Тіл дамыту. Қатынас.
Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
Уақыты:
Кабинет:
Тақырыбы
Білім еліне саяхат
Сабақтың мақсаты
Білім әлемі туралы тусінік беру. «1 Қыркуйек - Білім куні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала- бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықттау.
Көрнекіліктер
Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Іс-әрекет кезендері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!
Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.
Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт.
Дос бола білу – шын бақыт!
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру
Жаңа сабақ
1.«Әдебиет әлемшде» аялдамасы.
Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, кызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі
- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?
2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.
- Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан баста- латынын айтыңдар.
Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.
«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.
1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», — деп айтады.
2. Қыз бала: «А-а-а», - деп әндетеді.
Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.
Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды.Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті
«Мен білемін».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.
Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.
– Мен ұлдардың бес атын білемін:
Арман – бір
Аділет – екі
Қуаныш – үш
Асхат – төрт
Нариман – бес
Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).
Оқушылар ойын ойнайды
Рефлексивті — түзетушілік
3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық үғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.
1. Балалар онға дейін санайды.
2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.
3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:
Агаш бұтагына 3 торгай қонып отыр. Бір торгай ұшып кетті. Бұтақта неше торгай қалды? (Жауабы: 2 торгай қалды).
Сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Балабақшада не үйрендіңдер?
2. Балалар мектепке не үшін барады?
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу
Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені
Жаңа білімді түсінеді
Үйрену
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.