СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Біздің төл теңгеміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Төл теңгеміз туралы бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Біздің төл теңгеміз»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біздің төл теңгеміз»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.

Теңгелер жайлы оқушылар пікірі:

Елімізде қаржылық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19-ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
200 теңге 
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының, Астанадағы Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, банктің логотипі басылған.

500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, Астана қаласы әкімшілігі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығы, артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Жоғарыда ортасында “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан.

5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында шатқалдар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан.

10000теңге

Күлгін көк, бет жағында суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15-қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

Төменде аталған елдердің валюта атауларымен таныстыру
1. Ресей- рубль
2. Қытай-юань
3. Қырғызстан-сом
4. Өзбекстан -сом
5. Үндістан-рупия
6. Түркия-лира

7. Қазақстан-теңге
 Менің қиялымдағы теңгем (өздері үйден салып келген  қиялдарындағы теңгені қорғайды).

Сергіту сәті: Қазақтың ұлттық «Теңге ілу» ойынынан көрініс


Оқушыларға шығармашылық тапсырма: "Ақшасыз өмір сүру мүмкін бе?" оқушылар топ болып, сахналық көрініс көрсетеді.
Қорытынды:
Теңге – Қазақстан Республикасының рәміздері сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. 25  жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.