Басы
10 мин
|
І.Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қайырлы күн, көздерім!
Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!
Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!
Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!
Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады
ІІ. «Woorkwall» қосымшасы арқылы алдыңғы білімді еске түсіру.
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
-Негізгі зат есімдер дегеніміз не?
-Туынды зат есімдер дегеніміз не?
-Негізгі зат есімдерге мысал келтір. Дәлелде.
-Туынды зат есімдерге мысал келтір. Дәлелде
ІІІ. Паз құрастыру
Құрастырған суреттегі сөздерді атау, сұрақ қою, туынды зат есім жасау.
Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды
Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
суреттер
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
|
Ортасы
25 мин
|
Жаңа сабақ
1-тапсырма. (Ұ.Ж)
31-жаттығу. Мәтінді оқы.
Киіз үй мен ағаш үй. Ы. Алтынсарин.
«Серпілген сауал» әдісі
-Мәтін не туралы?
-Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
-Киіз үй мен ағаш үйдің ортақ белгілері мен өзгешеліктерін ата.
-Қарамен жазылған сөздерден туынды зат есім жаса. -Әділ қазы орыс пен қазаққа қандай ақыл берді?
-Әділ қазы оларды неге шақырды?(бірлікке)
-Әділ қазының шешімі оларды қанағаттандырды ма?
-Өзің қандай ақыл қосар едің?
Венн диаграммасы арқылы үйлердің ерекшеліктерін сипаттайды. (табыс- табыскер, дос- достық)
-Киіз үй мен ағаш үйдің айырмашылығы қандай?
Киіз үй Ағаш үй
Түсіндірме сөздікпен жұмыс
Әділ қазы – әділ шешім қабылдаушы.
2-тапсырма.Жұптық жұмыс
32-жаттығу. Өлеңді көркем жаз.
Менің атам жайлауға
Малын айдап шығыпты.
Көк шалғынды қойнауға
Киіз үйін тігіпті.
Қарап шықтым біртіндеп,
Бар жиһазы жарасқан.
Туырлығын түргенде,
Көрінеді көк аспан.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Киіз үйдің қандай жабдықтарын білесің?
-Зат есімді сөз құрамына талда.
ЕБҚ тапсырмасы

3-тапсырма Топтық жұмыс
33-жаттығу. Мәтінді оқы.
Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Оларға түрлі жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жаса.
(кітап-кітапхана, кітапханашы, мал-малшы, мүсіндері-мүсінші, құстың-құсбегі, аңның-аңшы)
ЕБҚ тапсырмасы
Мәтінді оқиды
Ширату. Ой сергек!
«Сөздер тізбегі» ойыны.Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жаса.
Ай, кезек, саз, ойын, дәрі, ұста, оқу, сыз, мүсін, би, ас, қой.
|
Үлгі жауап:
(айлық, кезекші, сазгер, ойыншық, дәрігер, ұстахана, оқушы, сызғыш, мүсінші, биші, аспаз, қойшы)
Саралау. Шығармашылық үзіліс.
1-деңгей:
Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз:
...- кезекші …- сөздік
…-бапкер …- бастық
(кезек, бап, сөз, бас)
Көп нүктенің орнына туынды зат есімді қойып жаз:
бі-... етік-...
орын-... балық-...
(білім,етікші, орындық, етікші, балықшы)
2-деңгей: Артық сөзді тап!
1. Сәнді, білім, ұшқыш, ұстаз;
2. Қысқы, аула, балық;
3. Қара ала, сахна, торғай;
(сәнді, қысқы, қара ала)
3-деңгей: Жаңылтпашты оқы. Сөз құрамына талда.
Қандай қорытынды жасар ең?
Шын еңбекшіл - өрмекші,
Өрмекші - шын өрнекші.
(өрмекші)
|
Мәтінді оқиды.Топтар қарсы топтарға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына сынып алдында жауап алады. Қарамен жазылған сөздерден туынды зат есім жасайды.
Оқушылар жұптаса отырып, өлеңнің не туралы екенін және киіз үйдің жабдықтарын санамалап айтады. Туынды зат есімді тауып, сөз құрамына талдайды.
Қарамен жазылған сөздердің түбірін табады. Оларға түрлі жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасайды.
Берілген сөздер тізбегін құрастыру үшін әр топтан бір адамнан шығып, туынды зат есім айтып, дәлелдейді. Ойын осылайша жалғаса береді.
|
Дескриптор:
-Мәтінді оқиды;(1б)
-мәтін мазмұны бойынша бір-біріне пікір білдіруге бағытталған сұрақ қояды, жауап береді;(1б)
-негізгі және туынды зат есімді анықтайды;(1б)
-туынды зат есімдердің жасалу жолдарына назар аударады.(1б)
Дескрипторы:
-киіз үй жабдықтарын біледі;(1б)
-сөз құрамына талдайды;(1б)
-туынды зат есімдерді табады;(1б)
-өлеңді қатесіз, сауатты жазады.(1б)
Дескриптор:
- Қарамен жазылған сөздердің түбірін табады;(1б)
- жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасайды.(1б)
|
Слайд 4
Суреттер
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
|