СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Астана - бас қала

Нажмите, чтобы узнать подробности

1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. 2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту. 3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип. Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, 

Просмотр содержимого документа
«Астана - бас қала»

3 сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Астана қаласы
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, 
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;

- Оқушылардың назарын өзіне аударту;

Психологиялық дайындық. Балалар шеңбер құрып,бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІ Үй жұмысын тексеру. Оқушылардан Қазақстандағы қала аттарын сұрау.

ІІІ Қызығушылықты ояту.Оқушыларға Астана қаласы туралы видеороликті тыңдату.

Балалар, біз неліктен «Астана» туралы бейнеролик көрдік деп ойлайсыңдар?
Ия. Себебі, алдымызға еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.
Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы құрметіне арналмақ.
- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?
- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.
Олай болса, біз қазір «Астана» қаласы дегенде көз алдымызға не келетіндігін ассоциация құру арқылы дәлелдейміз.

1-тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Бұл қай қала?

Бұл –Астана қаласы




2-тапсырма.Тыңда, қайтала.Оқы.

Мектеп Саябақ



«Думан» орталығы Музей

Театр

IVЖаңа сөздермен жұмыс.

астана-столица тұрады-живет

болдым-был күтіп тұр-ждет

мектеп-школа саябақ-парк қала-город

орталық-центр мұражай-музей

3-тапсырма.Оқы.

Мынау-Астана қаласы. Астана –үлкен, әдемі қала. Астанада музейлер, театрлар, саябақтар, мектептер бар.Астанада «Думан» орталығы бар. Мен демалыс күні «Думанға» барамын.

Есте сақта!

театр-театрлар саябақ-саябақтар мектеп-мектептер музей-музейлер

Көптік жалғауларын еске түсіру

4-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

Астана қандай қала?

Астана –үлкен, әдемі қала.

Астана қаласында нелер бар?

Астанада музейлер, театрлар, саябақтар, мектептер бар.

Сергіту сәті:

Достарменен бірге біз,

Күлімдейік күлейік.

Қолды созып күнге біз,

Шат көңілмен жүрейік

5-тапсырма.Оқы.Сәйкес суретті тап.

Астана қаласында саябақ бар.

Астана қаласында музей бар.

Астана қаласында «Думан» орталығы бар.

1 2 3

6-тапсырма.Үлгі бойынша сөйлес.(Ду-ман, қа-ла, ор-та-лық)

-«Думан» деген сөзде неше буын бар?

-Екі буын бар.

-Қандай?

-Ду-ман

-Бірінші буын қандай?

-Жуан.

-Екінші буын қандай?

-Жуан.

Мына сөздерден сөз тіркесін немесе сөйлем құраңдар.

Қала, саяхат, Астана, өзен.

Мысалы: Мен Астана қаласына саяхатқа шықтым.

Астана қаласында есіл өзені бар.

Жұптық жұмыс.

Әріптерге кім қанша сөз айтады.

Мысалы: А әрпі, Б әрпі, С әрпі, Ж әрпі, М әрпі;

А әрпіне – алма, аққала, айна, арал

Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түйдік?
Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз? жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.

Астанада қандай жерлер бар?

Астанада қандай көрікті жерлер бар?

Астана қаласына саяхатқа шыққыларың келе ме?

Енді, балалар, Астана қаласына деген тілектерінді стикерге жазып, «Бәйтерек» монументіне жапсырыңдар.

Астана көркейсін;

Астана гүлденсін.

Астананы мен жақсы көремін.

Мен Астанаға енді жиі барамын.

Мен Бәйтеркке шыққым келеді.

Мен Бәйтеректі көргім келеді.

Үй тапсырмасы. «Менің Астанам» шағын мәтін құрау

Бағалау. 
Рефлексия. 
Осымен, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар







«Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы

№4 орта мектебі» КММ











Ашық сабақ





Тақырыбы:« Астана қаласы»


3 сынып







Дайындаған:Уатхан К.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі











2017-2018 оқу жылы




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!