СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 14.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бухгалтерская грамотность

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бухгалтерская грамотностьБухгалтерская грамотностьБухгалтерская грамотность

Просмотр содержимого документа
«Бухгалтерская грамотность»

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!»

Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді!

Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді!

Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
ІІ жүргізуші:
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
І жүргізуші:
Жаңа оқу жылына қадам басарда өткен оқу жылында болған оқиғаларға да шолу жасап өткеніміз абзал. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында ел рәміздерінің 27 жылдығы алғашқы оқу жылының тақырыптарына сай келіп отыр..
ІІ жүргізуші:
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Және биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
І жүргізуші:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
(Туды енгізу рәсімі)
Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.
ІI жүргізуші:
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директорына беріледі.
І жүргізуші
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 3 а сынып оқушысы Нұрниязов Мейірхан «Бала тілегі» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.
II Жүргізуші сөзі:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің
Он бірінші сынып оқушысы. Айжан
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың
Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.
Жанар
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Шоқан:
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1 - сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
I Жүргізуші:
Халқымыз “Ата - баба дәстүрі - асыл мұра” дегендей “Бала – бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға
отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 - ға келіп, 1 - сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той - баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер!
(1 - сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланды)
ІІ блок
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2 - 3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
І - жүргізуші:
Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
ІI жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018 - 2019 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!




«Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру.
ә) Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -
қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
«Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды.
Ардақ:
Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.
Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 16 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Ендігі біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз.

(Әр бағытқа қысқаша тоқталып, таныстырып кетеді)
Ардақ:
Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейту
Гүлдана:
Екінші. Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшуін қамтамасыз ету
Толғанай:
Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру.
Жанерке:
Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуы.
Айнұр:
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.
Әзия:
Алтыншы. Болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер.
Айнұр:
Жетекші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру
(Әр бағыт бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.)
Зарина:
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Айнұр:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Нұрсұлтан:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Сабақты қорытындылау:
Айнұр - 2: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Айнұр - 1: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Нұрсұлтан: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Толғанай: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Ардақ: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Әзия: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
























«Салауатты өмір салтын құптаймыз» ұранымен «Денсаулық күні»

Денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастырудың гигиеналық негіздері

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.

Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

- Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

- Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

- Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

- Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

- Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс.

Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады.


























«Отан-отбасынан басталады»

Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік, РАФТ стратегиясы
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан – отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, оқушылар!
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата - аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Ал бұл кезде балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді:
Ситуациялық сұрақтар қоры:
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?

Ү. Жүректен жүрекке.
Жүрекшеге тілек жазып, ата - аналар балаларына, балалар ата - аналарына, ұстаздарына береді.

ҮІ. Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата-аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.



























«Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудағы отбасының ролі».

«Баланың бас ұстазы ата - ана»
Н.Ә.Назарбаев

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамассыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – тұлғаны ең алғашқы дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Бала құқығы жөніндегі конвенцияда отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата – ананың,отбасы мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата – ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке – бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығын қорғауы тиіс. Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін – жерін сүйетін өз ұлтының салт – дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінде жалғасын табуда.
А.С. Макаренко «Ата – анаға арналған кітабында», « Бала тәрбиесінде сіздің іс – қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады.
Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамыз деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмағанда да іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз,өзгелермен қалай сөйлесетініңіз,олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос –дұшпандарыңызбен қалай қарым – қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс – әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да.
Ал , отбасында сіз дөрекі көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз» дейді.
Сондықтанда, есею жолындағы басты нәрсе – баланы парасатты іске, адал қылыққа үйрету, жақсы іс атқару, одан қуаныш сезіміне бөлену, өзгені де, ата – ананы, мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды да қуанта білу.
Отбасындағы қарым – қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенім қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек , ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле». 
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық, дүниетаным , түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсінсіктерді ана тілі арқылы, халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгертсек, ешкімге есебімізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.


«Тіл – ұлы байлық»

Тақырыбы: Тіл-ұлы байлық

Мақсаты: ана тілде таза сөйлеуге, терең меңгеруге баулу; ой, ес, сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту; ана тілін сүюге, қадірлеуге, еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру Кіріспе Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді тіл мерекесімен құттықтаймын. «Халқын сүйген - салтын да сүйер» дегендей мұндай мереке бір халықтың ұлттың байлығы. Сондықтан жас ұрпақтар қастерлей білсе, басқалары да мойындары қақ. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, қартайған шағына дейін бүкіл өмірі тілімен тығыз байланыста болады. Ана тілі адам баласының бойына Ана сүтімен кіріп бойымызға тарайды.  Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы үшін өмірдің өзі бүгінгідей жағдайда біздің көп тіл білуімізді қажет етеді. Бірнеше тіл білгеннен ешкім ұтылмайды. Бірақ өзге тілді білсекте,өз ана тілімізді қастерлеп , құрметтей білуіиіз керек. «Қазақтың болашағы мемлекеттік тілде !»- деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.Әр қазақ бір –бірімізбен қазақша сөйлесіп ,ана тіліміздің мәртебесін көтерсек ғажап болар еді.Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында , өрлігінде орасан зор байлығында. 2-4 сынып оқушыларына мақал-мәтелдердің мағынасын ашқызу. 1.Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге бүгін-ақ Р.Гамзатов 2.Тәрбие басы –тіл Ж.Баласұғұн 3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі . Жүсіпбек Аймауытұлы Мәнерлеп өлең оқыту 1-оқушы: Ана тілім-қазақ тілім, туған тіл, Мақсат Қасиетті тіліміздің мәнін біл. Ана тілді құрметтеңдер адамдар Заманға сай өзге тілдің бәрін біл. 2-оқушы: Ана тілің-біліп қой, Ақару
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің-біліп қой,
Мақтанышың,елдігің. 3-оқушы: Ана тілің арың бұл, Нұрасыл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. 4-оқушы: Ақыл-ойын дананың, Ересіл Ана тілден аламын. Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның.

4-оқушы:Өсірген ой-білімді, Айша
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Ән: «Рух пен тіл» 1.Табиғаттың өзгермейтiн заңына бұр бетiңдi,
Қай кезде де туған тiлiң туған анағ секiлдi.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елiн,тiлiн қорғап жанын қиған бұл жерде. Қайырмасы: Ұлтсыздану заманында,
Тiлiң нарық табанында,
Көнбестiк бар қадамыңда 
Рухынды басып кеттi қарын.
Тiлiңдi жоғалтсаң,
Дiлiңдi жоғалтсаң
Жоғалтасың, жоғалтасың бәрiн. 2.Адам қанша болғанымен дарынды әрi табанды,
Туған жерiн сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына,мерейiне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
3.Нарық-ғасыр бәрiн сатып жiбере ме алтынға,
Кiм қалады сол алтығга сатылмайтын қалпында?
Жалғандык бар ұлтсыздардын беделi мен даңқында,
Ана тiлiн сыйламаған сыйламайды халқын да. Тәрбие сағатымызды ары қарай 2-4 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірі» сайысымен жалғастырамыз. Ол үшін әр сыныптан 2 оқушыдан таңдалып алынады. (қағазға аттарын жазып таңдау)
Ана тілі  қазағымның қаймағы,
 Тілің сенің өміріңнің айғағы.
 Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
 Әр сыныптың білгірлері шығады. -Бүгінгі біздің сайысымыз 3 бөлімнен тұрады: 1.Сұрақ-жауап бөлімі.
2.Ойлан тап.
3. Ойтолғау. Енді сайысымызды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырулары керек. Таныстыруларының ішінде мақал-мәтелдер болуы шарт. І бөлім. Сұрақ-жауап:
    — Тақтада «ТІЛ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек. Т 1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
3. Жаңылтпаш айт. І 1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. Алғашқы есептеу құрылғысы …..  (саусақ). 3. Тіл туралы мақал – мәтел айт. Л 1.Тіл туралы Заң   қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек)
2. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
3. Жұмбақ жасырыңыз
ІІ бөлім.   «Ойлан тап».
 1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да  не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас) ІІІ бөлім. Ойтолғау. (оқушылар мына тақырыптың кез-келгенін таңдап алуына болады)
Тақырыптар: Мейірімді  ана
                          Доссыз өмір – тұл
                          Менің  елім — Қазақстан
                          Кітап – білім бұлағы
                          Тіл – асыл ойдың бұлағы
Әр топ шығармаларын жазып болғанша көрермендерге сұрақтар қойып шешкіземін.

