Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев тақырыбына ҰОҚ»
Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі
Өткізу күні:
Бала саны:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Ұлы даланың Ұлы есімдері»
Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең - жырларын, дұрыс түсіне білуге бір - бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, шығармалар мазмұны бойынша өсиет - өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулыққа қарсы шығу, Отанды және елді қадірлеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: көрсету, айту, түсіндіру, көрініс қою.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Абайдың суреті, көрініске байланысты қарға мен түлкінің атрибуттары. Жыл мезгілдерінің суреттері
1.Ұйымдастырушылық ізденіс:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін аптаның нешінші күні?
– Бесінші күн. Жұма.
– Жұма күнін қалай атаймыз?
Балалар: – «Үлкен жұма» – қасиетті, киелі күн ол күні өзімізді тәртіпті, мейірімді етіп ұстаймыз. Қатты сөйлемейміз, ұрыспаймыз.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар. Жұма күні бұрынғы ата - бабаларымызды еске аламыз.
Ал, бүгінгі жұма күнді біз Абай атамызға арнаймыз.
– Балалар, мен сендерге бір өлең оқып берейін мұқият тыңдаңдар.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
– Балалар, бұл кімнің өлеңі?
– Абай атаның өлеңі
– Дұрыс айтасыңдар.
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Абай атаны көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: – Абай атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Әкесінің аты Құнанбай. Шешесінің аты Ұлжан. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған. Тәрбиеші: Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: 4 мезгіл. Қыс, көктем, жаз, күз.
– Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көрінісі бейнеленген.
– Қане, осы өлеңдерін есімізге түсіріп жіберейік.
Жыл мезгілдері:
Қыс - құнар береді
Көктем - дән себеді
Жаз - бастап өсірсе
Күз - жинап береді
Сергіту сәті:
Балалар адамдар, аңдар, құстар, шыбын - шіркейлер бәрі - бәрі тамақсыз өмір сүре алмайды. Тамақ табу үшін еңбек ету керек. Адамдар мал өсіреді, егін егеді, жеміс - жидек, көкөніс отырғызады, оларды күтіп баптайды. Жануарлар да жазда қыстық қоректерін әзірлейді, қысқа дайындалады. Еңбек етсең ғана қарның тояды. Осы еңбекке байланысты қандай мақал - мәтел білеміз?
Назым: Еңбек түбі – береке.
Кім еңбек етсе – сол тоқ.
Айша: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Ойын: Кім жылдам
3.Қорытынды:
Абай атамыздың өсиетін орындап, үлкен азамат болу біздің міндетіміз.
«Ұлы даланың Ұлы есімдері»
Тәрбиешілер : Сыздкова А.М.Капарова Ш.А
Мақсаты: : Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең - жырларын, дұрыс түсіне білуге бір - бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, шығармалар мазмұны бойынша өсиет - өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулыққа қарсы шығу, Отанды және елді қадірлеуге үйрету.
«Мичурин орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Балапан» тобында - «Өлкетану» бағыты бойынша «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен «Ұлы даланың есімдері» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінде Абай Құнанбаевтың төрт жыл мезгілдеріне арнап шығарған өлеңдері оқылды. Жазушының өмірбаяны талқыланды, сонымен қатар презентация көрсетілді.
Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.
«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.