СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Заманауи ақпараттық–коммуникациялық технологияның маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертеңгі күннің бүгінгіден де гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлестіру және жаңа қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол кезде. өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Білімді болумен қатар ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында өз біліміңді қажетіңе пайдалана білу – өте маңызды. Білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін тиімді қолдану креативті қызмет етуді талап етеді. Оқытушы ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы студенттермен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндікке ие болады. Мультимедиа кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі мол. 1. Оқытушы студент білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді. 2.Студент жеке жұмыс жасау арқылы өз белсенділігін арттырады. 3. Оқытушы дәрісханадағы студенттердің жағдайын және, әрбір студенттің қабілетін байқап жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. Әлбетте, пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу- сапалы білімнің қайнар көзі болады. Интернет жүйесі арқылы оқыту студенттердың өзара ақпарат алмасуын жеделдетеді., танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылығын ұлғайтып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Студенттердың мұндай қабілеттерін дамыту, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын, әрине, оқытушы екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде оқытушы тек басшылық жасап ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін жетілдіруде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы ерекше. Білім жүйесін ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының қарыштаған кезеңінде осы заманға сай терең білімді, әрі жоғары білікті жұмысшы мамандарын дайындау- оқытушының басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Категория: Всем учителям
24.02.2023 12:09


Рекомендуем курсы ПК и ПП