1.Қаңтар айы жылдың нешінші айы? – он бірінші ай
2. Алланың елшісі кім? – Мұхаммед
3.Қазақтағы үш арсыз не ? – ұйқы, тамақ, күлкі
4. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн
5. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
6.8-наурыз  қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні
7.Жеті қазынаға не жатады? – ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы
8.Қазақтағы үш қонақ – 1.арнайы қонақ, 2. Құдайы қонақ, 3.Қыдырма қонақ
9. «Жабағы жүн» дегеніміз не? – қойдың көктемгі жүні
10. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
11. Кісі елінде сұлтан болғанша,……………..
12. 30 тамыз қандай мереке? – Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні
13.Он екі мүшеге не жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол, ден, екі аяқ 14.Тонның ішкі бауындай (тату). 15.Тайға таңба басқандай (анық, дәл). 16.Бармағын тістеді (өкінді). 17.Төбесі көкке екі елі жетпеді (қуанды). 18. Беті бүлк етпеді (ұялмады). 19.Кірпік ілмеді (ұйықтамады). 20.Үріп ауызға салғандай (әдемі).Ұйқасын тап ойыны
Ана тілін білмеген адам -Ештеңе сезбейтін надан. Түк сезбеген балаң -Жақсылық көрме одан. Жүйріктілді ақын бол. –Жақсылыққа жақын бол. Достарыңмен тату бол. –Дұшпаныңа қату бол. Ақындардың бірі бол -Туған елдің ұлы бол. Туған жердің гүлі бол. –Азамат бол ірі бол. Ән: «Жаса тілім» 1.Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар,

Жақсылыққа жаны құмар,

Жаса қазағым!

Тарихының тамыры бар,

Дәстүрінің тәлімі бар,

Сақ пен ғұнның сарыны бар,

Жаса қазағым!

Қайырмасы:

Жаса, жаса қазақ тілім!

Жаса, жаса ғажап дінім!

Баянды боп, азат күнің,

Бағың таймасын!

Жаса, жаса рухты халқым!

Жаса, жаса құтты салтым!

Айдан асып мықты даңқың,

Жаның жайнасын!

2.Көсемдері кесім берген,

Керуен тартып, көшін керген,

Төрт түлігі төсінде өрген,

Жаса қазағым!

Ту көтеріп, тұлпар мінген,

Саят құрып, сұңқарды ілген,

Күй төгіп, ән шырқап жүрген,

Жаса қазағым! -Осы сайыс жеңімпаздары «Тіл білгірі» атағына лайық  деп, ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. Сайыс жеңімпаздарын қорытынды концертте марапаттаймыз.
Мұғалім сөзі:
-Тіл-байлығымыз, тіл-тарихымыз, тіл-мәдениетіміз,тіл-әдебиетіміз. 
Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз қорытып айтсақ,барымыз.
Қазақстанда қазақ тілінің үстем болуын еш уақытта ұмытпауымыз керек.
«Тіл мерейі-ел мерейі» Мемлекеттік тіліміз ана тілінің мерейі үстем бола берсін.
«Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте!-дегендей өз тілімізді құрметтеп өсейік. «Тіл-ұлы байлық» атты тәрбие сағаты аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!




«Ұстаз -Ұлы тұлға! »

Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. 

Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу. 
Барысы: 

Сахнаға бірінші және екінші жүргізушілер шығып сауықты бастайды.

жүргізуші:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамғанақын да, тегеуріні темір  балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да,  көкті шарлаған ғарышкер де  бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты  Ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді. Бәрімізге тәлім – тәрбие беріп, сауатымызды ашқан ардақты ұстаздар, мерекелеріңіз құттыболсын!

(көңілді күй ойналып, оқушылар сахнаға шығады.)

 

жүргізуші:

Оқымысты білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан.

Отандық жас – кәріден,

Оқушының бәрінен,

Бәрі:

— Ұ С Т А З Д А Р Ғ А        М Ы Ң          А Л Ғ Ы С !

Ән: Ұстазым менің ұстазым «Қыздар-ай» тобы

жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз оқушыларға беріледі, әсем ән орындалады

О қ у ш ы л а р:

Бірінші оқушы:

Таудай биік талабым,

Таңдап білім аламын.

Ғарышкер боп ғарышқа,

Жол салуды қаладым.

 

Екінші оқушы:

Отанның, ел – ананың,

Мақтанышы боламын.

Туған елдің көгінде,

Жұлдыз болып жанамын.

 

Үшінші оқушы:

«Ел сенімін ақтайды»,

Деп ұстазым мақтайды.

Мұғалімнің әр сөзін,

Көкейімде сақтаймын.

 

Төртінші оқушы:

Басталғанда үзіліс,

Балалар шу көтерді.

Қым – қуыт бір қызық іс,

Бір мектепке жетерлік.

жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Ұялы телефон» биін билейді

жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М – маман

жүргізуші

Үйретіп бізге алғаш «ӘЛІППЕНІ»,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой – арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

-Көрермендермен жұмыс:

-  «Менің алғашқы ұстазым» сұхбат алу

«Ұстазға көрсетілетін құрмет»
1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.
2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.
3. Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.
4. Ұстаз айтқан ақыл кеңесің тыңдау.
5. Ұстазға жол беру.
6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.
7. Ұстаз алдында бей - берекетсіз күлмеу.
8. Ұстазды сабақтан бос уақытта қадірлеу.

жүргізуші: Олай болса осы ойымды шынайы деп сезінуіме әсер етер
Ән: Ертегілер  хор
жүргізуші:
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

Би: Буги буги

Қорытынды бөлім.
жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне жетіп, сіздермен қоштасамыз.









«Біз болашақтың жолын таңдадық»

