Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру) Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік деп кеспе қағаздарға жазып таңдау арқылы топқа бөлу. Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. «Білу» І. Үй тапсырмасы. 1. Қайсысы алгоритмге жатпайды ? А) сызықтық В) бұйрықтық С) тармақталу Д) циклдік 2. Циклдік алгоритм дегеніміз: А) Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы В) іс-әрекеттің қойылған шартқа тәуелді алгоритм С) егер алгоритм тізбектеле орындалса Д) алгоритмнің графикалық түсіндірілуі 3. Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты ... жазылады. А) тіктөртбұрыш В) ромбта С) параллелограмда Д) алтыбұрышта Сұрақ-жауап: 1. Алгоритм түрлері атаңдар. 2. тармақталған және сызықтық алгоритмге анықтама беріңдер. 3. Тармақталған алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңдер. 4. Алгоритмді ережеге түрлендіріңдер: Басы Егер сөз түбірінді екпінсіз дауысты дыбыс кездессе Онда тексеру сөзін таңда Әйтпесе сөздіктен сөз тап Соңы. ІІІ. Жаңа сабақ. «Түсіну» Тәжірибелік жұмыстың орындалуын түсіндіру. Жұппен жұмыс жасау. «Қолдану» Оқулықпен жұмыс жасау. 71-бет Жұптық жұмыс Тапсырманы жұппен талдай отырып орындайды. Сергіту сәті. (жаңылпаш айтқызу) Сегіз көк өгізіміз де Өз өгізіміз. Семіз көк өгізіміз де Өз өгізіміз. Егіз көк өгізіміз де Өз өгізіміз. Өзге көп өгізіміз де Өз өгізіміз. ІV. «Талдау» Не қиындық туғызыды? V. «Жинақтау» Қорытынды. Не біліп, не үйрендік? Рефлексия. Жұппен жұмыс жасау, маған .... Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек. Үйге тапсырма. §12 (71 бет). 5 мысал келтіріп жазып келу.
|