен де илей алмаймын,- депті құр. Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық: - Кім от жағады?- деп сұрапты. - Мен жаға алмаймын,- депті тышқан. - Мен де жаға алмаймын,- депті құр. Отты да тауық өзі жағыпты. - Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық. - Мен сала алмаймын,- депті тышқан. - Мен де сала алмаймын.,- депті құр. Нанды да тауықың өзі салыпты. - Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты. Тауық нанды алып қойыпты да: - Мұны кім жейді?- деп сұрапты.

- Мен,- деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты. - Мен де жеймін,- деп, құр да үстел қасына келіп отырыпты.

Тапсырма:

1.Мәтін нелер туралы?

2. Ой қозғау. Нан туралы не білесің?

Мектеп_______________________________________________________

Сынып________________________________________________________

Т.А.__________________________________________________________

НҰСҚАУ

Бұл жұмысты орындау үшін сізге алдымен әңгіме немесе мақаланы оқып шығып, сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Кей тапсырма оңай болса, басқасы қиын болып көрінуі мүмкін. Сізге әр түрлі сұрақтарға жауап беру керек болады. Кейбір сұрақтарда 4 жауап нұсқасы ұсынылады. Сіздің ойыңызша дұрыс деген жауапты тауып, сол жауап нұсқасын қоршап белгілеңіз.

Үлгі ретінде мынадай бір сұрақ берілді. Қалай дұрыс жауап беру керектігі төменде көрсетілген.

1 МЫСАЛЫ

1.. «Төрт ана » өлеңінің авторы кім?

А. Ғафу Қайырбеков

В. Мұхтар Шаханов

С. Әдібай Табылды

Д. Тайыр Жароков

Мысалда В әріпі қоршалған түрде белгілеу керек, өйткені бұл өлеңнің авторы Мұхтар Шаханов. Егер сіз ойыңызды өзгертіп басқа нұсқаны таңдаймын десеңіз, өзіңіз ойлаған нұсқаны қоршаңыз. Жұмысты орындай отырып, оқылған мәтінді қайтадан бірнеше рет қарап шығып, сұраққа жауап табуға болады.

Кейбір тапсырмаларды орындағанда өз жауабыңызды жазуға, оған арнайы орын берілген. Төмендегі үлгіге қараңыз.

2 МЫСАЛЫ

2 Әңгімеленіп отырған әңгімедегі оқиға қай жыл мезгілінде болған?

1

_______________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________

2 мысалдың қасында қарындаштың суреті және оның жанында 1 цифры салынған, егер сіз сұраққа жауап берсеңіз, 1 ұпай аласыз.

3 мысалдың қасында қарындаштың суреті және 3 цифры салынған, егер сіз сұраққа жауап берсеңіз, онда 3 ұпай аласыз.

3 МЫСАЛЫ

3.Әңгіменің соңын бір мезгілде қызықты да, қайғылы не қылады? Өз ойыңды білдіру үшін, не туралы оқығаныңды пайдалан.

3

_______________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

Қайырымды әпке

Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды.Анасы жұмысқа кетерде,малға уақытылы шөп,жем салуды,су беруді Дәуренге тапсырды.

Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне су құйды. Қатқыл тартқан гүл түптерін босатты.

Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады.

Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа тастай батып кеткенде, қармағына іліккені жайын балық болатын. Ал табан балықтар қалытқыны тартқылап, Дәуреннің епшілдігін сынағандай болды. Дәурен бос келген жоқ. Әсіресе, биылғы жылы қолының ебі бар екендігін достары да байқап, өзара әңгіме арасында мақтайтындарын айтсаңшы! Дәурен бұған мәз.

Балық аулаймын деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен кеш байқады. Анасының сөзі есіне түсті:

–Ау, достарым, мен үйге қайттым.Анам «малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.

Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.

– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.

– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.

– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.

– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп.

Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

Жұмыстан оралған анасы Гүлнәр мен Дәуреннің үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа көңілі жадырады. Дереу кешкі тамаққа әзірленді. Енді бір сәтте Дәуреннің қайырымды әпкесі темір табаға май құйып, балықтарды қуырып жатты. (250 сөз)

1.Анасы Дәуренге қандай тапсырма берді?

А.Сабақ оқу

В.Үй жинау

С.Малға қарау

Д.Досына көмектесу

2.Гүлнәр қандай жұмыстарды орындады?

А.Сабағын оқыды

В.Балық аулады

С.Үйді сыпырды,еденді сүртті,гүлдерге су құйды

Д.Дәуренді мектепке апарды

3.Дәуреннің қармағына қандай балықтар ілікті?

А.Жайын

В.Табан

С.Сазан

Д.Бекіре

4.Достары Дәуренді не үшін мақтады?

1__________________________________________________________________________________________________________________

5. Дәурен түске дейін қайда болды?

А.Үйде

В.Мектепте

С.Аулада

Д.Өзенде

6. Дәуреннің есіне не түсті?

А.Тамақ ішу

В.Үй жинау

С.Ұйықтау

Д. Малға шөпті уақтылы беру

7.Мәтіннің ішінен Дәуреннің көңілі көтерілген жерді көшіріп жаз.

1

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8.Дәурен әпкесіне қалай ризашылығын білдірді?Мәтіннен сол жолдарды тауып,көшіріп жаз.

1

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

9.Мәтіннен анасының жұмыстан оралғандағы көңіл күйін білдіретін жерді тауып жаз.

1

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10.Сен Дәуреннің орнында болсаң қайтер едің?

1

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Мәтін қандай жанрдың түріне жатады?

3___________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырманы бағалау

Жоғары деңгей – 18- 16 ұпай

Орташа деңгей– 15- 12 ұпай

Төмен деңгей - 12 ұпай

18.02.2016 13:09