Тәрбиелік: Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Дамытушылық: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін, балалардың ойлау, еске түсіру қабілеттерін және тілдерін дамыту.
Оқыту: толық, дұрыс жауап беру, 2-3 сөзден сөйлем құрай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы
Просмотр содержимого документа
«3 саны мен сан белгісі»
Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 29.10.2018ж
Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жомарт күз»
Тақырыбы: 3 саны мен сан беглісі.
Мақсаты:
Тәрбиелік: шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баланың ойлау қабілетін дамыту
Оқыту: Балаларды топтастырылған заттарды айыра білуге үйреті, 1 және 1 мазмұны, 3 және көп заттарды салыстыруды үйрету
Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
«Таң шуағы»
Екіден соң әрқашан,
Үш саны-мен тұрамын.
Орныма барамын.
Екі ойшық саламын. (үш саны)
«Қоянның топқа келуі»
ІІ.Негізгі бөлім:
-Балалар біге қоян қонаққа келді. Ол сендерді бүгін жаңа цифрмен таныстыруға келіпті.
Қоян сендерге жаңа санның цифрын көрсетем дейді. Мынау қандай сан?
Не нәрсе бір-бірден болады?
Не нәрсе екіден болады? Иә дұрыс айтасыңдар. Ал үш саны ол көп. Біздің мүмкін үш затымыз болуы мүмкін.Ал үш саны неге ұқсайды? Дұрысайтасыңдар. Үш саны қандай санмен көрші тұрады?
Балалар бізге қоянның әкелген есептері бар екен қане ойша шешіп көрейікші? Орманда тиін екі жаңғақ теріп алыпты, оған кірпі келіп тағы екі жаңғақ беріпті. Неше жаңғақ болды тиінде? Өте дұрыс балалар қане бәріміз қоянмен бірге сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Қане достым аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш-үштен,
Көзіңді қыс үш рет,
Басыңды еңкейт үш рет.
Иықты көтер үш рет,
Солға-оңға үш рет
Орныңда секір үш рет.
Ентігімізді басамыз, Орнымызды табамыз.
Д/ойын: «Цифрын тап»
Мақсаты: Цифрды ажырата білуге үйрету. Балалар үш цифрын тауып оны қоршап сызады.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық?
-Біреу дегеніміз көппе әлде аз ба? Балаларды мақтау, мадақтау