Мақсаты: • Оқушыларға жалпы денсаулық дегеніміз не? Оның адам өмірінде алатын маңызы қандай? Оны сақтау үшін не істеу керек? деген сұрақтар турасынды түсінік беріп, білім – біліктерін қалыптастыру. • Оқушыларға қазіргі қоғамды және дүниежүзін ойландыратын проблемалар алкоголь, темекі және де нашақорлық туралы , сонымен қатар олардың әсерлерінен туындайтын аурулармен таныстыра отырып рухани ерік- күшін дамыту. • Есірткі пайдаланудың зиянды жақтарын аша отырып, одан жиренуге, айналасындағы адамдарға да ықпал етіп, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін оята отырып тәрбиелеу. Әдіс тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топтау, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.т.б. Көрнекіліктері: слайд, суреттер, шарлар, ата-аналар бұрышы,сурет көрмесі т.б. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.(слайд-4) І- жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар және тәрбие сағатымыздың қонақтары! Сіздерге бүгінгі 2 «в» қазақ сыныбындағы «Біз – болашақ үшін!» - атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Мұғалім: Сіздерге қош келдіңіздер- дей отырып, өтіліп отырған шарамыздың мақсаты жас ұрпаққа денсаулықтың адам үшін маңызды екенін, сонымен бірге қазіргі қоғамды ойландыратын мәселелер НАШАҚОРЛЫҚ , ТЕМЕКІ, АЛКОГОЛЬ белең алып бара жатқан зиянды әдеттер мен олардың әсерінен туындайтын аурулар туралы түсінік беру болып табылады . ІІ- жүргізуші: Дана бабаларымыз айтқандай, «Бірінші байлық - денсаулық»- деп бекерге айтпаса керек. Олай болса жас ұрпақ болашаққа жарқын үмітпен қарап есірткісіз, темекісіз, алкогольсіз өмір салтын ұстану мына сіздердің қолыңызда. Ал, оқушылар денсаулық дегеніміз не ? Оны қалай түсінеміз? Оны қалай сақтау керек? –деген сұрақтарға кім жауап береді? Аружан: Менің ойымша «Денсаулық» әрбір адамның бақытының негізі. Қоғам болашағының баянды болуы әр адамның денсаулығына тікелей байланысты. Денсаулық дегеніміз – адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі болса, дені сау адам бақытты адам болғаны. ІІ- Мағананы тану І- жүргізуші:Дұрыс –ақ. Ия, расында тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің болашаққа деген сындарлы көзқарасын білдірген «Қазақстан 2030» жолдауында денсаулыққа зор міндеттер қойып: «Болашағымыздың айқындылығы мен айбындылығы дені сау іскер ұрпақтардың үлесіне тиюге тиіс»- делінген. (слайд-5) ІІ- жүргізуші:Олай болса, біздер де болашақ үшін өз үлесімізді қосалық. Оқушылар денсаулықтың қас жауы не? Кім айтады? (слайд-6) Жұлдыз: Грек тілінде «ұйқы» мағанасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotic» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағананы білдіреді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Мұғалім:Дұрыс айтасың Жұлдыз шын мәнінде де , жаман әдеттердің ең зияндысы болып тыбылатын есірткі қолдану әдеті адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани жүйесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп. (слайд-7) Анель: Маскүнемдік бір адамның тоқтаусыз және өз-өзіне залал келтіретіндей көп мөлшерде ішімдіктерді ішуден басталады. Ішімдік физикалық және психологиялық зияндармен қатар қоғамдық және экономикалық құлдырауға алып келеді. Мұғалім:Алкогольдік ішімдіктер жалпы есірткі сияқты қауіпті деп саналмайды. Кейбір елдердің әдет-ғұрпында ішімдік діни және қоғамдық іс-шаралардың маңызды бір бөлігіне айналған. Алайда, мына жағдайды есте сақтау қажет, ішімдік- қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі және ішімдік ішу есірткі қолдану сияқты зиянды. (слайд-8) Темірхан:Темекі құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар өсімдіктердің майдаланған, құрғатынған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады.Темекінің елі Америка болып табылады. Мұғалім: Темекі күнделікті арасына уақыт салып қалданады. Темекі адам ағзасына келтіретін зиянды әсері өте көп . Адамның қатерлі ісік ауруларына және тамақтың қатерлі ісік ауруына 99 %, миға қан құйылу ауруларының 85 % , өкпенің қатерлі ісік ауруын тудыруңа 90 % себеп болады. Темекі құрамындағы зиянды улы заттар адам өмірін 15 жылға қысқартады екен. (слайд-9) І- жүргізуші: Міне, біздер көптеген денсаулықтың қас дұшпаны болып табылатын белең алып бара жатқан зиянды әдеттерге тоқталдық. Ендеше, осын зиянды әдеттердің адам өміріне төндіретін қарерлеріне тоқталайық. (слайд-10) І- жүргізуші: «Біз бақытты баламыз» ІІ- жүргізуші: Әсем әннен кейін көңіліміз көтеріліп қалды. Ендеше бабаларымыздың «Аурудың алдын ал» -деген сөзіне де мән берелік . Денсаулығымыздың мықты болуы үшін , зианды әдеттерден аулақ болу үшін не істеу керек? Альбина: Менің ойымша денсаулықты сақтау үшін, зианды әдеттерден аулақ болу үшін спортпен айналысу керек. Спорт денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан адам денсаулығы мықты болады. І- жүргізуші: Кім мұндайды естіпті, Есірткі жұртты есіртті. Иіскеген жастары, Жан –тәнін түгін кесіпті. Сақ болайық ағайын, Қатерлі жау есірткі. –дей отырып, жағымсыз әдеттен жапа шеккен жас баланың өмірінен көрініс. III. Көрініс: «Адасқан жан» (слайд-11) Жүргізуші : Ей, жас жігіт, Жан едің сен гүл жүзді. Солып қапсың, Тынышыңды кім бұзды. Жігіт: Өмір қатал, Көңіліңе қарай ма? Душар болдым қайғыға. Енді арылу оңай ма? Жүргізуші:Не деп кетің? Қандай қайғы айтқаның? Қане, отыр да. Түсіндірші бар жәйді. Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым. Денсаулықтың барлық асыл- алтынын, Пенделіктің орманында тонаттым. Жастайымнан құлы болдым, қайтейін, Наша менен арақтың. Жүргізуші : Жоқ, сабыр ет. Әттең, өзің жанбай жатып, Жақын тұрсың сөнуге. Сені терең ойға тартар, Бір әңгіме шертейін. Тыңда , қане , жарқыным! (Саған қиянат жасағандардың әңгімелерін тыңдалық) Арақ: Тоқта, тоқта! Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай. Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай: Табысы мен атақ- даңқы, қолы жеткен мансабы, Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары. Осы арқылы мен адамдарды жаулаймын. Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын. (Әдемі киінген темекі жан-жағына жымия күліп келеді) Темекі: Уа , халайық, Маған сен. Барлық адам өмірін. Көк түтінге улатып. Жүрмін бүгін, Жер- әлемді шулатып. Наша : Ей,азамат, неге жүрсің сріксіз? Танысайық жақындашы сен бізге. Үш пері: Біз достыққа әрқашанда берікпіз!(наша, арақ, темекі.) Жігіт: Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым гой сендерден, Дәрігердің көмегімен ұзақ уақыт емделгем. Ал, бүгін ше, неге келдің, сен. Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білем. (Сахынаға Саулық хан шығады) Жүргізуші: Айналаға асыл нұрын шашып, Жетіп келді. Саулық хан да асығып Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері, Жан жағына қарамай қашып кетті үш пері Саулық хан:Шыншыл мақсат қай жерде де жол табар, Кезің келді қоғам жүгін арқалар . Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп, Айта алмаймын ертеңіңе сенем деп. Ана сүті арамдықты суарса, Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп. Темекіден түтін сорсаң улайсың, Өзіңді- өзің жіпсіз байлап шырмайсың. Ақылды болсаң, жас жігіт, Саулықтың сөзін тыңдайсың. Жүргізуші: Хан осылай деді де, кете берді жөніне . Жігіт қалды ойланып, борышты боп еліне. Осы айтқан әңгіме, ойға салар сеніде. Тек жүзіңді төмен салма. Нашақорға жақын болма. Тек көзіңді жасауратпа, Сенің көзің заман үшін бағалы. Сенің әнің асқақ шықса, Қоғам даңқы жоғары. ІІ- жүргізуші: Балалар мына көріністен ұққандарыңыздай зиянды әдеттерден аулақ болайық, Қармауына түсіп қалып жүрмейік! Жаңа ғасыр жаңа заман бүгін Біз тілейміз жас ұрпақтың амандығын. Күресуге ғасырдың тағдыры үшін, Оған сенде міндетті, міндетті мен.- дей отырып, кезекті өлең жолдарына береміз. Атымтай жомарт: Адам, ғалам ғажайып жеке дана, Жан құмарын іздеген мәңгі сана. Өзіңді –өзің танысаң- істің басы, Түзеген өз ғылымын болған дана. Аружан: Өмір деген мәңгі гүлдей жайнайтын, Құштарлықтың тасқыны көп көктемде. Ешкім оған қоя алмайды нүктені, Өмір деген сөнбек емес өйткені. І- жүргізуші: шын мәніндеде адам өмірі сөнбек емес. Жас ұрпақ болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Мына әлемге сәбидің пәк көзімен қаралық, өз- өміріңіз өз қолыңызда. IV.Гальереяға саяхат ІІ- жүргізуші: Олай болса «Болашаққа сәби көзімен» тақырыбына сурет салу жұмысынатоқталамыз. Оқушылардың аяқталған суреттерінен көрме жасақтау. (слайд-12-13) V.Ой толғаныс. І- жүргізуші: Келесі кезекте сөзжұмбақты шешу арқылы қорытынды ой толғау. Ойын оқушылар сөзжұмбақты шешу үшін сұрақтарды тыңдап алып жауабын жазу үшін тақтаға дейін допты аяғымыздың арасына қыстырып барып сөзді жазамыз да, кері қайтқанда қолымызға алып қайтамыз. 1. Спорттық ойындарын футбол, волейболды және баскетболды немен ойнайды? 2. Доппен ойналатын ойынның бір түрі? 3. Спорттық ойын түрі ? 4. Денені шынықтыру үшін немен айналысу керек? 5. Адам ағзасына пайдалы жеміс түрі? 6. Балық несіз өмір сүре алмайды? 7. Адамның дене мүшесі? 8. Адам өміріне зиянды зат? 9. Сүт өнімінен алынатын пайдалы тағам. (слайд-14/15) ІІ- жүргізуші: Оқушылар спорттық ойын мен сөзжұмбақты өте жақсы орындадық. Ендеше мақал-мәтелдерге кезек берелік. Ал, оқушылар қай топ көп мақал біледі екен . Іске сәт! Мақал мәтелдер! 1. Таза ауа –дертке дауа. 2. Арақ арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан. 3. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде. 4. Ауру адамды алтын бесік те жұбатпас. 5. Жаны сауға күнде той.

«Алтын күз»

Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Талғатқызы Аружан:
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Динара: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Анель: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке.
Бағдаулет: Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Гүлбану: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Айдана: Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Көрініс: «Егінші мен қасқыр»
Автор: Ғалия
Егінші: Дулат
Қасқыр: Бейбарыс
Хадиша: Қызыл қырман басында,
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған.
Қуаныш: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Манарбек: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ
Шашу шашты жапырақ!
Өмірбек: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақыт күлімдеп
Көз тартады атырап.
Айсана: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме,
Күз деген мереке.
Зарина: Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол еңбек - айы.
Азамат: Күзгі маусымның екінші айы - қазан. Бұл ай - мереке басы. Диқандар бұл айда сабантой жинайды.
Ойын: 
1) Күз мезгілінде туған балалар.
2) Жапырақ жинау.
• Әсем әуен ырғағымен Алтын күз аруларының элегант - шоуы демонстрацияланды.
Бағлан: Қарашы мына далаға,
Реңі сондай сары ала
Пісіпті алма балбырап,
Сарғайып жатыр бал құрақ.
Ақбота: Аспанда қаптаған
Бұлт тыным таппаған.
Жөңкіліп көшеді
Суық жел еседі.
Еңлік: Әне, қызыл алмалар,
Әсем бақтың жемісі
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі.
Ғалия: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Сания(Cлайд бойынша):
Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.
Ерасыл: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Бексұлтан: Мен қиярмын, қиярмын,
Дәмділікті жиярмын.
Салаттардың сәнімін
Жеп көрші қане, дәмдімін.
Дайана: Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Оның аты қызылша
Жей бер қарның тойғанша.
Дамир: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң доппын
Кім не десе де жағам,
Мені қоссаң тәтті болар тағам.
Інжу: Менің атым - қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын. Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Хормен: 1 - қыркүйек - Білім күні.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі.
Ашық тәрбие сағатында бейнематериалдар, слайдтар пайдаланылды.

«Өзіңді де, өзгені де бағалай біл!»

