СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білім еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған

Просмотр содержимого документа
«Білім еліне саяхат»

Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат
Сабақтың мақсаты:
1. Сабақта алған білімдерін жинақтап, жүйелеу, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, өз-өзін бағалау зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Әдістер: Ізденушілік, зерттеушілік, сарамандық, көрнекілік. Көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, слайдтар. Техникалық жабдықтар: Компьютер, проектор. Сабақтың типі: Өткен тақырыпты бекіту. Сабақтың формасы: Жеке дара, топтық, ұжымдық. Пән аралық байланыс: дене шынықтыру,казақ тіл,ана тілі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.Шаттық шенбер Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, менің айтқанымды қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, 
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. 
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!Бір біріңе тілек айтыңдар. Қазір,мына жемістер қиындысы арқылы 2топқа бөлінеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, міне оқу жылы да аяқталып қалды.Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше түрде өтеді. Балалар, ойланып көріндерше, біз қай пәндерден көп білім алдық? Ия,дұрыс.Осы пәндерден алған білімііміз өмірде қажет болады. 
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Білім еліне саяхат».
Ал, енді мен сендерге өзін- өзі бағалау парақшасын таратамын.
Мына парақшада сендер аты-жөндерінді жазасыңдар. Сосын өздерін жауаптарынды дұрыс бағалайсыңдар. 
Саяхатқа шықпас бұрын сабақтың «Алтын ережесімен » танысамыз.
- өз пікірін ашық айту;
- жолдасын зейін қойып тыңдау;
- бірін-бірі бағалау;
- топ мүддесін жоғары санау;
- топта тыныштық сақтау;
- белсенді қатысу.
Ал, балалар, «Білім еліне » саяхатқа шығамыз. 
Бірінші аялдама «Ұшқыр ой» «Миға шабуыл»
- 1.Мәтін деген не?
- 2.Мәтіннің түрлерін ата? (толықтыру)
- 3.Мәтінге ат қою дегеніміз не?
- 4.Мәтіндегі негізгі ой деген не?

Екінші аялдама «Тапқырлар » 
1. Зат есім дегеніміз не? 
2. Етістік есім дегеніміз не? 

Сергіту жаттығу.

Үшінші аялдама «Жаттығу блогы»
Оқышылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Төртінші аялдама «Сауалнама»

1. Әсірелеу деген не?. 
2. Тайбурыл – қай батырдың тұлпары? . 
3. Теңеу дегеніміз ..... 
4. Ертегілердің түрлерін ата.... 
5. Айтыстың қандай түрлері бар? 
6. Ахмет Байтұрсынұлы кімнің мысалдарын аударды? 
7. Қарабатыр ертегінің авторы кім?. 

1Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады? 
2 . Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады. 
3.Аңыз дегенді қалай түсінесіндер? 
 4.Эпикалық жырлар деген не? 
5.Шешендік сөздер деген не? 
6.Мысал деген не? 
7.Диалог деген не? 

Бағалау критериясы
11 – 13 ұпай - «5» 
7 – 10 ұпай – «4» 
3 – 6 ұпай - «3» 

Қорытынды.