СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңартылған білім және үштілді Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған білім және үштілді Қазақстан

ХХІ ғасыр – білім мен интеллект ғасыры. Соған сәйкес, мемлекетіміз де жаңаруға қарай нық қадам басты. Бай-бақуатты елдердің қатарына қарай ақырындап жылжып келеміз. Еліміз алдымен экономикасын еңсеріп алуды міндет етіп қойды. Сол мақсатта мемлекетіміз білім-ғылым саласын көтеруді көздеп отыр. Бұл - бізге түбегейлі нәтижелі өзгеріс әкелетін жаңашылдық. Тәуелсіздіктің туын ұстағалы жиырма жылға жуықтап қалғалы білім саласында біршама дамулар орын алды. Әрине, соның бірі де бірегейі – қазіргі таңда қолданысқа еніп жатқан жаңартылған білім мазмұны. Оның оңтайлы әрі ұтымды тұсы өте көп. Ондағы ұсынылған жеті модуль – мұғалімнің жеті көмекші құралы іспеттес. Жаңартылған білімнің негізінде жетілдірілген әдістемелердің барлығы баланың ойлау қабілетінің дамуына негізделген. Бала еркін ой айту, өз көзқарасын жеткізу, пікір алмасу, тақырыпты талдап-таразылау сияқты еркін іс-әрекетке жүгіну арқылы білім деңгейін көтеруге мүмкіндік алады. Өзгеріске бағалау жүйесі де енген. Бала екі түрлі жолмен бағаланады: бірі – қалыптастырушы, екіншісі – жиынтық бағалау. Мұндай бағалау жүйесі Жапония, Сингапур, Франция секілді дамыған елдерде қолданылады. Әлемдегі осынау алдыңғы қатарлы мемлекеттер секілді еліміздегі білім жүйесін жетілдіру арқылы жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру – басты мақсатымыз. Осы тұста мұғалімдерге артылар жүк те ауыр. Озық тәжірибені жетік меңгеру, педагогикалық жаңалықтармен танысу, соған сәйкесінше әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ даярлау міндеті ұстаздарға жүктеліп отыр. Әрине, мұндай биік талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім тынбай ізденіс үстінде болуы тиіс, өз шеберлігін шыңдай отырып, кәсіби деңгейге жеткізуі керек.

Инновациялық өзгеріс қашанда оң нәтиже берген. Әсіресе, білім саласындағы заманауи технологиялармен қатар ғылыми жетілдірілген әдіс-тәсілдерді қолдану - оқушының танымдық көзқарасын арттырып қана қоймай, шығармашылыққа икемділігін дамытып, жан-жақты тұлға қалыптастыруына септігін тигізеді. Жаңартылған білім тек озық технологиялармен жұмыс істеуге негізделген. Ол мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді. Жаңа бағдарламаның мәні баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жатыр. «Функционалдық сауаттылық» терминінің мағынасына үңілсек, ол – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу және сол ортаға барынша тез бейімделе алу, қарым-қатынас жасай алу қабілеті. Бір сөзбен айтқанда, бала бойындағы қарым-қатынас деңгейінің көрсеткіші. Яғни, оқушы мектеп қабырғасында алған білім нәрін өз өмірінде де ары қарай қолдана алуы шарт. Білімнің қажеттілігі де осыдан туындаса керек.

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Модернизация» деген сөздің өзі француз тілінен аударғанда – жаңғырту деген мағынаны білдіреді. Ол дегеніміз - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағылардың деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты. Үштілділік – осы жүйе барысында жүзеге асырылып жатқан бірден бір дүние. Елбасымыздың өз мақаласында айтылған: «Жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей» деген сөзі осыған дәлел. Себебі, ағылшын тілі – халықаралық деңгейдегі тіл. Әлемдегі ең көп таралған және қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі ретінде пайдаланылса, одан басқа да көптеген мемлекеттерде ресми тіл болып саналады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып есептеледі. Сондықтан, мұны меңгерген қазақ баласы ешқашан әлемнен тысқары қала алмайды.