Мақсаты: 1.Өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі айқындау жөніндегі түсініктерін кеңейту.
2.Мақсатқа жету, ерік жігер, табандылық, өзін-өзгертуге деген қажеттілігін қасиеттеріне жағымды баға беруді қалыптастыру
3.Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдірумен мінез- құлығына талдау жасау арқылы адекватты (қалыпты) өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға ықпал ету.2
Эпиграф. «Өзіңді тануды, өзіңді зерттеуден баста,»-деп Марк Аврелий
айтқандай.3
Жер бетіндегі ең жұмбақ жан-ол Адам! Бүгін мен сендерді әрқайсымызды толғандыратын: «Өзіңді өзің түсінуге қалай үйренуге болады?» деген сұрақты талдауға шақырамын.
Бұл сұраққа жауап алу үшін, біздің өзіндік бағалауымыз дұрыс болу керек.
Ал өзіндік бағалау деп-өзін басқалармен салыстыру барысында қалыптасқан өзі туралы пікірі, яғни адамның өзіне және өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық.
Адам өзінің «Мен-тұжырымдамасы» деген қарым-қатынасы мүмкіндіктері мен қабілеттері әр жаста әртүрлі байқалады. Өмірінің әр қадамы жаңа мазмұнмен толығады.
Өзінің әрекетіндегі сапалық қасиеттері мүмкіншіліктеріне, қабілеттері және ерекшеліктеріне байланысты адамның өзін-өзі қойған бағасы-өзіндік бағалау деп аталады.
Өзіндік бағалау екі фактор әсерінде қалыптасады: адамның өзі жайлы қалыптасқан білімі және сол білімді қалай қабылдап бағалауы.
Өзіндік бағалау жалған немесе ақиқат, жоғары немесе төмен, тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін.
Өзіндік бағалау деңгейін анықтау.
Төменде берілген сұрақтарды келесі шкаламен бағалау:
өте жиі-4 ұпай; жиі-3 ұпай; кейде-2 ұпай; сирек-1 ұпай; ешқашан-0 ұпай
1.Мен жиі себепсіз қобалжимын
2.Достарымның қолдауын қажетсінемін
3.Ыңғайсыз жағдайда қалудан қорқамын
4.Мені болашағым толғандырады
5.Басқа адамдардың сырт келбеті менікіне қарағанда жақсырақ
6.Көп адамдардың мені түсінбейтіні өкінішті
7.Мен басқа адамдармен дұрыс сөйлесе алмайтынымды сеземін.
8.Адамдар менен көп нәрсе күтеді
9.Көпшілік ортасында мен өзімді еркін сезіне алмаймын
10.Сәтсіздікке ұшырайтынымды мен жиі ойлаймын
11.Басқа адамдардың маған деген көзқарасы мені көп ойландырады
12.Өзге адамдардың мен туралы сыртымнан сөйлейтінін сеземін
13.Мен өзімді қауіпсізбін деп ойламаймын
14.Өз ойларымды бөлісетін ешкім жоқ
15.Менің жетістіктерім ешкімді қызықтырмайды 
Егер 10 балдан төмен болса, сен өзіңізді басқалардан биік санаудан, өзімшілдіктен мақтаншақтықтан арылу керек. Ереже үшін мына принципті ұстаныңыз: кез келген конфликті жағдай ұсақ-түйектен пайда болады, сол ұсақ-түйекті өзіңіз ушықтырасыз немесе тұтануына жағдай жасайсыз.
Егер жинаған балыңыз 30-дан асатын болса, онда сен өзіңізді дұрыс бағаламайсыз.
10-нан 30-ға дейінгі жинаған ұпай психологиялық тұрғыдан жетілген өзіндік мүмкіншіліктерін, күшін, сыртқы келбетін, адекватты, яғни (реалды) шынайы түрде бағалауын көрсетеді. Күрделі істерді шешу қолыңыздан келеді. Алға!
Егер тест нәтижесі өзіндік бағалаудың төмен деңгейін көрсетсе, онда уайымдамаңыз. Өзіндік бағалауды көтеруге болады. 5
Неміс халқының ұлы ақыны М.В.Гете айтып кеткендей:”Ақылды деп көп білетін адамды емес,өзін-өзі жақсы білетін адамды айтуға болады”. Өздеріңізді ақылдымын деп есептейсіздер ме? (оқушының жауаптары)
Өзің туралы не білуге боладаы?
Оқушылардың жауаптарының үлгісі:
1.Өзінің денсаулығың шамасына қарай, денсаулығының ахуалы.
2.Өзінің таланты, қабілеттілігі (ақылдылығына қарай, шығармашылығы)
3.Өзінің мінезі, темпераменті, жігері
4.Өзінің талғамы, әдеттері
5.Өзінің күшті және жігерсіз жақтары
К: Өзінің қабілеттілігің мен мүмкіндіктеріңе әділ баға беру үшін, өзіңді тану өте қажет ол не береді? Өзіңді дұрыс бағалаудың қандай қажеттілігі бар?
Оқушылардың жауаптары:
1.Өзінің бейімділігін анықтауға, мамандық таңдауға
2.Қателіктер мен көңіл қалушылықтан аулақ болу үшін
3.Айналаңдағылармен дұрыс қатынаста болу
4.Қолыңнан келмейтін іспен айналыспау үшін
5.Өмірдегі мақсатыңды дұрыс таңдай білу
К: Расында да, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне дұрыс баға бере алатын адам өзінің таңдауын қателеспей таба алады, өмірдегі мақсатын қоя біледі. Ондай адам өмірлік жоспарының күйреуінен, көңіл қайтудан, қателіктерден аулақ болады. Ал егер бір келеңсіз жағдайлар кездесіп жатса, ол себебін басқалардан емес, өзінен іздейді.
«Өзіне баға беру деңгейін анықтау» бойынша топтық жұмыс.
К: Өзіне дұрыс баға беретін адамды қалай тануға болады? Тақтада адамдардың әртүрлі өзін бағалаудың кестесі берілген. Бірақ біреу белгілерден шатасқандығы көрініп тұр. Осы тізбектегі сөздерді қалай орналастыру керек? Бұл сұрақты топтасып шешулеріңді сұраймын. 4 белгі бойынша әртүрлі өзін бағалаудағы адамдарды жинақтау қажет. Бірінші топ-жоғары бағаланған, екінші топ-төмен бағаланған, үшінші топ-объективті бағаланған.
Таңдалған жауаптарды бір бетке жазу керек. Дұрыс жауаптарды кестеге бекітеміз (қостырамыз) қосымша шарт-өз таңдауларыңызды дәлелдеу. (жұмысқа 1-2 минут уақыт беріледі)
Уақыт өтті, топтардың пікірлерін тыңдайсыз.
Қағаздағы жазулар.
Жоғары: Асқақтылық, көкіріктілік, арсыздық, қызбашылық сурет 
Төмен: Енжарлық, өкпешілдік, иланушылық, қорқақтық.
Объективті: салмақтылық, өзіне-өзі сенімділік, қарапайымдылық, өз қадірін сезінушілік. (Орнын аустру, дұрысы) 6,7
К: Өзін-өзі жоғары бағалаған адамға қандай ақыл беруге болады (өзін-өзі бағалауда сыншыл болу, өз кемшіліктерін көруге үйрену, өзін басқалардан жоғарымын деп есептемеуге т.б.)
-төмен бағалайтын адамға қандай кеңес беруге болады: (спортпен шұғылдану, қорқақтығын жеңу, жоқ деп айта білуге үйрету т.б.) 
-Өзін объективті бағалайтын адамға кеңес? (өзіне сенушілік сезімін жоғалтпау, өзінің бойында кемшіліктерді жоя білуге, өзінің қадір-қасиеттерін мақтан етпеуге т.б.)
Өзіңді дұрыс бағалай білуге ықпал жасай отырып-өмірді дұрыс бағалауға дағдыланайық.
Мен сіздерді сурет галереясына шақырамын. Алдарыңызда үш зал. Әрқайсыңыз өздеріңіз кіргіңіз келетін залды таңдайсыздар. Ал енді қандай залды таңдайтыңыздарды көрейік. Залдардың идеялары:
1.Өмірсүру бір ғанибет. 8 сурет
2.Өмір басқа адамдармен қарым-қатынаста болу.9 сурет
3.Өмір –мәнді, мағыналы өмір сүрудегі, ізденіс.10 сурет
Қай залға кіргіңіз келеді?Енді залдың идеясын көре тұра, өз таңдауыңызға сенімдісіз бе? Сенімсіз болсаңыз таңдауыңызды өзгертуге уақытыңыз бар. Жаңа таңдау жасауға не себеп болды (не қозғады?) Адаммен ұқсастық жүргізіп көрейік. “Алғашқы әсер кейбір кезде дұрыс болмауы мүмкін. Адамды жақсы тану үшін, онымен жақынырақ танысып, жақсырақ танып, әртүрлі өмірлік жағдаяттарда көру керек”,-деп А.Экзюпери айтқан. Осыған келісесіздер ме? (жауаптар) Өзіңе салған жол-ол бүкіл өміріңе деген жол. 
Ендеше төмендегі сұрақтар бойынша ой бөлісуге шақырамын.
1.Менің жеке тұлға болып қалыптасуымдағы лицейдің ролі...
2.Менің ойымша, менің қабілетім.... жеткілікті
3.Мен үшін өте маңызды...
4.Жақсы өмір-ол..
5.Менің басты мақсатым
Маңыздылығын қалай, сіздің ойыңызша, өмірде тірек болатын нәрселерді орналастырыңыз:
1.Ата-ана
2.Денсаулық
3.Білім
4.Хобби
5.Достар
6.Жұмыс
7.Өзіңнің күш-жігерің, (қабілеттерің, білімің, дағдыларың)11 (Орнын ауыстыру, )
Мақсат, принцип, идеал (мұрат) деген түсініктермен жұмыс
К: Көптеген адамдар өз мақсатын, принципін, идеалын дұрыс анықтай алмайды, менің ойымша олар оның не екендігін дұрыс түсіне білмейді. Осы түсініктерді анықтап көрейік.
Өмірлік мақсат-ол не? (ол-қиял, адамның ұмтылысы)
Өмірде қандай мақсаттар болады (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болуы мүмкін)
Мысалдық жауаптар:
-байлық, мәртебе, билік
-өз ісінің шебері болу, барлығы сені сыйлайтындай
-жайғана жақсы адам болу, адамдарды жақсы көру
-жақсы жанұя құру, үй салу, тал егу, бала тәрбиелеу
-өзің үшін өмір сүру: білім алу, даму, саяхатқа шығу
-адамдарға пайдалы болу, адамдар үшін өмір сүру
-ғылыми жағңалық ашу, емделмейтін ауруға қарсы дәрі табу
-Алла тағала үшін өмір сүру, күнә істемеу өзіңнің құштарлықтарыңмен күресе білу
К: Ғалымдардың айтуы бойынша, адамға өмірлік мақсаты күш береді, ал сол мақсатқа жету үшін барлық күшін жұмсайды, яғни түбінде сол мақсаттары орындайды. Бірақ өмірлік мақсаттар әртүрлі болады. Біреуі бүкіл өміріңе күш берсе, екіншісі бір қысқағана мерзімдік болады. Сендердің ойларыңша, қандай мақсатты өмірлік деп айтуға болады? (оқушылардың жауаптары)
Мақсатқа жетудің қиындығы жоқ дейді ғой, тек оған қарамай күнде бір қадам болса да жасау керек. Әйтпесе ол мақсат қиял болып қала береді.
Принцип (көзқарас не үшін қажет? Адам өмірінде принциптерін көзқарастарын өзгерте ала ма? Принципсіз адамдар бар ма?) (оқушылар жауаптары
Тарихта адамдардың принцип үшін өлімге де барғандығы туралы деректер аз емес, әсіресе оның құны сенімділікке деген сатқындық, Отанға немесе достарға байланысы болса. Өйткені өзіңнің принциптеріңді өзгерту-өзіңді адам ретінде жоғалтуыңмен тең болады, өзіңе деген сыйлаушылықтың жоғалуы. Мысал келтіре аласыңдар ма? (мысалдар)
К.Идеал-бір нәрсенің мінсіз іске асырылуы, жоғары мақсаттылыққа жетелейтін іс-әрекет, ұмтылыс. Идеал адамдардың (мұратқа жеткен) сипатын келтірейік. 
Ер адамның идеалы: сүйкімділік, адалдық, жүректілік, іскерлік, сыпайылық, түсінушілік.
Әйел адамның идеалы: аса сүйкімділік, әйелдік қасиеттері бар, шаруақорлық, жұмсақтық, түсінушілік. Азаматтық идаел: ұйымшылдық, отансүйгіштік, ұлттық абырой мен қадірлік, ар-ұят, ержүректік, жауапкершілік. Іскерлік идеал: мамандығы бойынша құзырлық, жоғары еңбекқорлық, жинақтылық пен іскерлік, ынтымақтастық пен өзін-өзі ұстаушылық, өзіне де өзгеге де талап қоя білуі, еңбек мәдениеттілігі, ұқыптылығы, өз білімін жетілдіруге, өзін-өзі кемелдендіруге деген мұқтаждық.
К: Барлық адамдар бірегей, бірақ сол бірегейлікті көпшілігі сезінбейді немесе сезінгісі келмейді. Ал ол үшін көп нәрсенің қажеті жоқ, тек өзіңді тану қажет өзіңе объективті баға бере білсең болғандығы.
Ол, әрине, оңай емес. Әрбіреудің өзін тану процессі өзіндік қана, дара, қайталанбас. Ол өмір бойы жалғасын таппақ. Басқа адамдарды тану, өмірді тану, өмірдің мағынасын тану өзіңді танудан басталады.
Қорытынды:
К: Бүгінгі сынып сағаты сіздерге не берді? Өзіңіз туралы, басқалар туралы қандай жаңалық білдіңіз. Менің ойымша бүгін біздің арамыздан бір ерекше түсінушіліктің байланыс жібі пайда болған секілді, сол байланысты жоғалтпау үшін, үзіп алмас үшін оны мықтайық. 
Жіп нәзік және мықты емес. Тоқылатын кілеміміздің негізін мықты қылып тоқу біздің қолымызда, яғни Адам-өз өмірінің суретшісі, барлығы өз қолыңда. 


