СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білімдіге биіктен орын

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

внеклассный                                                                                                                                                                                               

Просмотр содержимого документа
«Білімдіге биіктен орын»

Бекітемін Күні: 17.01.2018ж.
___________ Уақыты: 1230
"___" ________ 2018ж. Өтетін орны: акт зал
Сыныбы: 5-сыныптар

Мұғалімі: Пернебай А.С.


Тақырыбы: "Білімдіге биіктен орын"

Мақсаты: Астана қаласы туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың сөйлеу дағдысын, қисынды ойлау қабілетін арттыру, өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне деген сыйластық сезімдерін тереңдету.

Түрі: саяхат

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Байқоңыр қаласы.

(қағаз қиындыларынан сурет құрасытырып, сол сурет жайлы мәлімет беру)

2. Қызылорда қаласы.
(жасырылған фигураларды табу)

3. Алматы қаласы.
(сұрақ - жауап)

4. Қарағанды қаласы.
(алма ағашында берілген тапсырмаларды орындау арқылы алмаларды себеттерге теру)

5. Астана қаласы.
("Астана қаласын болашақта қалай елестетесің?" тақырыбында постер қорғау)

ІІІ. Қорытынды.









І. Кіріспе.

Бір күні Нұрсұлтан достарын шақырып алып:
- Достарым, биыл Астана қаласына 20 жыл толады екен. Осыған орай Астана қаласындағы мерекеге қатысып, көрікті жерлерімен танысып қайтайық, - деп ұсыныс айтады. Достары келісіп, барлығы жолға шығуға дайындалады. Байқоңыр қаласынан Астана қаласына қарай тікелей баратын жол жоқ болғандықтан, достар ең бірінші Қызылорда қаласына аттануға жол тартады.



1. Байқоңыр қаласы.
Автобекет
Кассир:
- Сәлеметсіздер ме?
Жолаушылар:
- Сәлеметсіз бе? Бізге Қызылорда қаласына дейін 4 билет қажет еді.
Кассир:
- Билет алу үшін сіздерге арналған тапсырмам бар. Егер сол тапсырмадан сүрінбей өтсеңіздер билет сіздердікі.
Жолаушылар:
- Жарайды. Біз дайынбыз.
Кассир:
- Мына қораптың ішінде қағаз қиындылары бар. Сол қиындылардан сурет құрастыруларыңыз керек. Құрастырып болғаннан кейін, сол сурет жайлы мәлімет берулеріңізді өтінемін

Кассир:
- Жарайсыздар! Сіздер бұл тапсырмадан сүрінбей өттіңіздер. Мінекей билеттеріңіз..




2. Қызылорда қаласы.
Жолаушылар:
- Сәлеметсіз бе? Бізге Қызылорда - Астана бағытындағы жүйрік пойызына Астана қаласына дейін 4 билет қажет еді.
Кассир:
- Сәлеметсіздер ме? Өкінішке орай бұл бағыттағы пойыз жүрмейді. Сондықтан Сіздерге Ақтөбе - Алматы бағытындағы пойызға билет алуды ұсынамын. Алматы қаласына барып, сол жақтан Астанаға қарай билет ала аласыздар. Бұдан басқа амал жоқ.
Жолаушылар:
- Жарайды. Егер де сіз соны дұрыс деп тапсаңыз солай жасайық. Достары келіседі.

Кассир:
- Бірақ, мен сіздерге бұл билеттерді бірден бере салмаймын. Бұны алу үшін сіздер мен берген тапсырманы орындауларыңыз қажет.
Жолаушылар:
- Әрине, бағымызды сынап көрейік.
- Осы маңайда геометриялық фигуралар жасырылған. Сол фигуралардың барлығын тауып әкелсеңіздер, билетті сіздерге табыстаймын. Бар болғаны 10 фигура тауып әкелулеріңіз керек.

- Жарайсыздар, мінекей билеттеріңіз.

3. Алматы қаласы.
Саяхатшылар Алматы қаласына жеткеннен кейін, Астана қаласына тез жеткілері келіп, әуежайға жол тартады. Әуежайға келіп:

- Сәлеметсіз бе? Бізге Астана қаласына дейінгі ұшаққа билет керек. Өтініш тек жоқ демеңізші. Біз ұзақ жол жүріп, Астана қаласына жете алмай келе жатырмыз.
Кассир:
- Өкінішке орай, билеттер жоқ. Бірақ Қарағанды қаласына дейінгі ұшаққа сіздердің бақтарыңызға орай 4 билет қалыпты. Сол жақтан Астана қаласына дейін бір аттам жер ғана. Кез келген көлікпен жете аласыздар.
Жолаушылар:
- Жарайды.
Кассир:
- Бірақ менің сіздерге шартым бар. Мына сиқырлы сандықтың ішінен кез келген санды таңдап, сол санның артында жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңізер билет сіздердің еншілеріңізде.

