СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Әрбір жан өз бақытының шебері» жас мамандарға арналған психологиялық тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Әрбір жан өз бақытының шебері»

Сабақтың мақсаты: жас мамандардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекіліктері: ұлағатты сөздер:

Өмір теңіз- онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне жақсы төреші бола алады.

Кімде- кім өз бойындағы адамды зерттеп білмесе, өзгені терең тануға ешқашан қол жеткізе алмайды.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- ол басқа адамдармен қарым-қатынасы.

Қатысушылар: мектеп ұжымындағы жас мамандар.

Жүргізуші: сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі сабағымыз «Әрбір жан өз бақытының шебері» деп аталады. Яғни, өз-өзіне сенімділікті арттыруға бағытталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев жырлағандай:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне құлық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

  1. «Мен өзімді.. мақтаймын» жаттығуы

Мақсаты: танысу, өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру.

Нұсқау: әрбір қатысушы өз есімімен қоса есімінің алғашқы әрпі бойынша өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Мысалы: Ақмарал- ақққкөңіл.

  1. «Менің әлемім»

Мақсаты: Өмірлік құндылықтар туралы ойларын ортаға салу.

Нұсқау: әр бөлік - бұл жеке әлем мекені:

Ұсыңыстар әлемі (өмірлік ережелеріңіз, өмірлік қағидаларыңыз, өзіңіздің ғажайып ойларыңыз, мақсаттарыңыз)

Адамдар әлемі (өзіңізге ой қалдырған таныс, бейтаныс адамдар, тірі және өмірден өткен адамдардың ең жоғары ерекшеліктері)

Заттар әлемі (сіздің өміріңізге аса қажетті заттар)

  1. «Слон, Пальма,Бык» жаттығу

Мақсаты: тез шешім қабылдауға, шапшандыққа бағыттау.

Жүргізуші барлық қимылдарды өзі көрсетіп шығады. Әр жануарды қимылмен 3 қатысушы көрсете алады. Қатысушылар шеңбер бойынша тұрады, ал жүргізуші ортада тұрып қолымен қатысушыны нұсқайды және жануардың атын атайды. Әрі қарай ортаға шатаспай тез арада жануарды қимылмен көрсетеді. Ал сол және оң жағындағы қатысушылар көмектеседі. Ойын қызықты болу үшін жүргізуші ойынды тез әрі жылдам орындаған дұрыс.

  1. Жағдаяттан жол тауып шығу :

Ұстаздық жолда талай қиналасың,

Қиналасың, артынан жол табасың

Күтпеген жағдайларға кез боп талай

Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы адамсың.

1-жағдай: ата-аналар жиналысында Сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата-ана Сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыззз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?

2-жағдай: оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескерттін қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба?

3-жағдай: оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

4-жағдай: сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз?

  1. Сұраққа жауап

Ұстазсың ба, болуың керек жан-жақты,

Кездестіресің өмірде талай сұрақты

Білімділік керек саған, жас ұстаз

Жылдамырақ тауып көрші жауапты.

  • Оқушылардың халықтық педагогикамен тәрбиелеуге негізделген бағдарламаның аты қандай? Атамекен бағдарламасы
  • Шоқанның шын аты кім?Мұхамедқанафия
  • Мемлекеттік бас құжат не?Конституция
  • “Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі” ол не?Сызғыш
  • Әлемнің кереметі нешеу?7
  • Жол сілтер жұлдыз қалай аталады?Жеті қарақшы
  • “Көп түкірсе не болады?Көл
  • Қазақ алфавитінің негізін салушы кім?А.Байтұрсынов
  • “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасынан туған ән?Елім-ай
  • Абайдың шын аты кім?Ибраhим
  1. “Өзіңді білгің келсе” Сурет салу. Әр қатысушыға ақ парақ қағазы беріледі, сол қағазға олар «Күн, тау,үй,ағаш,қапшық,жол, сақина,гүл,жылан» суретін салуы керек.
  2. Бір-бірлеріне тілек айту.

Өз жандарыңызда отырған қызметтестеріңізге тілек айтып, ары қарай жалғасады.

Категория: Психологу
20.04.2017 18:26


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!