СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы мен оқу орны арасындағы қарым - қатынас

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым -қатынастың оқушының сабаққа үлгеріміне, тәртібіне тигізетін әсерін белгілеу. 

Просмотр содержимого документа
«Отбасы мен оқу орны арасындағы қарым - қатынас»

«Мектеп пен отбасы арасындағы қарым – қатынас»

Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебінің

әлеуметтік педагог Қайпханова Мейрім.


Әлеуметтік тренинг

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым – қатынасын жоғарылату, ата –аналар мен ұстаздардың үнемі байланыста болуы, бала тәрбиесінде ерекше маңызды екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Ата – аналар мен мұғалімдердің өзара тығыз қарым – қатынасының бала тәрбиесіне қажеттілігін түсіндіру;

  • Мектеп өміріне ата – аналарды белсенді араластыру;

  • Мұғалім мен ата – ананың жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін көрсету;

  • Екі жақты тығыз қарым – қатынасты қалыптастыру;

Қажетті материалдар: интерактивті тақта, бейджик, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, рефлексия парағы, ата – аналарға кеңес жазылған слайдтар;

Тренингті өткізу құрылымы:

  1. Салемдесу (мақсат, міндеттерін көрсету);

  2. Қатысушылармен таныстыру;

  3. Тақырыптық бөлім;

  4. Тәжірибелік бөлім;

  5. Қорытынды, рефлексия;

Өткікізу тәсілі – интерактивтік (формасы - тренинг):

  1. Хабарлама;

  2. Ойын жаттығу;

  3. Пікір талас;

  4. Сұрақ – жауап;

  5. Рефлексия;


  1. Ұйымдастыру: 1. Амандасу;

2. Тренингтің мақсат, міндеттерімен таныстыру;

  1. Қатысушылармен таныстыру:

  1. Қатысушыларға арнайы бейджигке жазылып дайындалған жеміс – жидек, көкеністер таратылады. Осы бейджигтер қатысушылардың тренингтегі аты болады.

  2. Қатысушылардың өздерін таныстыруы және тренингтен күтетін әсерімен бөлісуі.

  1. Тақырыптық бөлім: (қысқаша баяндама оқылады.)

Ата – ана және ұстаз!

«Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі» деген нақылды В.Белинский бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, тәрбиенің арқасында болашақ азамат тағдырының негізі қаланатынын дөп басып айтқан. Ұрпақ тәрбиесі – қоғам болашағы. Оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әр саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе», - деген ел данасы М.Әуезов. Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Көпшілігі тұрмыс тауқіметімен жүрген ата – аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі төмендеп кететіні сөзсіз. Ал, мектептегі бала тәрбиесіне тікелей жауап беретін ұстаздың атқарар ісі шексіз.

Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, тізгінді үнемі қадағалаумен ұғынылады. Ойлап қарасақ, тәрбие баланың бойына балалық шағынан бастап есейгенге дейін төрт – бес түрлі жолмен беріледі екен. Атап айтсақ, отбасылық, балабақша, қоршаған орта (көрші,жолдас т.б.), мектеп (оқу орны), жұмыс орны. Біз осының 1 және 4 түріне тоқталамыз.

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» деген С.Смайлс. халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Ата – ана көбіне ақыл айту әдісіне бой алдырады. Солай бола тұра отбасында бала бойына мынандай тәрбие түрлерін сіңіріп өседі.

1.Тұрмыстық.2. Этика. 3.Эстетика 4. Адамгершілік. 5.Отаншылдық. 6. Дене тәрбиесі. 7.Бауырмашылық. 8.Ұлтжандылық. 9.Білім беру. 10.Экологиялық.

11. Кәсіби бағдар. 12. Шыншылдық. т.б.

Ата – ана бұл тәрбие түрлерін айқай – шусыз, қарапайым күнделікті тіршілікте бала бойына сіңіріп жатқанын өзі де байқамайды. Мысалы: Тұрмыстық тәрбие – тамақ істеу, үй тазалау т.б жұмыстармен балаға міндет бөлу арқылы оны жауапкершілікке тәрбиелейді. Этика бойынша жақсы мінез – құлық көрсете отырып, ұта білуді, ұтыла білуді үйретеді. Осы арқылы бала мінезі шыңдалады. «Алдымен жақсы мінез – құлықты үйрет, сонан соң ақыл үйрет» - С.Сенека. Адамгершілік тәрбиесі – қайырымдылық, тіл алу, қиянат жасамау т.б әрекеттер арқылы бала бойына жол табады. Бауырмалдық пен көпшілдік ұлтжандылыққа жол ашады. Енді осы баланың отбасында алған тәлім – тәрбиесін басқа ортада шыңдау ұстаздардың парызы!

