Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару Психологиялық ахуал Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. 1-тапсырма Зерттеу нәтижесімен бөлісу. Белгілі бір уақыт аралығында іс- әрекет жасап көрейік. 1. Қол шапалақтау 2. Секіру. - Қанша рет қол шапалақтадыңыз ? - Неше рет секірдіңіздер ? Осы іс- әрекетті жасау үшін сізге қандай уақыт берілді ? -Аз ба ? -Көп пе ? -Аз уақыт аралығы қалай аталатынын білесіз бе ? - Бүгінгі сабағымызда минуттың ұзақтығын білеміз . Минут - уақыттың өлшем бірлігі. Уақытты минутпен анықтау үшін электронды, механикалық және құмсағатты қолдануға болады.  Дескриптор: Білім алушы Белгілі бір уақыт аралығында іс- әрекет жасайды. Қысқа уақыт аралығының минут екенін ажыратады. Қалай ойлайсыздар 1 минутта не істеуге болады ? 2-тапсырма Зерттеу жүргізейік. өз есімін жазу; қағазға нүктелер салу; жіпке моншақтар тізу. Өз есімімді --------------- рет жаза аламын Қағаз бетіне -------------- рет нүкте жасай аламын Жіпке ------------ моншақ тізе аламын. Дескриптор: Білім алушы -іс-әрекет жасайды. Жасаған іс- әрекетін жазады. 3- тапсырма Шығарып көр. Жұптық жұмыс. Сағатқа қарап, қанша минут өткенін анықта.  Дескриптор: Білім алушы Сағатқа қарап қанша минут өткенін анықтайды. 3- тапсырма Сен білесің бе ? Дені сау ересек адамның жүрегі 1 минутта 60-65 рет соғады. Өз жүрегіңнің тамыр соғысын анықтап көр. Өз тамырларының соғысын тексеріп көреді. Дәрігер өрт сөндіруші Дескриптор: Білім алушы Пайдалы ақпаратты тыңдайды Өз тамырының соғысын тексереді. Дәптермен жұмыс 1 минут ішінде гүлдер мен доптарды бояу. Дескриптор: Білім алушы Гүлдер мен доптарды бояйды. Нешеуін бояғанын анықтайды. |