Мақсаты:

-  Жас ұрпаққа “Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;
-  Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын–алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын  аулақ  ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
-  Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Түрлі суреттер, бейне жазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер, суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:

1. Баяндау;
2. Көріністер;
3. Өлең оқу.
4. Суреттер салу.
5. Тақырыпты талқылау.
6. Жарыс.

Сабақтың барысы:

І.  Оқушыларды  түгендеу.                              

ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын мақсатын хабарлау..

«Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның»

Кіріспе бөлімі 

Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы  жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш  фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.

1-бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт.  «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3-бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».

Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.

Темекі, ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді  жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Темекі тартқаның –өзіңді құртқаның” тақырыбында өтеді. 19 қараша Халықаралық темекі тартудан бас тарту күні.

2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу.

I - бөлім. Топтың атын анықтау.

1. «Денсаулық» тобы.

2. «Салауат» тобы.

Салауатты өмір салты деген не?

1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегу.

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Никотиннің зардаптары

1 - оқушы: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:

... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.

2 - оқушы: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.

3 - оқушы: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?

Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.

4 - оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.

5 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.

6 - оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.

Әр топ  Венн диаграммасын толтырады

Венн диаграммасы арқылы темекінің “зияны”  мен  “пайдасы”

«Жасөспірімдердің қоғамдық ортамен қарым-қатынасындағы өзекті мәселелер»

ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТАРҒА СҮЙЕНЕТІН БОЛСАҚ, БҮГІНГІ ТАҢДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕ БАЛАНЫ ТЕРІС БАҒЫТҚА АПАРАР ТҮРЛІ ЖОЛДАР ӨТЕ КӨП КЕЗДЕСЕДІ. ОЛАРҒА ПСИХИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР, ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР, ЗОРЛЫҚ, СУИЦИД ЖӘНЕ Т.Б. ЖАТҚЫЗЫЛАДЫ. ЖАЛПЫ ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢДЕ АДАМ ТҮРЛІ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ТҰРУҒА ҚАБІЛЕТСІЗ ЖӘНЕ БҰЛ КЕЗЕҢ  ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНЕЛІК ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ АЙҚЫН КӨРІНЕТІН КЕЗЕҢІ.

Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары – бұл, алдымен, оның отбасы және оқу орны. Бұл кезеңде мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор – оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Ересектер мен жасөспірімдердің қарым-қатынас орнатуының ең тиімді формасы – тұлғалық және сенімділік негізінде құрылған қарым-қатынас. Өз кезегінде жасөспірімдер барлық сфераларда өздерін көрсетуге тырысады. Бұл кезде белгілі бір мінез акцентуациясы айқын көрінетін жасөспірімдерге де назар аудару қажет.

Мінез ауытқушылығының басты себебі бұл тәрбиедегі кемшіліктер және педагогикалық қарым-қатынастың адекватты емес сипаты. Жасөспірімдердің мектептегі қарым-қатынас орнату сферасы оның тұлғалық қалыптасуына, өмірлік позицияларының қалыптасуына, өмірлік жоспарлар құруына мықты әсер етеді. Сондықтан ол білім алатын орында барлығы ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде құрылуы тиіс. Егер әрбір ата-ана баласымен сенімділік негізінде құрылған жағымды қарым-қатынас орнатып, тәрбиенің тиімді әрі әділетті әдістерін қолдана отырып, оларды материалды және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімдерде болатын дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Осы мәселелерге қысқаша тоқталып кетсек, ол ең біріншіден жасөспірімде пайда болатын психикалық проблема.

ПСИХИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА

Психикалық проблемалардың көбісі жеткіншек  жасында пайда болады. Социальдік қабілеттерді жақсарту және өзіне-өзі сенушілік әртүрлі мәселелерді шешуге көмегін тигізеді. Мысалы: бала тәрбиесінің бұзылуы, қорқыныш, жабығу және әр-түрлі зиянды да  қауіпті әдеттер темекі шегу, есірткі қолдану, т.б. Денсаулық сақтау жұмысшылары мен психологтардың жасөспірім балалармен жұмыс  істеу тәжірибесі болуы тиіс десек қате айтпаймыз. Яғни, пайда болған проблемаларды табу және оны емдеу (кеңес беру), керек болған жағдайда психотроптық препараттармен емдеу болып табылады.

