СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Астана - бас қала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топ тәрбиеленушілеріне арналаған технологиялық карта

Просмотр содержимого документа
«"Астана - бас қала"»

Ересек «Көбелек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Астана - бас қала» сурет бойынша әңгіме құрастыру

Мақсаты: Балалалардың сурет бойынша сөйлем құрау дағдыларын дауыс ырғағына қарай сөйлем түрін айыра білуге (хабарлы, сұраулы, лепті)өз ойын дұрыс жеткізе білу , байланыстырп сөйлеу шеберліктерін қалыптастыру. Қала, Астана сөздеріне дыбыстық талдау жасау.Қазақстан елордасы – Астана қаласымен таныстыру. Өз еліне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық: Әнұран айту

Сөздік жұмыс: Елім, Отан, тәуелсіздік

Дидактикалық құралдар: Суреттер

Билингвалдық компоненті: Отан-Родина, Тәуелсіздік-Независимость


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І кезең мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші балаларға өлең оқиуға ұсыну

Алтай-Жайық арасы,

Жарты әлемдей даласы.

Ол-біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі-ақ

Отан бізде біреу-ақ

Ол біздің – Қазақстан!


Ойлауға ұсыну:

Қандай ел туралы өлең оқыдым?

Балалар өлеңді мұқият тындайды.





Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Қазақстан Республикасы туралы.


ІІ кезең Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Қазақстан жайлы әңгіме жүргізу, өлеңді талдау.

Сұрақтар:

Президентіміз кім?

Қазақстан Республикасының рәміздері атандар?

Туда не бейнеленген?

Елтаңбада не бейнеленген?

Сендер ,қалай ойлайсындар ел таңбаны қайдан көреміз?

Бас қаламыз қалай аталады?


Балалар қазір бәріміз астана жайында видеофильм қараймыз



Сергіту сәті:


Орнымыздан тұрайық.

Құс болып ұшайық.

Астананың төрінде.

Бәйтерекке ұқсайық.



Туған жер, Қазақстан, Отан жайында мақал-мәтел айтуға ұсыну.

туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.



Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жер алтын бесік.


Тәрбиеші балаларға өз Отанын сүю керектігін айтады.

Балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Нұрсұлтан Назарбаев

деп жауап береді.

Әңұран,елтаңба,ту.

Балалар рәмізднр туралы өз ойларын айтады.

Маңызды құжаттарда,теңгемізде.

Астана


Балалар қызыға қарайды




Балалар қимылмен көрсетеді.





Тәрбиешімен бірге Мақал-мәтелдерді қайталап айтады.

Мағынасын түсінеді.






Балалар Туған жер,

өз Отандары жайлы өз ойларымен бөліседі


ІІІ кезең Рефлексивті- түзету

Бүгін не туралы айттық?

Белсенді қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

Ән ұран орындайды.


Балалар орындарынап тұрып қолдарын кеудесіне қойып әнұран орындайды.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қазақстан, туған жер, Отан жайында мақал-мәтел білу,

Түсінеді: Өз Отанына деген сүйіспеншілік.

Қолданады: Рәміздерді білу. Қала, Астана сөздеріне дыбыстық талдау жасау