Тәрбие барысында бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, оның өміріне өзіндік таным, тәлім, өмір тәжірибесімен ұстазы енеді. Деңгейі биік, бар жағынан, мұғалім балаларды дөңгелете жөнелер, бар айтқанын істетер, санасына ақыл – парасат, мақсаткерлік үйретеді. Әрбір саналы мұғалім балаға талап қоймас бұрын оның ата – анасы, тұрмыс жағдайы туралы толық біліп, баланың мүмкіншілігін ескеруі керек. Жақсы мұғалім қандай болмақ?! Бірнеше кеңестерге тоқталсақ: Ақылмен басқару; (табандылық, жай сөйлеу, оңаша тілдесу, тапқырлық, қол жұмсамау т.б). Шығармашылықпен еңбектену; (тың шешім, шығармашылыққа баулу, сурет салу, өлең, ән айту). Педагогиканы жақсы білу; (ұлттық педагогиканы санаға сіңіру). Өз пәнін жақсы білу;(шеберлікке қол жеткізу, түрлі әдістерді игеру). Ұжымшыл болу; (оқшауланып қалмау, баланы бөлмеу, жалғызсыратпау). Саяси сауаттылық; (бала жан – жақтылықты сезінуі керек). Мақсат қоя білу;(баланы шыңдау, батылдылық, арманға жету жолындағы жүректілік). т.б.

Ата – ана мен мұғалімнің нәтижелі еңбегі бала өміріне үлкен өзгрістер енгізіп, оны жақсы жақтарға жетелері анық. «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік» демей ме ұлы кемеңгеріміз. Сондықтан да қазіргі таңда болашақ жасөспірімдердің алғыр да, зерек болып өсуі үшін – « Жаман бала болмайды, оның жақсы қасиетін тани білейік» дегім келеді.


  1. Тәжірибелік бөлім:

Жаттығу №1 «Бірлесіп сурет салайық!»

Керек құрал – жабдықтар; А4 қағазы, саны жағынан жұп түрлі қарындаш, жапсыру үшін магнит тақта, әдемі әуен.

Қазір сіздер жұп құрып, ата – ана және ұстаз болып жұмыс жасайсыздар. Әр жұпқа «Біздің баламыз» атты тақырыпта сурет саламыз. Сурет салу кезінде әңгімелесуге тыйым салынады. Ұстаздар баланың оң жағын, ата – аналар сол жағын салады. Барлығы болған соң суреттер қорғалады. Көрсетілім барысында қатысушыларға:

  • Сізге тапсырманы орындау қиын болды ма?

  • Сізге не көмектесті және ен кедергі болды?

  • Серіктесіңіз салған сурет сізді солай қарай бағыттады ма?

Жаттығу №2 «Тыңдау және есту»

10 – ға дейін санап көрейік. Бір қарағанда оңай! Бірақ олай емес, бұнда тек қана санап қоймай, ести білу керек, басқа адамды сезіне білу.

Ереже: белгі бойынша (шапалақтау) бір кісі бір санды, келесі кісі екіні .... ары қарай жалғаса береді.

Жаттығу №3 «Екі алақан»

Екі алақанды біріктіру сұралады. Бір алақанды екінші алақанға қаттырақ басып, бұны бірнеше рет қайталау. Интенсивтілікті күшейтіңіз. Не сезіндіңіз? Көпшілігіңіз алақанды бастапқы қалыпқа келтіргілеріңіз келеді, өйткені екінші алақан ауырсынып тұр. Қарым – қатынаста дәл солай, бір жақтың екінші жаққа қысым көрсетуінен жағымсыз қарым – қатынас пайда болады. Жағымсыз қарым – қатынастан гөрі өзара түсіністік байланыс тиімді. Оқу процесінің жетістікке жетуіне септігін тигізеді.

Негізгі қорытынды: Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді жолы мен жақсы нәтижесі мектеп пен отбасының өзара бірлесіп жұмыс жасауы. Жоғарыдағы жаттығулар барысында біз, ата – аналар мен мұғалімнің балаға деген көзқарасы мен қарым – қатынас жасауы екі түрлі екендігін байқадық. Сондықтан, екі жақ бір – бірімен түсіністік, ұйымшылдық қатынаста боласа, бала тәрбиелеуде айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз анық........

  1. Тренингті қорытындылау. Рефлексия.

Сонымен, бүгінгі мақсат – өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым – қатынасын жоғарылату, ата –аналар мен ұстаздардың үнемі байланыста болуы, бала тәрбиесінде ерекше маңызды екендігін түсіндіру болатын. Яғни, біз педагог ретінде ата –аналар сіздерден мектеп өміріне бұрынғыдан да белсенді қарым – қатынас күте аламыз ба?!

Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді алдарыңызда жатқан «рефлексия» парағына жазып, лебіздеріңізді білдірсеңіздер болады.

Тренингті қорыта келе, бүгінгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Шапалақтау үшін екі алақан керек болса, бала тәрбиесіне де екі жақты тығыз қарым – қатынас керек. Шапалақтың қаншалықты қатты шығуы, екі алақанға байланысты. Ал баланың белсенді түрде дамып жетілуіне, биіктен көрініп, оның ішкі қабілетін дамыту үшін де біріккен ұжымды қатынас қажет.

Ата – аналар мен ұстаздарға арналған кеңес пен ұсыныстар жазылған парақшалар таратылады.