 ЕСІРТКІ НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ

 Әрине, бұл зиянды әдеттер баланың тәрбиесіне, көп жағдайда қоршаған ортасына байланысты. Жоғарыда айтылып кеткендей жасөспірім кезінде бала психикасы тұрақсыз болып келеді. Осыған байланысты онда еліктеушілік пайда болады. Демек, темекі шегу, ішімдік ішу, т.б. Солардың бірі – есірткіні қолдану. Қаншалықты жасөспірімдер шылым шегумен ертерек танысып, шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді және болашақта шылым шегуден бас тарту олар үшін өте қиын болады. Және де басқа нәрсені татып көруге қызығушылықтары туады. Яғни, темекіден әлде-қайда зиянды заттар. Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесіне білінеді.

 ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ

 Агрессивті мінез-құлықты азайту үшін балалар мен жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын жақсарту болып келеді. Балаларға көрсетілетін қатыгездіктің себептерін былайша бөлуге болады: біріншіден, бұл ең жақсы тәрбиелеуші құрал ретінде «белбеуді» насихаттаған патриархалды тәрбиенің көп ғасырлық дәстүрі. Бүгінгі күнге дейін кейбір ата-аналар балаға осылайша тәрбиелеуші әсер ету әдісін тиімді деп есептейді, екіншіден, біздің қоғамда үгіттелетін қатыгездік көрінісі. Көбіне ата-ананың стрестік жағдайда жүруі олардан әлсіздерге – балаларына деген өшпенділік көріністерін тудырады, үшіншіден, біздің қоғамның қоғамдық және құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі. Бұндай қоғамда бала өзара әсер етудің субьектісі ретінде емес обьектісі ретінде болады.

Егерде ата-аналар мен мұғалімдер қолдау көрсетсе жақсы дағдылардың қалыптасуына әсер етеді. Және күштемей тәрбие көрсеткен жағдайда зорлық-зомбылықтың азаюына үлкен үлес қосамыз.

  СУИЦИД

 Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында көп кездесетін мәселелердің бірі болып келеді. Жасөспірімдер – қоғамның әлсіз буыны. Аңғал, сенгіш, тәжірибесіз, өмірдің кез-келген құбылысын жанына жақын қабылдайды. Әлі келмеген, күші жетпеген, ақыл таппаған, жалғыз қалған тұста өлімге жүгіреді. Жастардың осы жолды таңдауына не себеп деген сұрақ, әрбіріміздің көкейімізде туындайтыны анық. Баланы суицидке әр-түрлі жағдайлар итермелейді. Ең басты себебі – олардың жалғызсырауы. Қиналған сәтте жанына жақын адам таба алмауы. Қоғамда  жасөспірімдер тәрбиесімен айналысып, бағыт-бағдар беретін, оның өтпелі кезеңіндегі жан дүниесіндегі толқуларды түсінуге тырысып, көмек беріп жатқан ешкім жоқ. Мұның соңы жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соқтырып отыр. Суицидті мінез-құлық белгілері көрінетін жасөспірімдермен тек арнайы даярланған мамандар ғана емес, кез-келген ересек (ата-ана, педагогтар) жұмыс жасай алады.  Олармен әңгімелесу және біріккен іс атқару кезінде келесі ережелерді ұстану қажет. Ең алдымен, суицидті мінез-құлықты жасөспірімдер әрдайым өз ойларымен өзгелермен бөлісуге тырысады, себебі оның ойлары өзін үрейлендіреді. Бұндай жасөспірімдерді мұқият, назар салып тыңдау қажет. Суицидті мінез-құлықты жасөспірім өзінің проблемасын ауқымды сипатта көреді және оған сыни көзқарас танытуға тырысыңыз. Бұған әсіресе өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз жасөспірімдер бейім болады. Сондықтан өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді қолдана отырып, кез-келген проблеманың шешімін табуға болатындығын түсіндіріңіз.





































«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі »

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;

проблеманы шешу – қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.Проектор

Барысы.

Топ жетекшісі: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

1-жүргізуші: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2-жүргізуші: Қыз бала –бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

1-жүргізуші: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

2-жүргізуші: Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

1-жүргізуші: Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.

2-жүргізуші: Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.

1-жүргізуші: Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса қыздардың өнерін тамашалайық.( Слайд)

Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-өрнек, төсек жинау.

Ән: «Қазақ қызы».

2-жүргізуші: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.

1-оқушы: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.

2-оқушы: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

1- жүргізуші: Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.

3-оқушы: Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Ал ақын Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттепті:

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

Әдемі қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын

Көрікті қыз істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын

Шырайлы қыз көз жанары өткір, бет - әлпеті бал – бұл жанған, тәні шымыр.

Сұлу қыз сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп – күймейтін, келбетті.

Ару қыз бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы

Ажарлы қыз дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты

Әсем қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік

1-жүргізуші: Шашбау, жолпы, белбеу, бұрым дегеніміз не? Мен осыны ойлап түп мағынасына жете алар емеспін.Маған көмектесе аласың ба?

2-жүргізуші:Көмектесейін, екеуміз қазір Атай мен Әжейдің үйіндегі көріністі тамашалайық.

Көрініс.

Ата: Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.

Түске дейін ұйықтауға тыйым.

Бұраңдап қылымсуға тыйым

Тамақты обырлана асауға тыйым

Ұрлық – қарлыққа тыйым

Салт – дәстүрден аттауға тыйым.

Ұрыс – керіске тыйым.

Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар.

Әже: Әй, қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл – ойы мен мінез – құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден» т.б. мақал – мәтелдер соған арналған.

1-жүргізуші: Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?

2-жүргізуші: Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.

1- жүргізуші: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

2- жүргізуші: Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.

Топ жетекшісі: Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.





«Қуатты мемлекет – Елбасы еңбегінің жемісі»

мақсаты: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту.Еліміздің тұңғыш президенті, Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі екендігін , құдіретті тұлға екенін жас ұрпаққа таныту.Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері,рәміздер, «Астана және біздің Президентіміз» презентация,Қазақстан картасы

Сабақтың барысы: «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, қолдарына жалау ұстап топқа кіреді. Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.

Мұғалім: -Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады.Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Яғни,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз еліміздің әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.Осы жетістіктердің бәрі елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі.

Мұғалім:1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев болып сайланды, қазақ елі өз басшысын сайлады. Қазір біз-бақытты елміз.Елбасымыз өз елінің қамы үшін,тағдыры үшін көптеген істерді жүзеге асырып,атқарып келеді.

Біздің республикамыздың президенті-Нұрсұлтан Назарбаев.

-Балалар, мынау біздің еліміз-Қазақстан Республикасының Туы, көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Тудың ортасында күннің шұғыласы,оның астында қалықтаған қыран құс бейнеленген.Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн,арай,қыран және ою-өрнек -алтын түсті

Мұғалім: Балалармен сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды. -Балалар тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

-Күн,құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз. -Иә,өте дұрыс айтасыңдар. -Ал ,енді, балалар,мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен? -Туымыздың түсі: көк,көгілдір. -Аспанға ұқсайды Балалардың жаттаған өлең жолдары тыңдалады.

Мөлдір:Туға мойын бұрамыз, Нұрсаит: Желбірейді шалықтап Елтаңба деп тұрамыз. Қазақстан жалауы

Әнұран боп асқақтап тұр Көкте қыран қалықтап

Біздің елдің рәмізі. Қанат қағып барады

-Балалар, мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.

-Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар,күн шеңбері.

–Иә,өте дұрыс айттыңдар

Мұғалім:-Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігер, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі,асыл мұраттың,талмас талаптың, құштарлықтың,жақсылықтың белгісі.Ал бес бұрышты жұлдық елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы. -Балалармен әңгіме жүргізіліп,балалардың тақпақтары айтылады.

«Елтаңбасы елімнің»

Елтаңбасы елімнің Құт,береке-шаңырақ Неткен әйбат, әдемі Орын алған ол төрденТұнығындай көңілді Қанатты қос арғымақ Ортада-аспан әлемі Екі жақтан көмкерген

Сергіту сәті

Мұғалім: -Балалар, біз қандай республикада тұрамыз?

Балалар: - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

 Мұғалім: Иә, дұрыс айтасыңдар.Оның астанасы қай қала?

 Балалар: Астана қаласы

Балалардың «Астана» туралы тақпақтары айтылады.

Алтынай:Жаса,жаса Астанам 

Перизат: Астана арман қала Өркен жая бастаған Бағы бір жанған қала Болашақтың есігін Тұрады ол жап-жас болып Өз қолыңмен аш мағанМен үлкен болғанда да

Айкерім: Отанымның төрінде Ту ұстаған Астанам

Сарыарқаның өрінде Әсем қалам,бас қалам

Аружан: Заман жаңа,ел жаңа Өз Астанам-өз Ордам Күлімдейді кең дала Сүйенерім сен ғана!

