СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Денсаулық еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Денсаулық еліне саяхат

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;

 салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру;

денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» Томас Карлейль

Просмотр содержимого документа
«Денсаулық еліне саяхат»


№ 5 мектеп-лицей






«Денсаулық күндері» атты онкүндікте өткізілген ашық тәрбие сағат

«Денсаулық еліне саяхат»










Өткізген: Нұрымбетова Н.О

2 «А» сынып










2021-2022 ж






Күні: 26.11.2021

Тақырыбы: Денсаулық еліне саяхат

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру;

салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру;

денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»
Томас Карлейль


Денсаулық-баға жетпейтін жалғызғана асыл дүние.Ол жақсы болу үшін не уақытты,не күш-жігерді ,не еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық –адам өміріндегі ең жоғары дүние болғандықтан,әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлу қажет,үнемі денсаулықты күтіп,оның қорын көбейтіп отыру керек.Әркім өз денсаулығының нашарлауына өзі себепкер.Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында.Сол себепті ,әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.Салауатты өмір салты әрқайсысымызды дене тәрбиесімен айналысуымызға,дұрыс тамақтануымызға ,зиянды әрекеттерден аулақ болып,тазалықты сақтауымызға ынталандырады.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда денсаулық тақырыбына арнап, денсаулық еліне саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шығатын балалар қандай екенін ойын арқылы білейік.

Жағдаяттар

1 Шәкен ертең болатын емтиханды ойлап,әбден мазасы кетті.Барлық сұрақтарға жауап бергендей боды.Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап,мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді.Мазасыздықтан арылыу алмаған Шәкен өзін жайсыз сезінді.

Шәкенге қандай кеңес берер едіңдер?

2 Айнаш пен Күләш бір сыныпта оқиды.Айнаш аққкөңіл,құрбыластарымен тез тіл табысып кетеді.Күлән та ашық жарқын,бірақ Айнаш болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді.Неге екені белгісіз Айнаштың жетістіктері Күләшқа түрпідей тиеді.Берекесі кетіп,бойын мазасыздық билейді.

Күләштің мазасыздығының себебі неде?

3 Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты.Анасы баласының бұл ісіне ;
-Денсаулығыңды бұзасың ғой .Отырып дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?-деп кейіді.
Самат анасына:
-Тамақтанудың денсаулыққа не әсері бар?-деп жүре тыңдады.

Саматтың айтқаны дұрыс па?

«Күн тәртібі» аялдамасы. Ойын «Орныңды ауыстыр

-гигиенаны сақтайтын балалар орын ауыстырыңдар;

-көп ұйықтайтын балалар орын ауыстырыңдар;

- кешке ерте жатып,ерте тұратын балалар орын ауыстырыңдар;

-күн режимін сақтамайтын балалар орын ауыстырыңдар;

-спортты жақсы көретін балалар орын ауыстырыңдар;

- денсаулығы мықты балалар орын ауыстырыңдар.

«Гигиенасы» аялдамасы жұмбақтар шешу
Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақта тісі бар. Шашыңмен ісі бар.

Бұл не? (тарақ)
Жуынып болғанда

Жүреді қолдарда (сүлгі)
Қантта емес, ұнда емес
Ұқсастық бар ептеген
Тістің бәрін аппақ қылып
Тигізеді септігін (тіс пастасы)
Қарап тұрсаң өзіңе,   ,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе(айна) 
Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір –ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (сабын)

Арқалығы сүйектен
Жапсырылған қылы бар
Тістен көрсе кірлерді
Тұра алмайтын жыны бар (тіс щеткасы)

.Шықпай жатып көшеге,

Үсті-басы кірлейді,

Бұл баланы кім дейді? (салақ бала)

2.Қыста жерге түседі,

Көктемде сылдырлап ағады,

Жазда, күзде тамшылайды...(су)
«Өмір-қозғалыс» аялдамасы
Флешмоб билеу

(Музыка ойналып ортаға Кірқожалақ келіп кіреді)

Мұғалім:

-Балалар мына кірқожалақ қайдан келе жатыр екен?

Кірқожалақ:

-Өй сіздердің жаттығу жасап жатқандарыңызды естіп қалдым. Жаттығу жасап не керек, мен құсап бос жүрмейсіз бе?

Дәрігер:

-Сен Кірқожалақ неге айтқан тілді алмайсың. Неге жуынбай, ертеңгілік шынығу жаттығуларын жасамай жүрсің?

