СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алтын күз еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту.

Просмотр содержимого документа
«Алтын күз еліне саяхат»

Алтын күз еліне саяхат

Мақсаты:

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту.

Дамытушылық: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа, қызығушылыққа, еліктеуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Жапырақ, себет немесе шелек.Балалар әуенмен бір қатарға жарты шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келген екен, қане амандасайықшы.

Балалар: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды балабақшамыз.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Тәрбиешілер: Балалар, сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?

«Ертегілер еліне» барар жолымыз ұзақ, әрі кедергілері де бар. Қане бір қатармен жолға шығайық. Міне, алдымыздан ирелең жол шықты, жыланша жүріп өтейік. Ал енді алдымызда үңгір, енді үңгірден өтуіміз керек.

Тәрбиеші: Міне, балалар, «Ертегілер еліне» де келіп жеттік.(Айналадан құстың, судың дыбысы шығады)Балалар, қараңдаршы, «Ертегілер елінің» іші тып – тыныш, ағаштар сап – сары жапырақтар киген, неткен керемет әдемілік, Аңдар да көп екен, солай ма, балалар? Осы кезде Қызыл телпек келеді.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

Балалар: Сәлеметсіз бе?! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.

Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер, қане төрлетіңіздер. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі.

Қызыл телпек: Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай бар.

Қызыл телпек: Оларды кім атап береді?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Қызыл телпек: Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер мұқият тыңдап, шешіп көріңдер.

Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?

Балалар: Қоян.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. (Осы кезде қоян секіріп шығады.)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар.Мен қай ертегідегі қоянмын?

Балалар: «Айлакер қоян» ертегісіндегі қоянсың.

Қызыл телпек: Дұрыс, білесіңдер екен, ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып жүгірді.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге тағы да жұмбақ жасырайын, сендер шешіңдер.

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Бұл не, балалар?

Балалар: Аю. (Қорбаңдап аю келеді).

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар.

Балалар: Сәлеметсіз бе аю.

Аю: Сендер аю туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар: Алып батыр балпаңмын,

Ақ ниетім, дарханмын.

Басқа аңға тимеймін,

Балпаң – балпаң билеймін.

Сергіту сәті(Аюмен)

Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Орныңнан тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Енді бізді қушы.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар, балалар, мен сендерге тағы да ертегі жасырайын, сендер қай ертегі екенін таба білесіңдер ме?

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым.

Қояннан да қаштым,

Балалар, бұл қай ертегіден?

Балалар: «Бауырсақ» ертегісі.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар, сендер тақпақ та, ертегі кейіпкерлерін де біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Қызыл телпек, біздің балалар ертегі кейіпкерлерін ғана емес, тақпақтар да айта алады.

Балалар:




Нұрай

Уылжыған бүлдірген,

Әбден пісіп үлгерген.

Бірақ оның көйлекті,

Былғайтынын кім білген.

Бағлан

Торсиған бал уызға,

Кіп – кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға

Болса егер бала тап.

Жанель

Жазда өседі таңқурай,

Жемісін тер қалдырмай.

Апаң қақ та қайнатар,

Қыста керек нәр мұндай.

Али

Бал татитын құлпынай

Саған құмар құлпынай.

Жазда жылдам таусылмай,

Өсе берсе шіркін - ай.

Қ.Әлишер

Мен шиемін, шиемін.

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төммен басты иемін.

Мөлдір

Апорт дейтін алма бар,

Жер жаратын атағы.

Ондай алма қайда бар,

Алматы – оның Отаны.

Рустам

Қарашы апорт алманы,

Тұр бұтақтар ауырлап.

Әр алманың салмағы,

Кіші – гірім қауын нақ.

Е.Мақсат

Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем шіркін – ай.

Қарай бергің келеді,

Дүркін – дүркін, дүркін – ай!

Н.Мақсат

Ақ алма, қызыл алма,

жемедің бе?

Бұл неткен тәтті өзі

демедің бе?

А.Сара

Тұмау тисе қыс күні,

Көтерілсе ыстығың

Таңқурайдың қағымен

Ыстық шайды іш, күнім.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Рахмет.Ал енді сендермен ойын ойнап көрейік. Қазір ойнайтын ойынымыз «Жапырақ жинау» деп аталады.Ойынның шарты: Екі командаға бөлінеді. Жерде жатқан жапырақтарды қай команда көп әрі жылдам жинаса, сол команда жеңіске жетіп «Алтын күз елінің» жеңімпазы атанады.

Қызыл телпек: Қандай ақылды балалар, өте білімді де өнерлі екенсіңдер. Көп рахмет сендерге.

СОҢЫ: Балалар «Алтын күз елінің» кейіпкерлерімен би билейді.