«Астанаға саяхат шолу» Фотосюжет

Мұғалім: -Балаларға Астана жайлы, Н.Назарбаев жайлы суреттер арқылы әңгімелеп береді. Тәрбиеші: -Астана-ол бас қаламыз. Астанамыз қазір үлкейіп,өркендеп келеді.Көшелері кең,онымен көп машиналар,тролебустар,автобустар жүреді. – Астанада Президенттің сарайы бар. Президент Н.Назарбаев сло жерде қызмет істейді,шет ел басшыларын қабылдайды.Астанада әсем, биік үйлер салынып жатыр, Астанамыз көркейіп келеді.– Тәрбиеші: Қазақстан біздің Отанымыз дедік.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар,Отан үшін еңбек етесіңдер.

Отан туралы мақал-мәтелдер,қанатты сөздер айтылады.

1.Отан-оттан да ыстық 

4.Отан-елдің анасы 

2.Туған жердей жер болмас 

Ел-ердің анасы

Туған елдей ел болмас 

5.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл 

3.Отанды сүю от басынан басталады

«Туған жерді гүлдендір» ойыны

(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)

–Балалар,Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең ,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.

«Туған жер-алтын бесік» демекші,балалар бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді,жерді сүюді,қадірлеуді мақсат етейік.Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауында көрсетілген

«Қортынды сөзімді жас ұрпақа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар.Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңізбен балаларыңыз үшін қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»

«Қазақстан-бақытты ел ,Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды.Тұлға-елдің тұғыры, Тұлға –елдің тұтқасы.Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға –деп бүгінгі сынып саұатымызды аяқтаймыз.























«Тәуелсіздік туы астында…»

Мақсаты: 1. Оқушыларды   еліміздің  тәуелсіздік  алғаннан кейінгі  жетістіктермен  таныстыру, білімдерін  кеңейту .

2. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, плакаттар,суреттер, ел рәміздері.

Әдіс-тәсілі: Әдеби музыкалық монтаж.

Сабақтың барысы:

І. Гимн орындалады

ІІ. Кіріспе (мұғалім)

Алдымызда еліміздің ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күні келеді. Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Ендеше, барша қазақ өз бақыты үшін   десек қателеспейміз. Біз биыл бұл мерекені 20-шы рет тойлағалы отырмыз.

ІІІ. Негізгі  бөлім

І-жүргізуші

Құрметті  ұстаздар, ата-аналар, оқушылар . Сіздерді еліміздің   ең атаулы  мерекесі  16-желтоқсан – Тәуелсіздік  күнімен   құттықтаймыз. Қанша жыл,   қанша  ғасыр  өтсе  де, ұмытылмайтын  оқиғалар  болды 

ІІ-жүргізуші

16-желтоқсаннан кейін арада бес жыл өткенде 1991жылдың   желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт! 

                        Ән: Туған жер

І-жүргізуші

2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы мен Тәуелсіздік жылы деп жариялануда үлкен мән бар. Өйткені қорытындылап, барды бағалап, болашақты белгілейтін кезең осы. Осындай мақсатты ойға ала отырып, 8 «ә» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз!

Оқушы 

1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап, көшуге мәжбү болды.

Оқушы

1923-33  жылдарда  болған  адам  нанғысыз  ашаршылықта  6 млн дай  халықтың  2 млн  опат  болды. Тағы аштық, жалаңаштық, өлім. Әлі жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап, көшуге мәжбүр болды.

  Оқушы

1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған а, апат соғыста бірлік, достық жолында жанл қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты азаттықты қорғап ерекше ерлік көрсетті.

Оқушы

Сонау жылы Жер – көркі

Соғыс бұлты торлаған

Сонда мәншүк апамыз

Жаудан елді қорған

І-жүргізуші

Енді, міне, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет  болдық. Өшкеніміз жанып, тарихымызды қайта жаздық. Елдің рәміздерімізді  жаңадан  жасадық  мемлекетіміздің орталығын  өзіміз  таңдадық

5-оқушы 

16  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасы жоғарғы сессиясы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды                                                        6-оқушы

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады

7-оқушы

4 маусымда Президентіиіз Қ.Р-ның мемлекеттік жалауы, ел таңбасы, ән ұраны туралы Қ.Р заңдарына қол қойды.

8-оқушы

28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш ата заңы қабылданды.

9-оқушы

1993 жылы қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

10-оқушы

1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Конституциясына 1 жыл толды. 16 желтоқсанда Қ.Р тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекексі атап өтілді.

11-оқушы

1997 жыл Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы

12-оқушы

1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы болды.

13-оқушы

1999 жылы Ұрпақтар бірлігімен сабақтастығы жылы болып белгіленеді.

14-оқушы

2000 жылы Мәдинетті қолдау жылы

15-оқушы

2001 жылы Қ.Р-ның тәуелсіздігіне 10 жыл толды.

16-оқушы

2011жыл- Қ.Р тәуелсіздігіне 20 жыл!

Хор Тәуелсіздік туы берік қолда!

IV. Қорытынды

 

Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ бізге.Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде егемендік пен елдіктің  береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай  сақтап, басқа қонған баытты бағалай білу.

       Азаттық ұраннын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын!



























«Жастар және дін»

Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Исламдінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер, Мұхаммед пайғамбардың хадистері, діни кітаптар.

Барысы:

Кіріспе:

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Осы аптада өткізіліп жатырған «Жан қазынасы - адамгершілік» апталық аясында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:

Арал аудандық мішіттің бас имамы: Съезбек Евилхан.

«Жастарды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық аға кеңесшісі: Әзілханов Сұлтанбек.

Облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының Арал ауданы бойынша үйлестіруші, ұйымдастырушы маманы: Әбілов Ерлан.

Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.

Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы.

Діни ұғым бойынша Алла бір, ол біреу және бәрі соның қолында.

Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған.

Ислам дін – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады.

Исламның шарттары: (бір топ оқушылар)

1. Иманды жақсы көру.

2. Күнде бес уақты намазды оқып тұру.

3. Рамазан айында ораза ұстау.

4. Дүние малына зекет беру.

5. Шамасы келсе қажыға бару.

 

2. Әрбір халықтың тілі мен діні, ділі – өмір сүру кепілі.

         Тілі, діні жоқ елдің болашағы бұлыңғыр.

         Өзін мұсылман дейтін әрбір қазақ – Ислам дініне – Аллаға құрметпен қарауға міндетті. Мешіт Алла үйі, қасиетті орын. (сл.  көрсетілім)

Видеокөрсетілім: «Тәуба».

Әрбір қазақ өзінің бойында Ислам дініне – сүйіспеншілігін сақтауы тиіс. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп Абай айтқан, Алла шындық және мәңгілік.

А. Мырзабайқызы. «Аллаға құрмет».

Ей Алла! Жаратушы жаппар ием!

Мәңгілік құдыретті сенің киең!

Жақсымнан табынушы ем бір өзіңе,

Ақиқат ақ жолыңды шексіз сүйем.

Бар әлемді жаратушы бір Аллаһ,

Таласқанды таубалатқан бір Аллаһ.

Дінсіздердің имандарын үйірген,

Калимамыз: «Лә,иллаһа илаллаһ!».

Еліміз егемендік алғалы көптеген адам қажылық парызын өтеп қайтып жүр.

Мекке – исламның негізі қаланған жер, әлем мұсылмандарының астанасы, бас қаласы.

Елбасымыз Н.Назарбаев «біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» деген болатын. «Отанды сүю - иманнан» дейді.Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз.

Алла сөзі Жәбірейіл періште арқылы төрт  пайғамбарға тапсырылады, яғни Мусаға «Таурат», Ғайсаға «Інжіл», «Дәуітке «Забур» және Мұхаммед пайғамбарға «Құран кәрім».

Құран дегеніміз не?

Құран  - мұсылмандардың қасиетті кітабы. «Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан, құран кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида, әрі түгел ғылыми құрылым. Құран Алла әмірімен Мұхаммед пайғамбарға аят-аятымен, сүре-сүресімен 40 жасынан бастап 23 жыл бойы түскен.

Алғаш рет кітап етіп Осман Халифа бастырған. Құран 114 сүре, 6600 аяттан тұрады.  Алланың сөзін жеткізуші Мұхаммед пайғамбар Ғалейһи-с-салам.

Пайғамбарымыз Алланың сөзін алдымен Меккеде, одан кейін Мәдениде Жәбірейіл періште арқылы естіп, өз қауымына жариялаған. Осыған байланысты құранның сүрелері меккелік және мәденинелік болып екіге бөлінеді.                                    

Ән: « Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір».

Ислам дінін басқа діндерде мойындаған. Ислам дінін рок музыка жұлдызы Майкл Джексон қабылдап, мешіт салдырды. Әлемнің бірінші боксеры американдық Майк Тайсонда Ислам дінін мойындаған.

