СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 сынып "?ш би" ана тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Затты? санын білдіретін с?здер. “?ш би.”

Ма?саты:

Білімділік:Затты? санын білдіретін с?здер ?анша? неше? ??ымы туралы білімдерін пысы?тау. ?аза?ты? ?ш биі туралы ма?л?мат беру.

Дамытушылы?:Жатты?улар орындау ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілетін, с?здік ?орын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелілік:Отанын с?юге, ту?ан жерін, елін,хал?ын ?ор?ау?а т?рбиелеу.

К?рнекі-??ралдар: ?ш би суреті, с?ра?тар,

?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, , ??гімелеу

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і: т?гендеу, о?ушыларды? саба??а зейінін  аудару.

ІІ. Психологиялы? дайынды?:

-Екі к?з не ?шін керек?

– Барлы? жа?сылы?ты к?ру ?шін.

-Екі ??ла? не ?шін керек?

-А?ыл-ке?ес ты?дау ?шін.

-Екі ?ол не ?шін керек?

-Елге к?мек беру  ?шін.

-Екі ая? не ?шін керек?

Просмотр содержимого документа
«1 сынып "?ш би" ана тілі»

Бекітемін:

Тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. “Үш би.”

Мақсаты:

Білімділік:Заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? Ұғымы туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Отанын сүюге, туған жерін, елін,халқын қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: үш би суреті, сұрақтар,

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, , әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

– Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру  үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.

а)Өлеңмен жұмыс.

«Домалақ ана» өлеңін пысықтап оқыту немесе жатқа сұрау.

ә)Ережелерді қайталау.

– Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер кімнің және ненің атын білдіреді?Мысал келтірейік.

– Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?Мысал келтірейік.

-Не істеді?Не қылды? Қайтті?сұрақтарына жауап беретін сөздер  нені   білдіреді?Мысал келтірейік.

-Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың  несін білдіреді?Мысал келтірейік.

-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?Мысал келтірейік.

ІІІ. Мақсат қою.

(Сан есімді пысықтау)

– Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4)

– Қазір қай мезгіл? (көктем)

– Көктем айлары нешеу? (3)

– Сен нешінші сыныпта оқисың? (бірінші)

– Жасың нешеде? (сегізде)

– Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)

– Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? (Қанша? Неше? Нешінші?)

– Ендеше балалар бүгін біз сендермен заттың санын білдіретін сөздерге арналған жаттығу жұмысын орындаймыз.

б) 136- жаттығу.(жазбаша) Сандарды сөзбен жазу.

11,12,13,14

Үлгі: он бір, …

2.Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.

в) 138- жаттығу. Көп нүктенің орнына аптаның нешінші күні екенін жазыңдар.(ауызша)

Аптаның нешінші күнін білдіретін сөзді тап.

Дүйсенбі-аптаның бірінші күні.

Сейсенбі-… … … .

Сәрсенбі-… … … .

Бейсенбі-… … … .

Жұма-… … … .

Сенбі-… … … .

V. Жаңа сабақ.

– Бүгін біз сендермен Үш би.

Мұғалімнің қысқаша мағлұмат беруі:

Төле би ақылды,әділ адам болған.

Қаздауысты Қазыбек би тапқыр,батыл,шешен атанған.

Әйтек би шешендігіне қоса,ел басқарған.

Қазақтың бұл үш биі-халық қамын ойлаған адамдар.

VI.Оқулықпен жұмыс.

Н. Оразалиннің «Үш би» өлеңін оқиық.

1. Өлеңді мұғалімнің оқып беруі.

2. Оқушыларға оқыту: дауыстап тізбектей оқыту, іштей оқу.

Өлеңнің ішінде заттың санын білдіретін сөзді табыңдар?

3. Сұрақ- жауап арқылы тауып оқып, қорыту.

-Төле би мен Қазыбек,Әйтеке биді-кім дейді?

-Еліне қандай болған?

-Көліне қандай болған?

-Жеріне не болған?

-Кімнің туын ұстаған?

-Кімнің намысын ұштаған?

-Қасиетті үш бабамызды қалың қазақ кім деп тұтар?

-Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?

VIІ.Сергіту сәті.

5.Мақал оқыту,түсіндіру.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

-Батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

– Шешен деп кімді айтамыз?

– Батыр деп кімді айтамыз?

Сан есім ережесін, сұрақтарын қайталау.

ІХ. Қорыту

-Біз нені білдік?

-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? Мысал келтір.

– Келешекте нені білгіміз келеді?

– Сан есімнің түрлерін.

Х. Бағалау.Мадақтау.

ХІ. Үйге:

«Үш би» өлеңін жаттау.

