СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ақ қоян" жапсыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған орта және қыс туралы түсініктерін кеңейту, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту.

3.Оқыту – обучающая: шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету. Қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Ақ қоян" жапсыру»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Аппликация

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қыс мезгілі керемет !»

Тақырыбы/Тема: «Ақ қоян»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған орта және қыс туралы түсініктерін кеңейту, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту.

3.Оқыту – обучающая: шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету. Қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, бала саны бойынша шаршы, үлкен және кіші төртбұрыштар, қайшы.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс-зима, қоян-заяц.орман-лес


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Балалар бәріміз көзімізді жұмып,өзімізді орманда жүргендей елестетейік.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Орман қандай түске енген?-Жерде не жатыр?

-Ағаштардың басын не жапқан?

-Жарайсыңдар, балалар енді көзімізді ашайық.

-Балалар сендер қысқы орман туралы өте жақсы жауап бердіңдер.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?

Осы орманда өмір сүретін аңдарды қандай аңдар деп айтамыз?

-Қандай аңдар қыс мезгілінде ұйқыға кетеді?

-Өте жақсы, балалар, мен іздерді көріп тұрмын. Қане сендермен бір ойын ойнайық.

Д/о: «Қай аңның ізі»

Шарты: қай аңның ізі екенін және жасырынған аңды табады.

- Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл қоянның суреті екен.

-Не себептен қоян түсін өзгертеді ?

-Иә, балалар қоян қорқақ,сондықтан да қыста түсін ақ түске өзгертеді екен.

-Қоян қыста үйілген маялардың түбінде ,не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді.

Билингвалдық компонент: қыс-зима, қоян-заяц.орман-лес

Жарайсыңдар балалар, енді біз осы суреттегі қоянды ақ қағазға жапсырып көрейікші.

Балаларға қоянның жапсыру технологиясын түсіндіру.

- Ал енді денесіне қараңдаршы, денесі қандай пішінді?

- Басында несі бар?

- Құлағы қандай балалар?

Қоянның дене мүшелерін: басын шаршы дан дөңгелек, денесін үлкен төртбұрыштан сопақша, аяқтарын кіші төртбұрыштан сопақша жасап қиып алуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді.

Қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

1. Ұшы доғал қайшыны пайдалан.

2. Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.

3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.

4. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.

5. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп ,қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып –ытқып жүгірді.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Жеке жұмыс: Амирханға шаршыдан дөңгелек пішінді қиюды үйрету.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар біз қайда саяхатқа шықтық?

-Қысқы орманда қандай аңдар өмір сүреді екен?

-Қоян қандай аң?

- Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

-Топта нені жапсырдыңдар?

Балаларды мадақтау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!