Мұхит әлемін зерттеген ғалым капитан Кустода өлерінде Аллаға табынып кетті. Өліп бара жатып былай депті: «Мен құранда жазылған өзенді таптым. Алла былай деген екен: «егер сендер, адамдар сенбесендер мен жер бетіне мынадай өзен жасаймын. Яғни, бір арнаға қос өзенді қарама-қарсы ағызамын, бірін ащы, бірін тұшы қыламын». Мен сол өзенді көрдім, дәл құранда жазылғандай екен. Сонда Ислам дінінің құдыретіне табынып, Алланы мойындадым». Ол Атлант мұхитымен Жерорта теңізі, екеуіде бір жерде тоғысқанмен қосылуына мүмкіндік бермейтін бір перде бар.

Құран Алла әмірімен Мұхаммед пайғамбарға аят-аятымен, сүре-сүресімен 40 жасынан бастап 23 жыл бойы түскен.

Н.Ә Назарбаев: «Ислам – дін ғана емес, ол – бізідің мәдениетіміз» деген ойлы сөзін ескерсек, Ислам дінін рухани мәдениеттің де ошағы деп санауға мүмкіндік береді.

Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, қай-қайсысыда Исламға негізделеді.

«Әдеп» «мәдениет» сөздерінің өзі араб сөздері екенін көп жайыттан сыр ұқтырады. Қазақ тәрбиесіндегі әдептілік қағидалары құранмен хадистерден алынып отыр.

Хадиспен сүннет мұсылман қоғамының ірге тасын қалап, бұл өмірде бағыт- бағдар көрсетуде темір қазық рөлін атқарды. Халық хадистердің мазмұнын мақалға айналдырып дәріптеді. Айталық, «өтіріктен сақтан, себебі өтірік пен иман бір жерде болмайды» деген хадисті, «өтірікшіде иман жоқ» деген мақалға айналдырып, өскелең ұрпаққа өтіріктен бойын аулақұстауды үйреткен.

Мақал – мәтелдер.

1. Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

2. Жарлы деп сөкпе,

   Пайғамбарға тілің тиеді.

   Жалғыз деп сөкпе,

   Құдайға тілің тиеді.

3. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

4. Адамгершілік абырой әпереді.

5. Ұяты жоқтың иманы жоқ.

6. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.

7. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

8. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік.

Мейірім мен рақым-жалпы жаратылыстың түп негізі. Абай атамыз айтқандай «махабатпен жаратқан адамзатты» Алла тағала аса мейірімді және тым рақымды. Құрандағы барша сүре «Бисмиллаһир-Рахмани-р-Рахим»  деп басталуы ең алдымен Ислам дініндегі Алла түсінігінен хабар беріп тұр. 

«Қош келдің жаңа жыл!»

Мақсаты:
Оқушыларға жаңа жыл мерекесі туралы тереңірек түсінік беру.
Көрнекілігі: Жаңа жыл суреттері
Барысы:
Сиқыршы қыз: 
Кішкентай сиқыршы.Ой,бүгін күн қандай тамаша!Осы ғажайып күн бізге күлімдеп,қуаныш сыйлап тұрғандай.Мен үшін бүгін ерекше күн.Бүгін менің сиқырлы таяғым таң тамаша таңжайыпты көрсете ме екен?Қане,сиқырлы таяғым қандай қызық көрсетесің? (осы кезде шар жарылып,жүргізушілер шығады)
Жүргізуші:
Армысың кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы .
Сәлеметсіз бе?Мен сізді танымадым.Мен өзі қайда тұрмын?
Жүргізуші:
Кішкентай сиқыршы,сіз №60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебінде тұрсыз.Бүгін біздің мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік кеші өтеді.Кел,кішкентай сиқыршы,біздің балалардың білімін,өнерін бірге тамашалаңыз.
Сиқыршы қыз.
Рахмет ,сізге.Мен сізге көмектесіп тұрсам болама?
Жүргізуші:
Әрине болады.Сен бізге қонақ бол.Балалардың өнерін тамашала.
Ән: Шырша жыры
Жүргізуші:
Келіңдер балалар, ертегімді тыңдаңдар. Ертегімде сан қилы қызық-қызық сырлар бар.Жаңа-жылдың кешінде аңдар келіп, бір шешімге достаспақшы ниетпен жиналыпты. Соныменен, жаңа-жылға арналған ертегіні көріңдер.
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да: 
Ау, жарандар, ал қараңдар 
Жауып тұр қар себелеп. 
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек. 
Тым алыстан, Марстан 
Келіп Аяз атамыз 
Жылды тойлап, Билеп-ойнап, 
Көп қызыққа батамыз! 
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң! 
Аю: Жаңа жылдың алдында Тойды еске алдым да Ұйқымды ашып, сергідім Ұйықтамаймын мен бүгін! Жылды қарсы алайық Би билеп, ән салайық. 
Аю: Жаңа жылдың тойында «Жан салайық» ойынға! Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді. 
Түлкі Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем! Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда! Түлкі Достарым, жыл келеді Сыйлығын ол береді Жұмбақ шешкіш тулкінің Өнерін жұрт көреді Тауып өз сыңарымды Тайсалмай, биге түcin, Тарқатам құмарымды. Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан Жүрген жерің күлкілі ән! Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді Kipпi:
Сәлем,достар,аман ба? Нұр берді шырша алаңға Жылға шашу шашайық, Тойлап, көңіл ашайық. Қоян Келші биге басайық! Бәрі билеп жатқанда, жолбарыс келеді. 
Өнершіл аңдар-ай Өңкей паңдар тыңдаңдар, Жаңа жылға әнім бар Қол ұстасып, биге басып, Жыл әніне салыңдар Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi: Сәлем,Жолбарыс! Жақсы-ақ биі! Бәpi қосылып, билейді.
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын! 
«Аңдар» биі биленеді. Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Енді барлығымыз «Ескі жылды» шығарып салайық.
Ескі жыл:
Шырша тойы құтты болсын ағайын,
Жыр тойында би билеп ән салайық.
Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,
Езу жимай бір жарасып қалайық.
Ескі жылың есіркеп.
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын жақсылық,
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен,
Сіздерді қимас көңілмен,
Келер жылқы жылына.
Жақсылығымыз көп болсын,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас-кәрің.
Жүргізуші :Аяулы да құрметті 2013 жыл!Сен құтты жыл болдың.Біз ризамыз саған ескі жыл!Сіз бізбен қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың.Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз.2014 жыл қонақтап шартарапқа.Біз сенімен мүлде қоштаспаймыз,тағы кездесеміз.Ал,сау бол,Ескі жыл!
Ескі жыл:мен сендерге сенемін балалар,ұмытпаймын сендерді сау болыңдар.
Хормен:Қош ,сау бол 2013жыл!
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме? Балалар: Иә. Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына Бip-ақ рет келіп кетеді Қызы мен ұлына Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/ 
Жүргізуші:Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар. Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады. Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады. Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Жүргізуші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Әрі тартады, бері тартады, бірақ жұла алмайды. Шамалы дем алып алайын сосын жұлып алармын дейді.
Сиқыршы:
Мыстан кемпір сен неге балалардың өнерін тамашаламайсың? Балалар өнерлі екен. Сен балалардың өнерін тамашала. Балаларға сыйлық әкелдің бе?
Жоқ. Ендеше мен Аяз ата мен Ақша қарды жіберейін. Балалардың өнерін көрсін. Сау болыңдар балалар!
Ән: Аяз ата
Хор: Аяз ата, Аяз ата
Жүргізуші:
Балалар біз жаңа ескі жылды шығарып салдық. Енді барлығымыз жаңа жылды шақырайық.
Қазір келетін қандай жыл? Сендер білесіңдер ме?
«Жылқы» жылы
«Жаңа жылы»
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай.
Келіңдер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған.
Жыланмын мен жаңа жыл,
Жаңа жылда барлығыңыз.
Жаңа үміт таба біл.
Жылан жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын.
Елде жерде табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.
Балалар өлеңі:
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды. 
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Бақша іші мереке, 
Ойын күлкі асқақ ән. 
Жақсы әпкелер жаңа кеп, 
Мерекені бастаған.
3.Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым, 
Араластым биге де. 
4. Оралдың өлкеме, 
Жаңа жыл армысың. 
Оранды ақ көрпеге, 
Асқартау, қарлы шың.
Би: «Қояндар»
Ән: «Шырша жыры
Би: «Ақша қар»
5. Ақ қырауға малынған 
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған
, Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды, 
Аяз оны басқарды. 
7. Аппақ тонға оранып, 
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан, 
Аяз ата оралып. 
8. Қалып едік сағынып, 
Kүтіп алдъқ жабылып
. Жолын қойдық жарық қып, 
Шыршаларға шам іліп
Қарсы алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды. Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар. 
мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді) Сиқыршы:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырсам шешесіңдер ме?
:Балаларға жұмбақ жасырады: Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) Тікен,тікен тік пістe. Қысы жазы бip тусте (Шырша) 
Сиқыршы: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. 
Сиқыршы: 
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! 
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2014-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Поделитесь с друзьями
ВКонтактеОдноклассникиTwitterМой МирLiveJournalGoogle PlusЯндекс