в) 137- жаттығу.(ауызша)1.Сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Атың кім?

2. Неше жастасың?

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы:Махамбеттің тапқырлығы
Сабақтың мақсаты: 

Заттың санын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау;Сөйлем ішіне заттың санын білдіретін сөздерді таба білуді үйрету;«Махамбеттің тапқырлығы» мәтінімен танысу, оқу, талдау.
Дамытушылығы: оқушылардың шапшаң ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика
Көрнекілігі: слайд, махамбеттің суреті, сандар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Үш би» өлеңін оқыту;
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс
139-жаттығу
а) «Санамақты» оқыту
ә) Неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.
Оқушыларға сандар туралы тақпақ, жұмбақ, мақал, санамақтар айтқызу.
ІҮ. Көркем жазу минуты. Көру диктанты
Суретте: 3 оқушы, 2 көжек, 4 балапан, 5 көбелек, 1 мысық.
Ү. Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу
Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп, түсті тағы біреуі,
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (8)
ҮІ. Карточкамен жұмыс
Сан есімдерді табу. Мақал-мәтелдер
1. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
2. Тойған жерге тоғыз кел.
3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
ҮІІІ. Махамбеттің өмірбаянымен таныстыру.
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ

1804-1846 Батыс Қазақстан облысы,Орда ауданы,Нарын құмында дүниеге келген.

Халық батыры,ақын,патшаға қарсы күреседі 
ІХ. Мәтінді оқу.
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту және рөлге бөліп оқыту.
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу, сұрақтарға жауап алу.
-Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?
-Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?
-Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?
-Тергеуші неге қайтып кетті?
«Сөз сүйектен өтеді» мақалын оқу,мағынасын түсіндіру.
Х. Сабақ қорытындысы.
- Суретте не берілген?
Заттың атын,қимылын,санын,сынын білдіретін сөздер 

Сұрақтарға жауап береді?
АТЫ ҚИМЫЛЫ СЫНЫ САНЫ
Кім? Не істеді? Қандай? Неше?
Бала ойнады үлкен бес

ХІІ. Үйге тапсырма.Мәтінді оқу. 140-жаттығу
ХІІІ. Бағалау. Балаларды мадақтау.



























































Пәні:  Сауат ашу. 1-сынып. Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Санамақ. Заттың санын білдіретін сөздер.

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік:  заттың санын білдіретін сөздер мен санамақтар айтып үйрену, түрлерін білу;

Дамытушылық: топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

Білімділік: бірлесіп жұмыс жасауға баулу; 

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақта психологиялық көңіл күй орнату.

-Екі көзің не үшін керек?

-Құлақ деген не үшін керек?

-Екі қолың не үшін керек?

Онда, әрқашанда бір-бірімізге  көмекке келуге дайын болып, сабағымызды бастаймыз.

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына іс- қимылды көрсетіп айтады.                                                  

-Жақсыларды көру үшін.                                             

        -Ақыл-кеңес тыңдау үшін!                                                  

  - Елге көмек беру үшін!

-Балалар, сабақтың басында мен заттың санын білдіріп тұрған сөздерді қолдандым ба? Қандай?

-Бұл сөзді басқа сөзбен алмастыруға бола ма?

-Ол сөздерге қандай сұрақтар қоясыңдар? Мысал келтіріңдер.

Осы сөздерді біз қай сабақта жиі қолданамыз?

 Ендеше математика пәнінен де білімдеріңді тексерейік. Осы амалдардың мәндерін тауып, өсу ретімен әріптерді қойып жасырылған сөзді табайық. Өрнектерді  шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Тақырыпқа шығу.

-Санамақ дегеніміз не? Кім біледі?

-Сендер қандай санамақтарды білесіңдер?

Оқушылар жауап беріп, мысалдар келтіреді.

Оқушылар өрнектердің мәнін тауып, сабақтың тақырыбын айтады

Оқушылар әліппеден кейінгі кезеңінде танысқан санамақты еске түсіреді.

«Білу»

-Балалар, тақтадағы бейнежазбаға көңіл аударайық.

 -Сонымен, балалар неге ойнай алмайтын болды?

-Ойын ойнайтын кезде, ойынды кім бастайды? Ал бұны қалай анықтайсыңдар? Санамақтың қандай маңызы бар? Демек санамақ ойынның бастаушысын анықтауға көмектеседі.

Санамақтың түрлерімен таныстыру.

Санамақ түрлері:

1.Саусақ санамақ.

2.Сан санамақ.

3.Ұлттық санамақ.

4.Күн санамақ.

5.Тағы да басқа.

Оқушылар бейнежазбаны көреді.

