(G/LAB) Көелмді өлшеу. Тапсырманы орындау барысында мұғалім әрбір оқушының жұмысын қадағалап, қиындық туындаған жағдайда сұрақтар қою арқылы оқушының тақырыпты өздігінен меңгеруіне жағдай жасап кері байланыс беріп отыруы қажет. Өлшеуіш цилиндрдің көмегімен көлемді анықтау Мақсаты: Өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтау, оның көмегімен сұйықтың көлемі мен бұрыс пішінді денердің көлемін анықтауды үйрену. Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, суы бар стакан, басқа ыдыстар, дене. Жұмыс барысы: Мензурканың бөлік құнын анықтаңыз. Б.қ.=………………………см3 Мензуркаға су құйып, оның көлемін өлшеңіз. Нәтижесін аспап қателігін ескере отырып жазыңыз. V1=…………..…………………….см3 Басқа ыдыстардағы суды мензуркаға кезек-кезек құя отырып, көлемдерін анықтаңыз. Өлшеулер нәтижесін кестеге енгізіңіз. Зерттелетін дене | Ыдыстағы сұйықтың көлемі V , см3 | Ыдыстағы сұйықтың көлемі V , м3 | мензурка | | | пробирка | | | көпіршік | | | Мензуркаға дене толық бататындей етіп су құйыңыз да осы құйылған судың V1 көлемін анықтаңыз: V1=…………………см3 Д енені жібінен ұстап тұрып суға толық батырып судың V2 көлемін анықтаңыз: (суретке қараңыз) V2=………………………..см3 Дененің көлемін есептеңіз: V = V2 - V1. Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңыз: Дененің атауы | Мензуркадағы судың бастапқы көлемі V1 / см3 | Мензуркадағы су мен дененің көлемі V2 / см3 | Дененің көлемі V=V2-V1 /см3 | | | | | Қорытынды: Мен бүгін …………………………………………………өлшедім. Мынадай мәндер алдым: ……………………………………………………… Егер дене дұрыс пішінді болса, дененің көлемін ........................................................................... білу арқылы анықтауға болады. Бұрыс пішінді шағын денелердің көлемін ..................................... көмегімен анықтауға болады. Ол үшін алдымен ......................................... өлшеу керек, сондан кейін ............................................ өлшеу керек, сонда дененің көлемі .................................................................................. айырмасы болады. Мотивациясы жоғары оқушыларға қосымша тапсырма: Денелердің көлемін анықтаңыз: 1.а) 1.b) ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………… 2. Фанерадан өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын параллелипипед пішініндегі ашық жәшік жасау керек. Жәшікті жасау үшін қанша фанера жұмсалады? Оның сыйымдылығы қандай? | Көлемдері әр түрлі өлшеуіш цилиндр, суы бар стакан, басқа ыдыстар, бұрыс пішінді денелер (тас, ермексаз кесегі, картоп және т.б. денелер). Құралдар әрбір оқушыға беріледі. |