СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыни ойлау арқылы оқушылардың ой еркіндігін шыңдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру – адам ресурстарын дамытудағы түйінді мәселе. Азаматтардың әл-ауқаты, олардың қоғамда өз орындарын табуы мен таныта білуі, алған білім сапасына, оның әркеттілігіне, заманауи деңгейіне, нарық сұраныстарына сәйкестігіне байланысты.Білім беру туралы Заңның 41-бабының талаптарына сәйкес, мұғалім міндетті түрде оқушылардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім деңгейін көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс,-делінген.Осының бәрі білім жүйесінде жаңа педагогикалық технологияды қарқынды өндіруді қажет етеді. Сондықтан да білім нәрімен сусындату мақсатында ізденіп, зерттеп, әр түрлі әдебиет, журналдардан педагог-әдіскерлердің, ғалымдардың, жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін жан-жақты талдап, зерттей бастайсың. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда «Оқу мен жазу» арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын ұтымды пайдалану, оқытудың шығармашылық сипатын күшейте түсуіне маңызы зор екеніне тоқталғым келеді.Педагогикалық іс-тәжірибемде оқушының сын тұрғысынан ойлап, қағазға түсіру дағдысын қалыптастыруда бірнеше стратегиялардың тиімді екеніне көз жеткізіп келемін. Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанымен сынау, сын айту, мінеу деген түсінікті бермейді. Бұл –шыңдалған ойлау үлгісі. Сыни ойлау- өзіндік және жеке ойлау. Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады. Мәселені өз бетінше шешуді қамтамасыз етеді. Сыни ойлау – екінші жағынан әлеуметтік ойлау болып табылады. Себебі бұл деңгейде ойлау үшін белгілі әлеуметтік қатынастар орындалуы тиіс. Мысалы: пікірді ашық айту, сынамау, шыдамдылық, бірлесе ойланып, бірігіп шешім қабылдау т.б. Сыни ойлауды дамыту жобасының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Ойлау да оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі, шын ойды айтатын құбылыс. Сыншыл ойлауды мазмұннан тыс үйретуге болмайды. Сын тұрғысынан ойлауды оқушыларға мектеп бағдарламасының мазмұнынан, күнделікті мектеп өмірінен бөлек аса жақсы үйретілмейді. Сын тұрғысынан ойлау оқушы тәжірибесінің белгілі бір мазмұны, күтілген нәтижеcі, күнделікті тұрмыс тіршілігі негізіне қатысты қаралса, онда ол аса ұтымды түрде үйретіледі.

Сын тұрғысынан ойлауды ынталандыратын мүмкіндікті туғызатын іс-шаралар төмендегілер: 1. сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру керек, қолайлы мүмкіндік жасау керек. 2. оқушыларға ойланып-толғануға рұқсат берілуі керек. 3. әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабыл алыңыз. 4. сабақтағы оқушылардың екпінді ісін қолдаңыз. 5.әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіріңіз. 6. сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз. Жоба үш фазадан тұрады Жобаның 3 фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: Қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныс.Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызмет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі. Үйрену процесі фазаларының қысқаша суреттемесі қүрылымның мағынасы мен оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады. Алғашқы фаза, Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды. Қызығушылықты ояту- оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілетін тақырыпқа енетініндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады. Дәстүрлі оқытуда Қызығушылықты ояту фазасы көбіне қалып кетіп жатады. Мұғалімдер оқушылар мектепке дайындалып келеді деп ойлаулары мүмкін. Кейде солай болады, бірақ көп жағдайларда ең алдымен не күтілетінін анықтап, оқушының қызығушылығын оятып алып, бұрынғы құрылым мен білімді санасына сіңдіріп, тек сосын ғана ары қарай үйренетіндей орта құру керек. Тіпті, үйренуге дайындықпен келгендері үшін де Қызығушылықты ояту фазасы ұзақ, әрі мағыналы оқудың қажетті психологиялық негізін салады. Бұл фазасы үйрену процесін алға жылжытуға бағытталған. Ал, Мағынаны тану фазасы болса, жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу,бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай қайсысы болмасын, осы 2 фаза оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен кездестіреді. Бұл фазадағы оқушының негізгі міндеті – мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет. Мағынаны тану фазасында оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет. Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан,мазмұнды болып,шындыққа ұласуы, үшін бұрынғы мәлметтерімен жаңа мәліметті біріктіре алуда уақытпен құрылыммен қамтамасыз ету-осы фазаның мақсаты. Бұл фаза саналы талқылаулар білімді тәжербиеде қолдану, жаңа идеалар мен ұғымдарды жинақтаумен,мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зеріттеуге бастауға шақырумен айғақталды. Бұл-үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт. Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыста отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Оқушылар осы процеске жетпейінше олардың үйренетіндері-бар болғаны біреудің идеясы немесе сенімі. Мәліметті басқаның идеялар «патшалығынан» бөліп алу арқылы ғана өзіндік етуге болады. Шын мәнінде,көптеген үйренушілер үшін жаңа мәлімет бұрынғы үйренгендеріне мүлде қарама-қайшы болуы мүмкін. Өзара жақсы идеялар үйренушіге ой толғаныссыз саналы түрде жете қоймайды. Оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқауды ұйымдастырудың механизмі ретінде қызмет атқарады. Бұл мұғалімдердің өз сабақтарында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектескен стратегияларды біріктіре алатын үлгі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады, білім сапалары көтеріледі, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ойлауға, талдау жасап, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді. Стратегияларды қолданғанда мұғалімнің де, оқушының да рөлдері өзгереді. Жоба бойынша балаға білім дайын күйінде берілмей, білімді өзі игеріп, талпыныс жасайды. Сабақ барысында тек жұмыс жасап қана қоймай, өздігінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуімізге жол ашты. Жазу-өзіндік түсінік. Бастапқыдай емес оқушылардың жазбаларында ойланудың табы сезіледі, енді олар мұғалім үшін емес, өздері үшін жазатын болғандай, ішкі жан дүниесіне үңілгендей. Оқыту мен тәрбиелеу ісінде үнемі дәстүрлі педагогикадан «бағдарлама бойынша» білім беруден менің оқушыларым мені қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын прогрессивті педагогикаға ұмтылдыра отырып, сабақты ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеуге талпындырады. Бұл іс-әрекет өз идеялары мен күштерін ізгілікті мақсатқа жетуге бағытталған қабілетті, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге көмектеседі деп есептеймін.

01.03.2017 13:53


Рекомендуем курсы ПК и ПП