СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жаңа жылдық мереке"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жыл мерекесі.

Менің ақылдым сол, жаным сол. Ояндың ба, тұрдың ба?

Ұйқышы: Мен қалғимын, есінеймін,

Барлығыңа ұйықта деймін.

Қыста ұйқы тәтті ғой,

Ұйқың келсе ұйықтай ғой.

/жастығын салып ұйқыға кетеді/

Мыстан: тоқта, тоқта. Сен не істеп жатырсың? Мен сені көмекке шақырсам, ал сен ұйықтайын деп жатырсың ба? /Оятады/ Бұның не тұр! Осы қызбен не істесем екен. / Қатты ысқырады. Қыз одан сайын қорылдайды. Сол кезде құлағына қоңырау сағатты тосады. Қыз шошып оянады./

Ұйқышы: Көмектесіңдер, құтқарыңдар! /Шыршаның артына тығылады/

Мыстан: Балалардың мерекесінің шырқын бұзайық. Өйткені олар бізді мерекеге шақырған жоқ.

Ұйқышы: Қазір мен баолығын ұйықтатып тастайын. / балаларға қарап есінеп, бірдене деп сыбырлап, ұйықтатып тастайды./

Мыстан: Қолын уқалап, жарайсың қызым, енді шырша шамдары да жанбайды. Қане барлығың тараңдар./ Ата аналарға қарап/

Жүргізуші: Мен көмкке Аяз атаны шақырайын. /Есік жақа қарап айқайлайды./

Аяз ата: Бұл кім? Мені шақырып жатқан. /Мысықтан мен Ұйқышы шырша артына тығылады./

Жүргізуші: Аяз ата, Мыстан мен Ұйқышы балаларды ұйықтатып, мерекені бұзбақшы.

Мыстан: Тұтығып, жоқ-жоқ біз емес.

Аяз ата: Қане балалар, оятыңдар! Әйтпесе қазір қатырып тастамаймын. / таяғымен нұқып/.

Мыстан мен Ұйқышы: Қазір оятамыз. Кітапты да қайтарамыз. /Шығып кетеді./

Аяз ата: шыршаға қарап орман жалмауыздарымен жүргенде шыршаның шамдарын жағуға ұмытып кетіппін ғой. Менің сиқырлы қолғаптарым қайда?

/Сандықтан қолғаптарын алып киеді./

Қолғабыммен шапалақтап бір ұрам,

Таяқпенен шапалақтап екі ұрам.

Аяғыммен шапалақтап үш ұрам,

Шыршаның да шамдарын жандырам. /Балалар қайталайды/

Аяз ата: Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр ау демалғым.

Жүргізуші: Алыс – алыс жерден келдім,

Отыра ғой деміңді ал,

Мына тұрған балалардың.

Өнерін тыңдап құлақ сал.

Ән: Аяз ата.

  1. Тауда туып, тауда өскен. Шырша келді ортаға, Қандай жақсы шыршамыз. Ән шырқайық баршамыз.
  2. Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса Жаңа жылда ертегі, Келе ме, біздің бақшаға.
  3. Не ойлайсың жаңа жылда, Орындалады бар арман. Жаңа жылды сондықтан, Күтеді барлық балақан.
  4. Шаттық жыр, шаттық жыр, Дидарында шаттық жыр, Аяз ата ортада. Арқасында қапшық жүр.
  5. Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.

Би: «Шырша»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы би биледіңдер. Сандыққа қолын салып сылдырмақты алады.

Ойыншыққа қараңдар,

Сылдырмақты соғыңдар.

Дыбыстайды сыңғырлап,

Дили,дили,дили деп.

Ал енді қане балалар ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Ойын; «Қолғап».

Ойын аяқталып жатқанда жақсы әннің сүйемелдеуімен қолына кітап ұстап Ақшақар кіріп келеді.

Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты, күлмепті.

Уа, халайық, той бүгін бақыт, шаттық мол бүгін.

Таусылмайды бұл тойдың.

Дүбірі мен дүрмегі,

Келе міне балалар,

Ақшақардың өзі де.

Ақшақар: Амансың ба, ұлдарым.

Амансың ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем түрлерің.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Қош келдің, Ақшақар. Бізге келгеніңе өте қуаныштымыз. Ризашылығымызды білдіріп, бір ән орындайық.

Ән: «Тамаша»

Ақшақар: Рахмет балалар. Атамыз екеуіміз біраз көңілденіп қалдық. Мерекеге келе жатқанда жолда Мыстан мен Ұйқышыны көрдім. Мына кітапты беріп жіберді.

Аяз ата: Дұрыс қызым, алғаның жақсы болды. Ол кітапты Мыстан балардан алып қойыпты. Ішінде жақсы ертегілері бар екен.

Ақшақар: Кейіпкерлері тірілуі үшін бір ән орындасаңдар қайтеді.

Жүргізуші: Олай болса «Ертегілер» әнін орындайық.