жауап беріп, өздері білетін санамақтарды айтады.

«Түсіну»  Оқулықтағы «Санамақ» өлеңімен таныстыру.

 Өздері білетін санамақ арқылы бастаушыны анықтап, жұппен оқиды. Бұл санамақтың қай түріне жатады? Сөздік жұмыс жүргізу. Санамақта заттың санын білдіріп тұрған сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу.

Оқушылар санамақты мәнерлеп оқып, не туралы екенін айтады. Мағынасын түсінбеген сөздердің мағынасын ашу.

 Санамақты осылай айтуға болады ма екен?

1-рет айтқанда кідіріс жасап, 2-рет айтқанда қарамен жазылған сөздерді бір оқушыға тоқтап айтамын.

Алма /кетті /домалап/

Көше/ бойын /жағалап

Кім /алманы /табады

Сол/ ойыннан /шығады.

-Демек, санамақта ЫРҒАҚ  болады.

Сергіту сәті 

Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы 140-жаттығу.

Оқушылар тыңдап, өздері қорытынды шығарады.

Ырғақ деген сөзбен және оның мағынасымен танысады.

Оқушылар әнді айтып, қимылын көрсетеді.

Өлеңді оқып,  көшіріп жазып, Неше? сұрағына жаап беретін сөзді табады.

 «Жалғасын тап» ойынын ойнату. Тақтадағы сандарға байланысты санамақтың жалғасын табу.

Оқушылар сандарға ұйқастырып сөздерді табады.

Бындардан сөз құрау. КҮ-ШІК, Е-КІ-БАС-ТҰЗ, АЛ-ТЫН, БІР-ЛІК

Оқушылар  осы сөздерден заттың санын білдіретін сандарды табады. Сөйлем құрастырады.

Оқушылар өз  ойларын дәлелдеп айтып береді.

Бүгін сабақта не білдім?

Не қиын болды? Сабақта не ұнады?




















Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер. а+9,а-9,а-0,а+0.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға өрнектер а+9,а-9,а-0,а+0 тақырыбын меңгертіледі.Білім білік дағдылары қалыптасады.

Дамытушылығы:Оқушылардың ой өрісін,логикалық ойлау қабілетері дамытылады.

Тәрбиелігі: Әдептілікке,ұйымшылдыққа бірін –бірін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі:кесте,суреттер,үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Психологиялық  дайындық

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш,

Білімнен біз қашпаймыз

Математика сабағын бастаймыз

ә)Өткен сабақты еске түсіру.

б)Өткен сабақ бойынша білімін анықтау.

ІІ Тұсау кесер.  /сабақтың тақырыбын ашу/

а)Топтың атын сұрақ қою арқылы қою.

5=5

Теңдік

54

теңсіздік

5+4

өрнек

ІІІ Жаңа сабақ

Математикалық   диктант

1+9=10                 9+0=99

10-9=1 9-0=9               98

Бүгінгі математикалық диктантымызда қай санды көбірек жаздың 9.Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:  Өрнектер:а+9,а-9,а+0,а-0

№1 Кестенің толтырылуын түсіндіру

№2 Топпен жұмыс

Аулада 3 сары гүл және 5 қызыл гүл өсіп тұр. Аулада неше сары гүл өсіп тұр?

Бұл есеп пе?  /Жоқ бұл есеп емес/

Неліктен?  /Себебі есепте бір нақты нәрсені табамыз/

Мәтінді есепке айналдырып оны шығарыңдар. Берілген шартқа сәйкес қандай сұрақтар қоюға болады?

3 топқа 3түрлі шарт беріп есепті шығарту

1-топқа

Сары гүл-3

Қызыл гүл- 5    ? артық

Шешуі:5-3=2

Жауабы: қызыл гүлдің 2-еуі артық

2-топқа

Сары гүл-3         ? кем

Қызыл гүл-5

Шешуі: 5-3=2

Жауабы: сары гүлдің 2-еуі кем

3-топ

Сары гүл-3                       - ?

Қызыл гүл- 5

Шешуі: 3+5=8

Жауабы: аулада барлығы 8 гүл өсіп тұр

Сергіту сәті:

1,2,3  1,2,3

Ал, қанеки ұш!

4,5,6,7   4,5,6,7

Мынау ауыл шеті

8,9,10   8,9,10

Ал қанеки қон.

№3 Кестені толтыру және түсіндіру.Қорытынды жасау.

Санға 0-ді қосқанда санның өзі шығады,

Саннан 0-ді алғанда санның өзі шығады.

№4 Жеке жұмыс

9 - а

9-9=0                 9-0=9

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Бүгін не үйрендің?

