СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Арыстан мен Тышқан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арыстан мен Тышқанның мысалы арқылы адам бойындағы мінез-құлықтарды байқау.

Просмотр содержимого документа
«Арыстан мен Тышқан»



Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің

«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Маждай Гулмариа



27.10.2016 жыл

4 сынып. Пәні: әдебиеттік оқу Мұғалімі: Маждай Гулмариа

Тақырыбы

С. Торайғыров «Арыстан мен тышқан»

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар. Оқу бағдарламасы.

Мақсаты

Міндеттері






Мысалдың мазмұнын ашу, саналы түсініп оқу.

  • Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтуға, көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.

  • Адамгершілікке, азаматтыққа баулу. Мейірімділікке баули отырып, зұлым, мейірімсіз, қатігез болудан аулақтау.

Түйінді идея

Адам бойындағы жақсы -жаман  қасиеттердің ара жігін ашып көрсету.

Оқыту нәтижесі

Балалар қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, рөлге бөліп оқу, сұрақ-жауап, талдау, іздену, дәлелдеу, өзіндік жұмыс,

шығармашылық тапсырмалар, топтық, СТО.

Пәнаралық байланысы: Дүниетану, қазақ тілі, әдебиет

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Бүгінгі сабақта үш топ білімдерін көрсетеді.

Күндей  жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Сабағымызды бастайық!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрап , бағалау, қорытындылау.

Оспанхан  Әубәкіров   «Ара мен Шыбын»  мысалы

І топ:  Мысалдағы түйінді ойды айт.

ІІ топ: «Ара мен Шыбын»  мысалын өз сөздерімен  сахналау

ІІІ топ  Осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдың?

-Балалар, бүгінгі оқып келген шығармаларың халық ауыз әдебиетінің қандай түріне жатады?    (Мысал)

– Мысал дегеніміз не?  (Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. )

– Мысалға нелер кейіпкер бола алады?   (Мысал шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады)

-Бұрын қандай  шығармалармен таныстық?

(А.Байтұрсынов «Аққу,Шортан һәм Шаян», А.Құнанбаев «Құмырсқа мен шегіртке», т.б)

Қазақ жазушыларының арқасында мысал жанры-қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр. Мысалды жазатын адамды сатирик – мысалшы деп атаймыз. Сатирик деп-адам бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны атаймыз.

Жаңа сабақ: Мағынаны тану: Тыңдалым (видео) «Тұлғаны танып біл»  стратегиясын қолдану.

Қысқаша дерек беру: С.Торайғыров – (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген-дарынды ақын әрі жазушы.

3 жасында шешесі қайтыс болып, әжесінің тәрбиесінде болған. Алғаш әкесінен оқу үйреніп, сосын ауыл молдасынан білім алған.1912 жылы Троцкідегі медресеге оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты оқи алмайды. Осы кезден бастап ақындық өнерге бет бұрып өлеңдер шығарады. 27 жыл өмір сүрседе, артына мол мұра қалдырған. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,..» деп жырлаған жалынды ақын мысалда жазған.

Адалдық                                                                                  Сыйластық

Қайрымдылық                                                                        Қамқорлық

Жанашырлық                                                                         Кішіпейілдік

Бүгін біз адам бойындағы жақсы -жаман  қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге, тәлімге толы  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.

Хронологиялық кесте толтыру

1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер? Арыстан –жыртқыш, ірі, аң патшасы , батыл , өте күшті , ұзақ жасайды , етпен қоректенеді, бірнеше жылда ұрпақ береді

2 топ.Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер? Тышқан- кеміргіш, ұсақ, жыл басы, өте қорқақ, өте әлсіз, көп өлімге душар болады,тағам талғамайды,көп балалайды

  1. топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Жануар

Мультфильм көрсете отырып, мәнерлеп оқу. (Тыңдалым) Бейне баянға назар аудару

Кітаппен жұмыс Іштей оқу. Рөлге бөліп оқу.

Сөздікпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Зиян- залал, зақым, кесірін тигізу.

Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.

Тақтамен жұмыс Бөліктерге бөліп ат қою

1   Арыстан мен Тышқанның кездесуі

2  Тышқанның  жалынуы

3  Арыстанның күштілігі

4  Тышқанның уәдесін орындауы

Сергіту сәті: «Австралия жаңбыры»

Мысалды оқи отырып, әр шумаққа сурет салу.
1 - топ – 1, 2 шумаққа;
2 - топ – 3, 4, 5 шумаққа;
3 - топ – 6, 7 шумаққа. .

Нақты сұрақ – дәл жауап.

  • Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?

  • Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?

  • Тышқан қалайша өлімнен құтылды?

  • Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?

  • Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді? Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі. Біреуге жақсылық қылсаң міндет етпе.

  • Концептуалдық кесте       

Р/с

 Шығарманың  аты

Кейіпкері

Қандай қасиеттерді бейнелейді?

 

 Ой-тұжырым

1


2

«Арыстан мен тышқан»

 Арыстан

 

Тышқан

Батыл, өр көкірек,

мақтаншақ;

Қорғансыз, қамқор, жақсылықты ұмытпайды.

Қайырымдылық,

жақсылық жасай білу, көмектесу

Түйін сөз Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.
Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!

Рефлексия . Саған сабақ ұнады ма?( Бағдаршамның түстерін пайдалану.)

Үйге тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқу; «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу. Бағалау