СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ақиқаттың ақыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазақстанның Еңбек ері» атағының иегері, Қырғыз Республикасының Халық ақыны, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қазақ ақыны, драматургі Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

Просмотр содержимого документа
«Ақиқаттың ақыны»

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»



Бекітемін басшының ОӘЖ

жөніндегі орынбасары

_______ А.М.Қайырлиева
2022 ж. "____" ___________



Ақиқаттың ақыны «Қазақстанның Еңбек ері» атағының иегері, Қырғыз Республикасының Халық ақыны, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қазақ ақыны, драматургі Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш



Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы - Акишева З.И







Орал - 2022 жыл

Қаралды:

Тілдер ПЦК-сының төрайымы

_________ А. М. Мизамова

Хаттама № _____________

«__» __________ 2022 ж.












































Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ… Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек-ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.
Шыңғыс Айтматов
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;
Кештің көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы лебіздер, слайдтар жинағы, бейнеролик.
Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.
1– жүргізуші:
Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
2 – жүргізуші:
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы - Мұхтарымен бақытты.
1-жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар мен студенттер!

2-жүргізуші: - Қайырлы күн ағайын!

1-жүргізуші: - Халқымыз ақыннан кенде болған емес. Сонау XV ғасырлардағы жаужүрек жыраулардан бастап бүгінгі күнгі поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының бүкіл ақыл-ойы, сенім түйсігі, шаттығы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі ең алдымен, ақын жүрегіне жиналғаны байқалады. Олар өз Отанын сөзбен ғана емес, іспенде де, қарумен де қорғады.

2-жүргізуші: - Осындай жырауларымыздың қатарында Қазтуған, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Махамбеттерді айтатын болсақ, қазіргі заманымыздағы ақиқатты ашына айтар ақындарымыздың қатарында Мұхтар Шахановты атап өтуге болады.

1-жүргізуші: - Адам мен қоғам өзгерген заманда ақиқатты айту, бабаларымыздың «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағидасын берік ұстанып, қоғамның, үкіметтің, басшылардың кемшіліктерін дер кезінде байқап, үлкен азаматтық танытып жүрген ақындарымыздың бірегейі - Мұхтар Шаханов.

2-жүргізуші: - Бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын бүкіл әлем мойындаған Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ақиқаттың ақыны» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер !

1-жүргізіші: - Мұхтар ағамыздың поэзиясына кезек берместен бұрын, алдымен, ақын ағамыздың өмірімен кішкене танысып алайық.

2-жүргізуші: - Олай болса сөз кезегін 1курс оқушыларына берейік. Өмірінен мәлімет: Мұхамбетқали Ақниет.

1-жүргізуші: - Білесің бе Алішер ! Мұхтар сөзі араб тілінен аударғанда азат, білімді, таңдаулы деген мағыналарды білдіреді екен.

2-жүргізуші: - Онда Мұхтар ағамыз атына заты сай азамат болып өскен екен десек қателеспейміз ғой ?

1-жүргізуші: - Әрине қателеспейміз! Қазақ халқы ырымшыл халық қой ! Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы алғаш жарық көрген жылы дүниеге келген сәбиіне «Мұхтар Әуезовтей дана болсын» деген ырыммен әкесі Мұхтар қойған екен. Жасұлан Айбар (қысқаша мәлімет).

2-жүргізуші: - Ендеше, ақынның өзінің атының қалай қойылғандығын сыр шертетін «Мені неге Мұхтар қойған?» атты өлеңін Бисенғали Нұреділ оқуында тыңдайық.

1-жүргізуші : - Оқушылар естеріңде бар ма? Біз төменгі сыныпта Мұхтар ағаның қандай шығармасын оқыдық ?..

2-жүргізуші: - Иә, дұрыс айтасындар ! Олай болса осы «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар» дастаны немесе «Шыңғысханның қателігі » шығармасы.

1-курс студенті: «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар» дастаны туралы қысқаша мазмұны: Жолдасқали Санжар.

Келесі, «Отырар» дастанынан үзінді: Нәреш Ермухан.

1-жүргізуші: - Ақынның алғашқы өлеңдері туған жеріне, Отанына арналыпты. Енді осы өлеңдеріне кезек берейік!

«Төрт сәуле бар», оқитын: Рухоллиева Аружан.

Келесі, «Төрт ана » өлеңін оқитын: Кенжегалин Назгүл (қазақ тілінде). Ал, орыс тілінде орындайтын: Сатым Айдар, «Четыре матери». 1-жүргізуші: - М. Шахановтың анасы Ұмсын Айтбайқызы өмірге он үш перзент әкелген, олардың он екісі о дүниелік болып кеткен, аман қалғаны жалғыз Мұхтар ақын ғана. Бірақ Ұмсын апа "НЕШЕ БАЛАҢЫЗ БАР?" деп сұрағандарға ылғи да: "Перзентім үшеу. Үлкені Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы - Төлеген Айбергенов, кішісі - Мұқтар Шаханов" деп жауап береді екен. Өмірінің ақырына дейін Төлеген де, Шәмші де Ұмсын апаны өздерінің туған анасындай ардақтап, өзгеше құрметпен қарап өтіпті...