Жолаушылар:
- Қанекей достар, көңілімізді түсірмейік. Аз ғана қалды. Біз дайынбыз.


1) Бәйтеректің ұзындығы қанша?
(97 метр)

2) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

3) Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл толады?
(27 жыл)

4) Әнұранның авторларын ата.
(Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)

5) Әнұран, Елтаңба, Ту бір атаумен қалай аталады?
(рәміздер)

6) Астанаға қандай тілек айтасың?

7) 16 желтоқсан - қандай мереке?
(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні)

8) Астана қаласы арқылы қандай өзен ағады?
(Есіл)

9) Біз қандай елміз?
(тәуелсіз)

10) Астананың туған күні қашан?
(6 шілде)



4. Қарағанды қаласы.

- Қараңдаршы, неткен әдемі қала. Негізі билет болмағанның да пайдасы бар екен. Қандай әдемі жерлерді тамашаладық.
- Дұрыс айтасың. Кеттік ендеше, Астана қаласына дейін көлік тауып алайық.
Жүргізуші:
- Ау, балаларым, амансыңдар ма? Сендерге көмек қажет емес пе?
- Ассалаумағалейкум аға. Бізді Астана қаласына жеткізетін көлік керек еді.
- Мен жеткізіп салайын. Өздерің де білесіңдер бұл өмірде барлығы тегін емес. Бірақ мен сендерден ақша дәм етпеймін. Менің бір шартымды орындасаңдар, қалаған жерлеріңе жеткізіп саламын.
- Аға, шартыңызды айта беріңіз. Біз барлық айтқаныңызды орындауға дайынбыз.

- Ана жерде тұрған алма ағашын көріп тұрсыңдар ма? Сол ағашта өсіп тұрған алмаларды себетке жинап берулерің керек. Алайда, себетке салу үшін алманың артындағы тапсырмаларды орындау керек. Дұрыс болған жағдайда ғана алманы себетке сала аласыңдар. Сіздерге 2 минут уақыт беремін. Ал, сәттілік.
- Рахмет, аға.


Саяхатшылар тапсырманы орындап, Астана қаласына қарай жол тартады. Бірақ көлік жүргізуші жол ережесін бұзып, жолдан ГАИ қызметкеріне ұсталады:

- Қайырлы күн! Аға сержант ........(куәлігін көрсетеді). Сіздер жылдамдықты қатты артып жібердіңіздер.
- Аға сержант мырза, көлік жүргізуші ағайды кешіруіңізді өтінеміз. Біз, арман қуып Астана қаласына бара жатқан жайымыз бар еді. Ағайды асықтарған біз едік. Өтінемін, жіберіңізші.

- Жарайды. Бірақ менің сендерге арналған тапсырмам бар. Сол тапсырмадан мүдірмей өтсеңіздер жіберемін.
- Айтыңыз, аға сержант мырза, айтыңыз.

- Ана тұрған шарларды жарып, бір шардың ішіндегі тапсырманы орындайсыздар.



ГАИ қызметкерінің тапсырмасынан сүрінбей өтіп, саяхатшылар Астана қаласына жетеді.

Мұғалім:
- Жарайсыңдар, балалар! Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Еліміздің болашағы бүгіннен басталады" атты үндеуінде сендерге сенім артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейін елімізді басқаратын және жоғары техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатқан біздің бас қаламыз. Сендер де терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестеріңді қослуарыңа тілектеспін. Сонымен, балалар, биыл Астанамызға неше жыл толады?
Оқушылар:

- 20 жыл.

Жаңа көзқарас ұстаған
Жастарды ілгері бастаған
Болашақ бағытын нұсқаған,
Елбасы кемеңгер данышпан
Біз - Қазақстанның патриотымыз.

Мұғалім: Осымен біздің бүгінгі "Білімдіге биіктен орын" атты сыныптан тыс жұмысымыз соңына жетті. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет.





ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

"№273 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ









Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: "Білімдіге биіктен орын"
(17.01.2018Ж. күні ИФМ бірлестігінің апталығында өтілді)

5 - сыныптар






Ұйымдастырушы: математика пәнінің мұғалімі

Пернебай А.С.








Байқоңыр қаласы, 2017 - 2018 оқу жылы


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!