СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Төл теңгеміз туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. одан  туындайтын  ауру  түрлерін  білуге  тәрбиелеу. Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.

 

Просмотр содержимого документа
«Төл теңгеміз туралы»

Тақырыбы: Төл теңгеміз туралы

Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады   Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
Жүргізуші: . Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді.                                                                                     

Жүргізуші:Әрине, теңге бірден төрт ая­ғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жыл­дар оның құнсызданған ке­зеңі болды. Де­генмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқ­татқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен ор­нық­тылығын сақтауы мемле­кет­тің қаржы саясатындағы қарым­ды істерінің нәтижесі.
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере­кесінің бірі екені сөзсіз.                                    

Жүргізуші:  Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның  дымқыл ауасын жұтып, үлкен  еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта.   Ол — Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.   Ақша — асыл қазына, халық байлығы.
Жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
Жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
Жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
Жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
Жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
 Сабина:                                                                                                                               Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
Жүргізуші: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар. Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
1-оқушы:
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
2-оқушы 200 теңге  
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследуются по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
3-оқушы 500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
4-оқушы 1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
5-оқушы 2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ« жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
6-оқушы 5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ« жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
7оқушы10000теңге                                                                                                             Өлшемі: 149х79 ммБасым түсі: күлгін көкБет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай  банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай — орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген  жазу орналасқан.         

 8оқушы:                                                                                                            Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.


Осымен Төл теңгеміз туралы оқушылар жиыны аяқталды.





























Өткізілген іс-шараға сараптама


Тақырыбы: Төл теңгеміз туралы

Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілгендігі туралы айтылды. Ұлттық теңгеміз туралы түсінік берілді. Оның шығу тарихы туралы түсінік берілді. Одан әрі оқушылардың ақша туралы сөздеріне кезек берілді. Олар әр 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 тенгелеріне тоқталып айтып өтті.   Мысалы: 2-оқушы 200 теңге  
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследуются по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. Әр оқушы өзіне берілген теңгелерді айтып түсіндіріп өтті.
                                                                











Жамбыл бастауыш мектебі







(оқушылар жиыны)











Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.















2015 – 2016 оқу жылы