Мемлекет ішінде қолданыста жүретін тағы бір тіл барын білеміз. Ол, әрине, орыс тілі. Абай атамыз «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады» - демеп пе еді?! Расында, жаманынан қашып, жақсысын алғанда тұрған не бар дейсіз?! Орыс тілі – мемлекетіміздің ресми тілі. Ол ғылым мен мәдениеттің, техниканың тілі. Ана тілімізден кейін екінші орында тұр. Елімізде ана тілімізбен бірге әу бастан келе жатқан сөйлеу құралы. Демек, оны қолданыс қатарынан шығарып тастау қажеттілігі бізге әлі туған жоқ. Тек, өз тіліміздің осы шет тілдердің көлеңкесінде қалып қоймауы – ең басты шарт болып саналады. Себебі, ең алдыңғы қатарда өз тіліміз – ана тілі тұрады. Қазақ тілі үш тілдің бірі ғана емес, бастысы болып қала бермек. Шет тілін үйрену деген сөз – өз тілімізді елемеу деген емес. Ағылшын, орыс тілдері ана тілімізге үстемдік жасай алады деген ойға орын жоқ, болған да емес. Ана тілімізді ұмытсақ, біздің ел болудан қалғанымыз. Себебі, орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің: «Өз туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі бар. Жер бетінде, адамша емес, жәндікше өмір сүруден асқан бақытсыздық бар ма?! Ұлтымыз үшін тіліміздің мәртебесі қашан да жоғары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген Қадыр Мырзалиев ағамыздың айтқанын жерге тастайтын халық емеспіз. Қазақ тілі – мемлекеттің тілі, ұлттың тілі, бабалар тілі. Біздің тіліміз – біздің басты байлығымыз. Сондықтан өз тіліміздің бағасы қашан да биік.

Шынында да, тіл білгеннің айыбы жоқ. Әсіресе, ол ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың қатарынан болса. Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз кезінде жетпістен аса тіл білген ғұлама еді. Соның арқасында 150-ге жуық ғылыми еңбек жазды. Осыдан-ақ тілдің – рухани құндылық, ұлттық мұра, өшпейтін, өлмейтін, ұрпақтан ұрпаққа өтетін мәдени азық екенін байқауға болады. Тіл арқылы біз өзімізді танимыз, өмір сүреміз, қарым-қатынас орнатамыз, өткенді бағдарлаймыз, болашақты болжаймыз. Тіліміз – тұнып тұрған тарих, әдебиет, өнер. Сондықтан да, үштілділік жайында мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатының бағыты оң екеніне еш шүбәміз жоқ. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Үш тіл – мемлекеттің үш тұғыры, тұғырымыз түзу әрі тік болса, мемлекетіміз де нық тұратыны айдан анық.

«Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті, іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды» дейді Елбасымыз. Расында, біз алға жылжымай, бір орында қала берсек, көз алдымызда болып жатқан әлемдік жаңалықтардан құр қалған болар едік. Тәуелсіздік алған жылдардың басындағы деңгейімізден биіктемеген болар едік. Бүгінгі күні қаншама белестерді бағындырған ел атандық. Дамыған мемлекеттердің деңгейіне қадам басудамыз. Алдағы уақытта латын әліпбиіне толықтай көшеміз деген жоспар тұр. Оны да сәтімен орындауға кірісіп жатырмыз. Жазу-сызуымыздағы өзгеріс елімізді тек алға қарай сүйремесе, артқа қарай шегіндермек емес. Елбасы айтқандай, ағылшын тілін онсыз да мектеп қабырғасында үйреніп жүрген жас ұрпақты латын әліпбиіне бейімдеу аса қиындық туғыза қоймайтыны рас. Латын әліпбиі еліміздің өркениетті елдердің қатарына енуімізге жол ашады. Бірден үйренісеміз деу қиын, әрине, дегенмен уақыты келе оған да оңтайланатынымыз анық. Ел игілігі үшін жасалынатын қандай да бір дүние болса, біздер сол дүниеге бейімделуіміз шарт. Себебі, еліміздің жарқын болашағы – ұрпағымыздың жарқын өмірі. Мектеп партасына отырған оқушының міндеті – оқу болса, білім реформаларын дамыту және жүйелеу – мемлекеттің міндеті. Ал сол екі ортадағы көпір – білім ошақтары. Саналы да сапалы ұрпақ мектептерден шығады. Елбасы білім саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Сондықтан жас ұрпаққа білім беру жолында ел болып, кез келген салада көшбасшы бола алатын ұрпақ дайындап жатқанымызға кәміл сенімдімін.

16.05.2018 19:21


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!