а/Кері байланыс: терек ағашына өз ойларын жазу

ә/ Үйге тапсырма беру №5

б/ Бағалау

























Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.
Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: суреттер,кеспе есептер
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық икем.
Қонақ күту – салтымыз,
Оқып, біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз
І - бөлім: «Ойлан тап» (Өткенді пысықтау).
Үй тапсырмасын оқытып тексеру. «Ұшақтың жолын анықта».

ІІ - бөлім. (Жаңа сабақ).
Оқулықтың 167 - бетіндегі тапсырмалар.
Кестені толтырамыз.
(Оқушылар ауызша орындап толтырады).
Көркем жазу
03 03
178*
2. а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а - ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және мәні ең кіші санды өрнектерді жаз.
(Өрнек құрады, мәні үлкен және ең кіші санды өрнекті жазады).
а+1
а = 9 
а= 0 
9+1=10
0+1=1

Есепті шығар.
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: 10 ағаш


Мына амалдарды орындап нені табасың: 6+4, 6 - 4?
(Оқушылар есепті оқып талдайды, шартын құрып, шешуін табады, есепті шығарады. Сұрақ бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады).

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
4. Сандардың құрамын көрсет.
(Ауызша орындалады, оқушылар бір - бірден санның құрамын атайды).

Логикалық тапсырмалар
Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 –
2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды?
3. Сен, мен және біз. Нешеуміз?
4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші?
Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі?

Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма:5 есеп





















Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы

Сабақтың мақсаты: 1 Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту.
2 Оқушыларға жануарлардың көктемгі және қысқы қуанышы мен қиындығын мысалмен дәлелдеу.
3 Оқушылардың жануарларға жанашырлықтарын ояту, табиғатты аялауға баулу.
Әдісі. Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ жауап.
Көрнекілік. Суреттер, карточка.
Пәнаралық байланыс. Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.

2 Ой қозғау.
- Біз өткен сабақта қандай тақырыпты үйрендік?
- Бунақденелілер жануарлар сүтқоректілер олардың түрлері, мекендеу ортасы.
- Бунақденелілердің түрлерін кім атайды?
- Шыбын, ара,
- Жануарларды ата?
- Қасқыр, түлкі, аю.
К - 1
Үй құстары туралы әңгімеле?
Үй құстары қолда бағылады. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті, мамығы үшін өсіріледі. Мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады.
К - 2
Қандай үй құстарын білесің?
Тауық, қаз, күркетауық, үйрек.
К - 3
Жабайы аңдарды ата?
Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Қасқыр, аю, түлкі, қоян.
К - 4
Үй жануарлары дегеніміз не?
Жануарлар тобының екінші түрі үйде бағылады. Үй жануарларын мал деп те атайды.
К - 5
Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?
Оқулықтан үйге берілген тапсырманы сұрау.

Үй тапсырмасын бекіту. Бәйге ойыны.
1. Сүтқоректі жануар деп неге атайды?
2. Құстар неше топқа бөлінеді?
Жабайы және үй құстары.
3. Жабайы аңдарды ата?
Түлкі, қасқыр.
4. Үй жануарларын ата?
Жұмбақтар.
5. Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды кісіні. «Түлкі»
6. Адамға серік,
Күзетке берік. «Ит»
3. Қыс және көктем айларын сұрау арқылы, жаңа сабақты бастау.
Оқулықпен жұмыс.
Берілген мәтінді оқу.
Оқушыларды шынжырлап оқыту.

Сергіту сәті.
Дәптер мен жұмыс.
Әдемі жазу да өнер.
Аюдың баласы - қонжық.
Түлкінің баласы - күшік.
Қасқырдың баласы - бөлтірік.
Бұғы мен бұланның баласы - бұзауқан.
Еліктің баласы - лақ.
4. Қорытынды.
1Суреттегі жануарлар туралы әңгімелеу.
1. Түлкі өз жануарларын қалай қорғайды?
2Тиін қандай азық қорын жинайды?
3Аю қашан оянады?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Жануарлардың көктемгі тіршілігі.
Оқып, түсінігін айту











Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Пішінді оқып үйрену

 Сабақтың мақсаты:

     1. Білімділік: Заттардың  пішіні  мен өлшемі туралы түсініктерін қалыптастыру;

     2. Дамытушылық:  Заттардың  ұқсастығы мен  айырмашылығын анықтай  алуға үйрету  ( түсі,пішіні, өлшемі  бойынша); заттарды  санауға  жаттықтыру.

      3. Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, тазалыққа  баулу.

     Сабақтың  әдісі:  Әңгімелеу, сұрақ-жауап

     Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әдебиеттік оқу.

