Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: .08.05.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Әлемді қорғау
Тақырыбы / Тема: "Бақбақ гүлдер"
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная:. Табиғатты сүйе білуге, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерінен кеңейту.Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін салуды үйрету.
3. Оқыту – обучающая : Дәстүрден тыс сурет салу жолдарымен, балалардың қызығушылықтарың, ойлау қабілеттерің одан әрі қалыптастыру;
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Билингвалдық компонент : ағаш-деревья, күн-солнце, бақбақ-одуванчик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
ғажайып сәт.
балалар бірдене ызылдайтын сияқты,ттттшшшш-тындайықшы!!!!! (араның дыбысын ноудбуктан қосу)
Ой мынау ара ғой ызылдап жүрген.Салем бердік ара! қайдан жүрсін?
Ара балалармен амандасады, (балаларда арамен амандасады)
Ара: Балалар менің досыма көмек керек,досымның аты Бақбақ гүлі. Бақбақ гүлі күннің көзін жақсы көреді,ал күннің көзін бұлттар жауып тастапты, не істеуге болады?
Тәрбиеші: ара сен уайымдама біздің балалар саған көмектеседі.
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші: балалар сендер білесіңдер ме, бүгін күннің туған күні.Кәне бәріміз шеңберге тұрып, күнге жақсы тілектер тілейік. (балалар қуана келіседі, шеңберге тұрып күнге тілектерін тілейді)
Балалардың назарын ноудбукка аудару, бұлттың арасынан күннің көзі жарқырап шығады
Ара: ойй балалар сендерге көп рахмет. менің досым күнді көріп қуанып қалған шығар.Балалар сендер бақбақ гүлін білесіңдер ме? кім сипаттап береді?
Адият: бақбақ гүлі көктемде шығатын гүл. Түсі сары, дөңгелек күннің көзі сияқты.
Нұртай: күлшелері күннің көзі шықса ашылады, кешке күн батқанда жабылып қалады
Тәрбиеші: жарайсыңдар! тамаша, мүмкін сол бақбақ гүлін салып, араға силайық. (балалар қуана келіседі)
Балаларға үлгі көрсету.

Балалардың назарын аударып, тақтаға бақбақ гүлін салу. сары және жасыл түсті гуаштарды тандап, бояу.
Балалар үлгіге қарап сурет салады. Қиналған балаларға көмек көрсету.
Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды.
Күн оянады. Жел соқты.
Жаңбыр жауды. Бұлт шатырлады.
Күн ашылды. Жел басылды.
Билингвалдық компонент : ағаш-деревья, күн-солнце, бақбақ-одуванчик
Ойын: «Мұқият бол!»
Шарты: бір неше сөздер айтылады соның ішінен «бақбақ» сөзің естісе шапалақтайды. Мақсаты: Шапшандыққа, ойлау қабілетің дамыту.
(Қызғалдақ,тоқылдақ, бақбақ, тақпақ, бақбақ, балмұздақ, жапырақ,бақбақ, топырақ,бақбақ,қызанақ, қуырдақ, бақбақ)
Тәрбиеші: ара балалар саған көмектесе алды ма?
ара: ия, рахмет сендерге балалар. суретті де әдемі салады екенсіңдер,енді мен досыма барайын. сау болыңдар,(балалар арамен қоштасады)
3.Қортынды
балалар біздің топқа не келді? оған қандай көмек керек болды?біз көмектесе алдық па? Ненің туған күні болды?
(біздің топқа ара келді, күннің туған күні болды, біз көп жақсы тілектер тіледік, біз араға көмектесе алдық)
Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет.


