СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бұтақтағы шымшықтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналаған технологиялық карта.

Просмотр содержимого документа
«"Бұтақтағы шымшықтар"»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Жасы: (4+5) Ортаңғы көбелек тобы

Тақырыбы: Бұтақтағы шымшықтар

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Мақсаты: «Оригами» түрі бойынша қарапайым пішінді қағаздан бүктеу арқылы жасап үйрету. Бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Алдын – ала жұмыс және оқу іс – әрекетіне дайындық: Құстар түрімен таныстыру

Сөздік жұмыс: Құстар, қанат, ұшады

Дидактикалық құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер

Билингвалдық компоненті: Шымшық - пташка


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың басқарымдық қызметі

Балалардың әрекеттері


І кезең мотивациялық-қозғаушы


Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір күз мезгілінің қай айы?

Күз мезгілінен кейін қандай ай болады?

Құстар күн суытқанда қй жаққа ұшып кетеді?

Қойылған сұрақтарға жауап береді. Жылдың күз мезгілі жайында өз ойларын білдіреді.


ІІ кезең проблемалық ізденушілік




















Суретпен жұмыс:

Балалар суретте қандай құстарды көріп отырсыңдар?

Сендер қандай құстардың түрлерін білесіңдер?

Дұрыс балалар құстардың түрлері өте көп.

Күн суытқанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн жылынғанда қайтіп өзімізге ұшып келеді.

Біздің Қостанай қаласында да қыстап қалатын құстар түрлері көп.

Біз құстарды қорғауымыз керек. Құстарды атуға болмайды


Сергіту сәті:





Бүгін біз сендермен бұтақтағы шымшықтарды құрастырамыз.

Балалар тапсырманы орындайды, тәрбиешінің көмегі арқылы.


Суреттегі құстарға назарларын аударады,

Құстар туралы өз ойларын білдіреді.










Көкке бойын созады

Көпке қолын созады

Кең құшағын ашады

Көлеңкесін тосады

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай!

Қызығушылық таныта отырып тапсырманы орындайды.


ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.

Балалар сендер қандай құстар түрлерін білесіңдер?

Қыстап қалатын құстар түрін кім біледі?

Бүгін біз нені құрастырып үйрендік?

Қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп, ұйымдастырылған оқу – іс әрекетін қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Құстар туралы түсінік

Түсінеді: Қағаздардын бүктеу әдісін түсіну

Қолданады: Қағаздарды біріктіру арқылы құстарды құрастыру