СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Технология пәнін оқытуда әдістемелік технологияларды пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология пәнін оқытуда әдістемелік технологияларды пайдалану

Кіріспе

Оқытудың жаңа түрі орта білім беруді әрі қарай оқудың,мамандық алу мен өмірде табысқа жетудің негізгі болып табылады. Мектеп түлектері әрі қарай оқу мен өздігінен білім алуды қалыптастыратын,нарық экономикасы жағдайында олардың бәсекеге қабілеттілігі факторы болып табылатын сапалы білім алулары керек. Республиканың дамуына жаңаша қарқын беруді қамтамасыз етуге және оның әлемінің бәсекеге қабілетті 50 елдің біріне айналуына бағытталған.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

« Білім беру реформасы –Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкідік беретін маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне сәйкес,қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет»деп айтылған.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып,әлемдік білім кеңестігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар-адамды қоғамның ең маңызды құндылығы шығармашылық әлеуетінің,танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді.Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп,оқытудың шығармашылық қызметін дымытып,білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерде телекоммуникацияның және ақпараттық технологияның өзгеруіне байланысты технологиялық революция жүруде. Сондықтан қазіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және жоспарлай білуді,жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жас ұрпақтың заман талабына сай бір емес. Бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді,ал оған дайындық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.

Еңбекке баулу — мұғалімнің оқушыларға техникалық,технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын,балаларды перспективалық технологиямен таныстырып,олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы,бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға,сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұгалім тарапынан техникалық- технологиялық мағұлмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады.Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын,мазмұнын,құрылымын жоспарлайды,оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:

— Сабақтың тақырыбы (оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктітің көлемін қамтиды);

— Сабақтың мақсаты ( білім,тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады);

— Материялдық-техникалық базасы(жабдықтар,саймандар,материалдар,көрнекі құралдар,технологиялық карталар);

— Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке,еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар.Бұл әсіресе жас өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді.Технология пәні бойынша оқушыларға кең көлемде білім бере отырып,олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге,белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.Қазір көптеген мектептерде ірілі-ұсақты темір,ағаш өңдейтін станоктар бар.Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету керек.Еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады.Сол үшін мұғалім оқушылардың физикадан,математикадан,сызудан,суреттен алған білімдерін пайдаланатынын ескереді.

Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:

— еңбек обьектілерін таңдау;

— материалдық-техникалық базаны нығайту;

— санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау;

— ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау;

— нәтижелерді бақылау,есепке алу;

— оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру;

— көрмелер ұйымдастыру.

Оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірбиесінде жұмысты топ жетекшілері атқарады. Олардың қызметі-топтың еңбек процесін ұйымдастыру,сапаны бақылау,талдау.Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін бағалайды.Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардың орындалуына ерекше назарда ұстау керек.

Сондықтан :

— сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-өндірістік-санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты ережелер мен нұсқамалар;

— талапқа сай аспаптармен жұмыс істеу.

Технология сабағы, оқушыларды еңбекке баулу сабағы олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми-техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс.Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс.Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану керек.Оқушылардың жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол қарапайым болғаны дұрыс.

Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа,өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін,жаңа тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен кірісетін және алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады.Бұл топқа сурет салуға,жалпы өнерге бейімділігі бар оқушылар жатады.

Екінші топқа,өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан қысылады және не істерін білместен жұмыстарын тоқтатады.Мұндай оқушыларға көбірек көңіл бөліп,оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту керек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын жетістіктерін атап өтіп,жұмысқа деген құлшынысын ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп,олардың жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын айтып,көңілдерін көтеріп отыру керек.

Үшінші топқа,өз мүмкіндіктерін бағалай алмайтын оқушылар жатады.Олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды.Олар кез келген жұмысқа белсенді және сеніммен кіріседі.

Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойламастан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан,өздеріне басқа жұмыс беруін өтінеді.Егер мұғалім басқа жұмыс бермесе,жұмыс істеуін тоқтатады.Бұл жағдай жұмыс істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін.Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты беріп алғашқы қиындықтар кездескенде мұғалімді шақырулары тиіс екендігін түсіндіреді.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі –оқушылардың үш тоқсан бойы алған білімдерінің және төртінші тоқсанда орындаған шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін қорыту.Мұғалім оқушылардың бойына еңбек сүйгіштік қасиетін және еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Мұғалім оқушыларды еңбектенуге,алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі тиіс. Мұғалім оқушыларды ептілікке,аспаптармен жұмыс істей білуге,бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді.Жұмыс кезінде бір-біріне көмектесу керетігін түсіндіреді.Технология сабағында оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады.Неге десеңіз,әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс.Мұғалімнің басты міндеті-оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру.Оқушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық ұйымдастыру,техникалық-экономикалық дайындық пен психологиялық-педагогикалық талаптар сияқты шарттар орындалуы тиіс.

Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге қойылатын талаптар:

-еркін тақырып бойынша оқушылар таңдап алған жұмыс процесін басқару;

-жұмыстың ұжымдык,топтық және жеке түрлерін жолға қою,оқушыларды қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету;

-жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық нормалар мен қауіпсіздікті сақтау;

-оқушылардың ой-өрісін үнемі кеңейтіп отыру.

Басты талап материалдық-техникалық базаны дайындау болып табылады:

— еңбек құралдарын,өңделетін материал мен оның технологиялық процесін оңтайлы таңдау;

— оқушы еңбегін тиімді жабдықтау;

— жұмыс орнын тиімді жабдықтау;

— оқушы еңбегінің мазмұны.

Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық элементтеріне жатады.

— еңбекті ұйымдастыру формаларын таңдау;

— еңбекке үйрету әдістері мен жолдары;

— оқушылар еңбегін ұйымдастыру.

Мұғалім сарамандық жұмысты оқу- әдістемелік материалдардың көмегімен өткізуі тиіс.Бұл үшін ол қосымша әдебиеттерді,бағдарламаларды пайдалануы және әр

түрлі ғылыми негіздер мен еңбеккеүйрету бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке алу керек.

Ол үшін мыналар қажет:

— жаңа жарияланымдарды пайдалану;

— оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп шеберханасының жабдықталуын есепке алу;

— жұмысты алдын ала жоспарлау (еңбек құралдарын таңдау,жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың нақты жоспарын жасау);

— еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік іс-шаралармен үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Жалпы білім беретін саладағы технология пәнінің бір міндеті-оқушылардың табиғатқа және табиғи байлыққа күтіммен қарай білуі мен қатар оқу-еңбек қызметінде белсенді экологиялық бағыт ұстануын тәрбиелеу.

Осыған байланысты еңбек сабағындағы құс ұясының және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды жасатудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.

Бұл еңбек процесінде 5 сынып оқушылары технология пәнімен,оның шарттарымен алғаш ретте танысады.Сондықтан,осы бұйымдардың эскизін,технологиялық картасын сызудың ережелерін сақтай отырып орындайды.

Оқушылардың еңбекке баулудың жолы сан алуан.Соның бірі-оқушыларға экономикалық тұрғыдан білім беру.

Экономикалық білім берудің бастауы-үнем мен ұқыптылық.Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде қарауға,еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге,табыс пен пайданы анықтай алуға үйретеді.Оқушыларға тапқан табысты кәдеге жаратуды,қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек.Сондай-ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру шарт.

Мектепте еңбекке үйрету апталығын өткізуге болады.Бұл іс-шара сыныптан тыс жұмыстың маңызын арттырып,оқушыларды ынталандырады.

Мектептегі бейнелеу өнері,еңбекке баулу,технология пәндері оқушының өнер жолындағы талпынысына,ізденісіне жол көрсетеді,өмірден әсемдікті таба білуге, көзбен көргенді есте сақтауға және қиялдану қабілетінің дамуына,шығармашылықпен жұмыс жасау жолына,қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімдеп,кәсіптік бағдар береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне енуде.Білім беру жүйесінің моделі өмір талабына қарай өзгеруде.Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру және дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді,қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын,білімді,шығармашылыққа бейім,құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Олардың білімділігіде,біліктілігіде,саналы да сапалы азамат боп жетілуі мұғалімге тікелей байланысты.Демек,өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып,шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.Жаңа формация педагогы рухани байлығы мол,жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек.

06.02.2018 12:59


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!