СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге тоқтала,оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің нұры,жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады,құстар жұмыртқалайды,балапан басып шығарады,оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар    (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға,айналадағы ортаға,туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін,қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар өызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп,балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке  де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап,табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын,жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі,алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін,қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар,адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға,ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа,жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық.Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен.

Яғни, адамзат өмір  бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек.

"Таза болса табиғат-аман болар адамзат,табиғат,сен-тіршілік тұнып тұрған,сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты шын ұқтырған",-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.Өйткені,адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса, адамның табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.

Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп,өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние,табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн,жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет".

"Ғаламның ғажайып көркі де сонда,сыры да сонда,мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту  -   әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі,табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ   табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап,анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат  адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын"  "  Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау   ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»»

Тақырыбы: Табиғатты аялайық

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!