    Сабақтың  көрнекіліктері: жол  белгілері,   әр түрлі заттар,

    Сабақтың  барысы:  

І . Ұйымдастыру кезеңі

    Психологиялық  дайындық.

     «Армысың досым,

     Кел, маған қосыл.

     Алақанға салып  алақан,

     Шеңберге бірге  тұрайық  (қолдарынан ұстайды)

     Жер шарындай айналып,

     Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

     Қолымызды көтеріп, күннің  нұрын алайық  (қолдарын көкке созады).

     Ортамызда күн нұры,

     Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

    ІІ. Тірек  білімдерін жетілдіру.

    Ауызша   жұмыс  жүргізу  үшін  түрлі -түрлі  суреттер  дайындау. Мысалы:  3 түсті доп (үлкен, кіші ), 3 түрлі сызғыш (ұзын, қысқа),  3 түрлі текше т.б.

Әр затты  сипаттап беру.

      IІІ. Жаңа  материалмен  жұмыс. 

      Мұғалім бірдей  пішіндегі 2-3 затты  көрсетіп, оқушыларға заттарды, олардың  ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды, осындай пішіндегі заттарды  қоршаған  ортадан табуды ұсынады.

      Геометриялық  фигуралармен жұмыс. Мұғалім әртүрлі  геометриялық  фигуралардың  ішінен дөңгелек, тіктөртбұрыш, шаршы пішіндегі  фигураларды  көрсетуге сұрайды.

       Егер  оқушылар  тапсырманы жеңіл орындаса,   ары қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы:  «Фигуралардың  арасынан  кішкентай жасыл емес фигураны тауып көрсет», т. б. Әр  оқушы өз  нұсқасын ұсынады,өз пікірін  дәлелдейді.  Мұндай тапсырмалар оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады, ойлау процестерінің,  тілдерінің  дамуына  көмектеседі.

      ІV. Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма заттың пішіні туралы түсініктерін нақтылау мақсатын көздейді.   Алдымен  көшеде  жүру ережесі  туралы  әңгіме  жүргізіледі, содан соң жол белгілеріне, олардың  пішіндеріне көңіл аударылады.

Сұрақтар:

-Қандай  машиналар бейнеленген?

-Олардың  қайсысын  үлкен деп айтуға  болады?

-Жолдан кім өтіп барады?

-Жолдан қалай  өту  керек?

-Кішкентай  баланы  жолдан кім  өткізу  керек?

      №2 заттардың  пішіні  туралы білімдерін анықтау.

 Белгінің  өзі, оның  бекітілген тұғыры  қандай екенін қарау керек. Барлық  үшбұрыштарды (шаршыларды, дөңгелектерді) санаудыц  ұсынып, тапсырманы орындау.

     №3 тапсырма  заттардың  пішіні, өлшемі  туралы білімдерін бекітуге  арналған.  Мұғалім  алдымен  көліктердің дөңгелегі нешеу екенін, содан соң жеке тұрған дөңгелектерді  санайды. Оқушылар  жауаптарын дәлелдей  тырып, машиналарға , велосипедке дөңгелектер  таңдайды.

     №4 тапсырма бақылағыштықтарын дамытуға, заттардың  пішінін айыра білу дағдыларын бекітуге берілген.

-Шаршы пішінді зат нешеу?

-Дөңгелек пішінді  нешеу?

-Шам мен  матрешканы алмұрт  пішінді  деп  айтуға  болады. мұндай  заттардан  нешеу  бейнеленген?

Фигуралардың  екі  тобын  салыстыру.

«Өрнек  құр», «Артық фигураны тап» т.б.  ойын  түрлерін  жүргізуге  болады.

   VI. Сергіту  сәті

    Отырайық  жүрелеп,

    Гүлді үзіп алайық.

    Орнымыздан  тұрайық,

   VIIІ. Өтілген  материалмен  жұмыс  жүргізу.

    №3тапсырма .  «Сиқырлы суреттер»  қиялдарын дамытуға, графикалық және санау дағдыларын жетілдіруге арналған.  Оқушыларға фигураның пішінің анықтау, қоршаған ортада     қандай заттар  осындай пішінге не екенін табуға  тапсырма беріледі.  Осы  заттарды   аяқтап  салу  ұсынылады.

    №4 тапсырма «үлкен  және  кіші»  тақырыбын  қайталауға  мүмкіндік  береді.   «Кімнің  қолшатыры»  сызық арқылы  қосу.

    ІХ.Сабақтың  қорытындысы.

   -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

   -Сабақта  не істедік?

   -Қандай  тапсырма қиын  болды?