Мұғалім :

-Бұлай болмайды сен осылай Кірқожалақ болып жүре берсең ауырып қалуыңда мүмкін. Ендеше құлақ түр, біздің балалар саған денсаулық пен тазалық туралы айтып береді.

«Тазалық» аялдама

1-бала:

Тазалық сенің серігің

Жанға дауа – тазалық

Сергітетін адамды –

Қимыл менен қозғалыс.

2 -бала:

Сырттан келіп үнемі,

Сабынмен қол жуамыз,

Тамақтың алды – артында,

Қолыңды бала жуып жүр.

3-бала:

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі-жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

4 -бала:

Дос бол сабын, сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де, кешке де,

Жуын күндіз, түсте де.

Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында.

Жуын ұйықтар кезіңде,

Жуын тұрған мезгілде.

5 -бала:

Тазалықтың досы»
Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.

6 -бала:

Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы

7 -бала:
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы

8 -бала:

Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы

9 -бала:
Ас ішуге тұрайық
Қолымызды жуайық
Сабын, суды аямай
Тазалықты ұғайық

10-бала:
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар
Ұстайтын тамақты
Отыз екі тісі бар

11 -бала:
Тазалап жүр тісіңді
Кішкене де ыңғайлы,
Тіс щеткасын пайдалан
Тазалауға болмайды
Щеткасымен басқа адам

«Денсаулық» аялдамасы
Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы.Дені сау адам өзі үшін де,ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек.Қоғамдағы жұмысты тек денсаулығы бар адам ғана істей алады.
Денсаулық –зор байлық »деп бекер айтылмаған.Денсаулық адам өмірінің негізгі тірегі.Денсаулығы нашар адам қоғамға да,отбасына да жайсыз екені белгілі.Адам өз мақсатын денсаулықтың арқасында ғана жүзеге асырады.
Бүгінгі күннің,қазіргі өмірдің басты мәні,халқымыздың «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»деген қағидасы жеткіншек ұрпақтың санасына енгізу-болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығару.

І. Деніміз сау болу үшін не істеу керек? (жаттығулар жасаймыз, суға түсеміз, жақсылап тамақтанамыз)

ІІ. Дәрумендер деген не? Дәрумендерді қайдан аламыз, олардың қандай пайдасы бар?

Дәрумендер – тірегің,

12-бала

«А,В,С,Д,Е» деп аласың.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.

Алуан түрлі азық бар,

Ет, май, сүт, балықтар.

Көкөністер, жемістер,

Дәрумендер тұрағы –,

14-бала:

Денсаулық ол күлуің

Көңіл күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

13-бала:
Алғашқы тіс сүт тістер
Түсіп бірге тынады
Алты жастан нық тістер
Тұрақты тіс шығады

15-бала

Қоршаған ауамен

Шығып кең далаға.

Шынық сен әрдайым.

Керемет ауада.

Дәрігердің кеңесін есіңде сақта!
- күніне кем дегенде 2 рет тіс жуу керек.
- Ұқыпты таза жүру керек.
-Әрдайым спортпен шұғылдану керек
-Дұрыс тамақтану керек.
-Күнде жуынып жүру керек.
-Әрдайым жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек
Дәрігер:

-Балалар дұрыс айтады, ендеше қарашы балалардың алдарында нелер жатқанын. Бұның бәрі бізге күнделікті керек заттар.Балалар алдарыңыздағы заттарды ендеше Кірқожалаққа табыстайық ол үйіне барып жуынып тазалансын.

(Балалардың алдарында сабын, сүлгі, тіс пастасы, тіс щеткасы, ысқыш)

Кірқожалақ:

-Тамашабалалар қандай ақылды балаларсыз. Рахмет мен сіздерге риза болдым.

Сау болыңыздар мен тезірек барып жуынып жаттығу жасайын.

Мұғалім : Балалар «Денсаулық» еліне жасаған саяхаттарың ұнады ма?

Не үйрендіңдер?

«Дәрумендер туралы білдік, судың пайдасын түсіндік, түрлі ойындар ойнап, жаттығулар жасадық»

Жарайсыңдар, балалар!

«Тіс пастасымен» жұмыс
1 күн бұрын 1 стақан колаға піскен жұмыртқаны салып қойып, енді оны балалармен бірігіп бір жақ шетін ғана тіс пастасымен ысқылап тазалау. Тіс пастасының көмегі туралы айту.
Міне Жалқаубек түсіндің бе? Енді қапшықтағы заттарды қарап көрейік.
Ол үшін жұмбақ жасырамын


Практикалық әрекет.
- Қолды қалай тазалап жуу керек?