2-жүргізуші: - Мұхтар Шаханов сазгер Шәмші Қалдаяқовпен тығыз қарым-қатынаста болған. Шәмші ағаның бірнеше әндерінің сөзін жазған, атап өтетін болсақ: «Ақ бантик», «Туған күн кешінде», «Арыс жағасында», «Қуаныш вальсі» т.б.

1-жүргізуші: - Олай болса осы әндерінің бірін тыңдарман қауымға тарту етейік. Сөзін жазған – Мұхтар Шаханов, әні Шәмші Қалдаяқовтікі. «Арыс жағасында». Орындайтын - МГ311.1 топ студенті Исатай Даулет пен Серғали Тынышбек.

2-жүргізуші: - Мұхтар Шаханов – табиғатынан қайсарлығы басым ақын. Ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл – мекенсіз өлеңнің өзегіне итере алмайды. Соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды.

1-жүргізушы:- Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар аға ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер секілді. Қазақтың зиялы қауымында кімнің кім екенін анықтайтын 1986 жылдың желтоқсаны болған еді. Осындай бір қиын кезде құрбан болған жазықсыз жандардың жоқшысы болып, өз тағдырын қылыштың жүзіндей қатерге байлап, халақ назарының биігіне ақын Мұхтар Шаханов көтерілді.

2-жүргізуші: -Мұндай ерлікті тудырушы күш адамның өз халқына деген махаббатынан басқа ештеңе болуы мүмкін емес. Сонау поэзияға алғаш келгеннен бастап ел тағдырын жырлауға жалықпаған Мұхтар аға Желтоқсан оқиғасы туралы былайша жыр төкті.

«Желтоқсан тағылымы», орындайтын – Сыралыұлы Жанжүрек. «Желтоқсан алаңы», бейнероликке көңіл бөлелік. 1-жүргізуші:- Экологиялық апат туғызған Арал тағдыры да баршаңызға аян. Аралды құтқару тұрғысынан да ақын аянып қаламады. Арал қасіреті қаламгер қаламынан жыр болып өрілді. Ақынның «Арал қасіреті» өлеңін СТ211 топ студенті – Нұржанова Аида оқиды. 2-жүргізуші: Бақыт деген – сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің – деп, Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе? Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен? «Бақыт геометриясы» - Болатова Жанбота. 1-жүргізуші: «Олжас Сүлейменов - біздің халқымыздың дара перзенті, ұлы ақыны. Кеңестік - тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде ол ядролық сынақтарға қарсы батыл үн қосып, «Невада- Семей» қозғалысын құрды. Оның алдында «АЗ и Я» ктабымен ұлтымыздың рухын көтерді, ол еңбектерін ешкім де жоққа шығара алмайды»- дейді, Мұхтар Шаханов. Олжас Сүлейменовке арнаған мына өлең ақынның достықты қадірлей білетіндігінің айғағы іспеттес.
«Біз қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз» өлеңі – Бөлекбаева Анұр.
2-жүргізуші Ақын болу дегеніміз – тек қана өлең құрастырушы емес, мүлде басқа міндет екен. Ақын болу дегеніміз – бірінші кезекте өзіңді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, ғасырдың жаңбыры шайып, күні қақтаған жалаулы дәстүрін, қалаулы әдеп-ибасын, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу. Өз халқыңның қайғы-қуанышын тек өз қайғы –қуанышым деп таныған шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің. Өйткені, « Кім қаншама шексіз сүйсе отанын, оның тартар азабы да соншама», -дейді ақын. Келесі сөзді ақын поэзиясына береміз.
«Жалын» өлеңі, орындайтын – Байтоков Абзал. «Цемент» - Бисенғали Аңсар.
«Алтын, күміс және қалайы» - Ибрашева Меруерт.

1-жүргізуші: - Мұхтар ағамыздың әндерінің бірін тыңдарман қауымға тарту етейік. Сөзін және әнін жазған – Мұхтар Шаханов. «Гүлдәурен». Орындайтын: МГ-311 топ студенті – Жамбыл Мәсәлім.

2-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!











Әдеби-сазды кешімізді Халық қаһарманы - Қасым ҚАЙСЕНОВтің сөзімен қорытындылағым келеді: «Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов — ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегi Желтоқсан көтерiлiсi кезеңiнде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегi қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенiң алпауыттарына басын бәйгеге тiге отырып қарсы шыққан, сөйтiп, ұлтымызды үлкен әдiлетсiздiктен қорғап қалған осы жiгiт».

Ендігі еліміздің болашағы - жастарға айтар тілегім: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!