Ән: «Ертегілер»

Әуен ойналып ортаға қасқыр мен Қызыл телпек келеді.

Қасқыр: Қызыл телпек, не әктіп бара жатырсыңдар?

Қызыл телпек: Барлығынан кішкенеден.

Қасқыр: Қайда бара жатырсың?

Қызыл телпек: Әжеме бара жатырмын.

Қасқыр: Мүмкін отырып дем аларсың?

Қызыл телпек: Жоқ- жоқ мен өте асығыспын.

Қасқыр: Онда мен шығарып салайын.

Қызыл телпек: Жоқ- жоқ өзім барамын.

Қасқыр: Әкең сенің кім еді?

Қызыл телпек: Менің әкем орманда,

Қақпан құрып жүреді.

Шебер атады мылтықты,

Аңшылықты сүйеді.

Кездесерсің онымен,

Күте тұр қазір келеді.

Қасқыр: Жоқ достым, мен асығыспын.

Әкеңе сәлем айта бар.

Әуенмен Буратина мен Золушка, мысық пен Мольвина шығады.

Мысық: Достарым мен мысықпын,

Жалтылдаған етігім

Ақылдымын, батылмын.

Балалардың досымын.

Золушка: Күлмен пешке үйренген,

Күлдіқыз деген мен болам.

Өте қиын болса да,

Жыламаймын ешқашан.

Шыдаймын да күлемін,

Бақытты болам білемін.

Бәріңді жақсы көремін.

Мальвина: Мен Мальвина боламын,

Өте нәзік баламын.

Қарабастан қорқуды,

Бүгіннен бастап қоямын.

Буратина: Мені жақсы білесіңдер,

Мұрнымды алыстан көресіңдер.

Сан оқиға өткердім.

Алтын кілтті әкелдім.

Би: «Пираты»

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар біздің балар сіздерге тақпақ оқып бергісі келеді.

Ақшақар: Ал балар келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Барымызды, әнімізді,

Аямаймыз сенен біз.

Сынашы ата біздерді,

Бәрімізде өнерліміз.

  1. Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.

  1. Көрдің бе Аяз атаны, Аппақ екен сақалы. Аппақ екен мұрты да, Аппақ екен шапаны.
  2. Сағынған Аяз атаны, Оралды міне тағы да. Билеп өлең айтамыз, Бізге сыйлық береді.
  3. Аяз ата келеді, Тамашаны көреді. Риза болып қуанып, Бізге сыйлық береді.
  4. Келді тағы Жаңа жыл, Қуантумен біздерді. Құтты болсын қуаныш Құттықтаймыз сіздерді.
  5. Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді, Бізге қарай жылыстап.
  6. Өлең де әзір, ән де әзір, Ойында да, бәрі әзір, Кел Жаңа жыл біздерге. Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
  7. Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңалық ізде сен. Жаңа ән, жаңа жыр. Жазып бер бізге сен.
  8. Жаңа жыл, Жаңа жыл. Не әкелдің сен бізге, Жаңадан көк сырлы,

Үйлерг кіргейсің.

Ән: «Жаңа жыл»

Ақшақар: балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын, түгелдей тілегімізді айтайық.

Ар бол Жаңа жыл, бар бол Жаңа жыл.

Қадамыңыз құтты болсын, Жаңа жыл.

Аяз ата: Ал айналайын Жаңа жыл. Келген қадамың құтты болсын. Мына менің балаларым, бір өзіңе аманат. Жаңа жыл бол, дария нұр бол.

Жаңа жыл: Айтқаныңызды орындаймыз.

Жүргізуші: Жасыл шырша жанында,

Көңілдіміз баршамыз.

Ән салуға би билеуге,

Балалар дайын қашанда.

Би: /барлық балардың орындауында/

Аяз ата: Мен біраз дем алдым. Арқа басым кеңіп, ашу- аязым кетіп барады.

Алыс- алыс жерлерде, өздеріңдей балар күтып отыр.

Ақшақар: тұра тұр ата, баларға әкелген сыйлығыңыз ше?

Аяз ата: сандықшадан кішкентай сыйлық алып шығады.

Жүргізуші: Аяз ата бұл сыйлығыңыз өте кішкентай. Барлық баларға жетпейді ғой.

Аяз ата: Онда бұл сыйлықты үлкен қылайын./ Қолын үрлеп уқалайды/

Ақшақар: шыршаның артынан үлкен сыйлықты алып шығады.

Аяз ата: Ал немерем кетейік енді. Сау болыңдар балалар, қонақтар. Келесі жылы кездескенше.

Балалар: Сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз.

Ол кеткен соң терең ойға батамыз,

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда.

Құс жолымен әнді салып барамыз.

Құрметті қонақтар, балалар келе жатқан Жаңа жыл баршамызға құт береке,

молшылық әкелсін. Ал біз ертеңгілігімізді әсем әнмен аяқтаймыз.

Ән: «Жаңа жылым»

23.03.2018 22:34


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!