СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шығармашылық есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығармашылық есебі

Мен, Хасенова Жұлдыз Жумагельдиевна

білімім: жоғары, бітірген оқу орным: «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК 2015ж.

« Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі »

Жалпы еңбек өтілім: 22 жыл

Педагогикалық еңбек өтілім: 22 жыл

Біліктілікті көтеру курсы: 12.06.2015ж. ИПК Қарағанды қаласында

Менің педагогикалық ұстанымым:

“Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Ақылың мен білімің екі жақтан”

Абай Құнанбаев.

Жеке әдістемелік тақырыбым: « Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту.»

Педагогикалық мақсатым: Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.

Педагогикалық тұжырымдамам: Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру.

Менің жұмыс жасайтын мәселем:

1. Әріптестеріммен үнемі тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істеу.

2. Оқушыларды өз бетінше білім алуға дайындау…

Жұмыс жүйемнің негізі: ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.

Іс-тәжірибемде бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда венн диаграммасы, бес жол өлең, суретті сызбалар, дидактикалық ойындар т.б. Жұмыс жасау барысында оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.

Кез-келген сабақта ыңғайлы түртіп алу әдісін үнемі қолданамын. Осының нәтижесінде оқушылардың ізденісі мен шығармашылығы дамып отырады. Баланың логикасын, ойынын ұшқырлау мақсатында сканвордтар мен суретті кросвордтар, суретті тапсырмалар дайндалып, сабақта қолданамын. Әсіресе бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың маңызы өте зор. Оларды да сабақ барысында қолдану басты мақсаттарымның бірі.

Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым –тек білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Әсіресе оқушыларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына көбірек назар аударамын. Оқушыларымды әр түрлі сайыс, олимпиадаларға қатыстырып отырамын. Ісіміз нәтижесіз де емес.

  • 2015 жылы өткен Адам және табиғат (ЧИП) сайыстарына қатысты.
  • 2015 жылы Облыстық «Парасат» зияткерлік марафонында бесінші орынға Медетова Арайлым,Жайсанбаева Дильназ,Смағұл Диас марапатталды.
  • 2015 жылы «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтан өткен математика пәні олимпиадасынан 3 орынға Медетова Арайлым,Жайсанбаева Дильназ ие болды.
  • 2015 жылы «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтан өткен дүниетану пәні олимпиадасынан 3 орынға Смағұл Диас,Жанкина Жанель ие болды.
  • 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай сыртай өткізілген « Менің Президентім менің тілектерім» тақырыбындағы Республикалық байқаудың «Эссе» номинациясы бойынша Жанкина Жанель сертификатпен марапаталды.
  • 2015 жылы «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» республикалық нтернет-байқауына Медетова Арайлым қатысып, сертификатпен марапаталды. Мектепішілік бірнеше сайыстарға да қатынасады.
  • 2016 жылы өткен Адам және табиғат (ЧИП) сайыстарына Медетова Арайлым, Жанкина Жанель қатысты.
  • «Ғылым әлеміне қадамдар 2016» атты оқушылардың ІІ мектептік ғылыми-тәжірибелік конференциясына Жанкина Жанель «Балдың пайдасы және емдік қасиеті»тақырыбында ғылыми жоба қорғап 1-ші орынға ие болды.

Жаңадан келген Қабылжанов Дастан деген оқушы 1-сынып бағдарламасын дұрыс меңгермеген.Ол оқушыны төмен оқитын оқушыны есебіне алып, сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарында келесі тапсырмалар қолданылады:

- карточкамен жұмыс

- ауызша есептеуге

-арифметикалық диктант

-тест

Оқушы ауызша жауап беруде жазбаша жұмыстарында жіберілген қателеріне сараптама жасалып, қателіктерді жоюға назарын аударып, ықпал жасалады.

Сабақ барысында міндетті түрде тақырыптың негізгі элементтерін қалай түсінгенін қадағалап отырамын.

Оқушының әлі де болса математикадан алған білімдерін кеңейтіп, білім, білік дағды іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, математикалық меңгерту, оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамытуда көптеген жұмыстар, жеке тапсырмалар, күнделікті бақылауларды қажет етеді. Оқушының ой-өрісін, сөйлеу сауаттылығы мен тіл байлықтары жағынан да бірқатар еңбектену керек. Келешекте осы оқушымен қосымша сабақтарды жалғастырып, оқушылардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс істейтін боламын.

Педагогикалық жолда тек осы істермен шектелмей, интернет жүйесінде де өз тәжірибеммен алмасып, өзге әріптестеріммен қарым қатынас жасаймын. Өзімнің жеке сайтым да бар. Интернет желісіне сабақтарымды, баяндамаларымды салып, өзге де әріптестеріммен бөлісемін. Бірнеше сертификаттарым да бар.

  • 2015 жылы 9 шілдеде «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Республикалық ғылыми- әдістемелік конференциясында «Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында мақала жарияланды.
  • 2015 жылы 23 қазанда «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы педагогтің рөлі:сытрттай өткізілген Республикалық ғылыми- практкалық конференциясының мақалалар жинағына «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында мақала жарияланды.Сертификатпен марапаталды.

Мектептегі тәрбие жұмыстарын жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамыту. Дені сау, ұлттық сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімді, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау.

«Әліппе –білім бастауы», «Жайдарлы күз,алтын күз» тақырыбында өткен,«Табиғатты аялай біл», «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы», «Туған тілім айбыным», «Ата заңым ардағым » атты тәрбие сағаттары жоғары дәрежеде аталып өтілді.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді адан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол. Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.

14.02.2017 20:20


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!