Домбыра туралы баллада
әні Кеңес Дүйсекеевтікі, сөзі Шөмішбай Сариевтікі
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Қайырмасы.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Қайырмасы.
Домбыра
Домбыра – дәурен, ән - ғұмыр О, домбырам! Сыйқырлы үнмен сөйлейсің мың тілде сен, Көңілімнің табасын кілтін де сен. Мұң шерімді қайдағы қозғамасаң, Кірпігімде шық болып іркілмесең. О, домбырам!
.
- Шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Қ азақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен.
Мәтінмен жұмыс
- шерту – щелкнуть пальцем; негромко, спокойно играть (на струнных инструментах);
шертіп отыру – играть на домбре
қос - пара, парный, два, двое, двойной
қос ішекті - двухструнный
тиек – деревянная подставка под струны
перне – лад – поперечные деления
самырсын – кедр
Домбыра - қазақ халқының саусақпен шертіп ойнайтын көне аспаптарының бірі.
Шанағы алмұрт тәріздес бірнеше перне тағылған ұзын мойны бар. Шанағының беті жұқа тақтаймен жабылған.
Домбыраның батыстық және шығыстық екі түрі бар. Батыстық домбыралар арты дөңгеленіп, шанағы үлкендеу, мойыны ұзындау.
Шығыстық домбыралар шанағы кішілеу, жалпақ. мойыны қысқа болып келеді.
Бұрын пернелері 7 немесе 13, мойыны қысқа болса, қазір классикалық шығармалардың орындалуына байланысты 19 перне тағылып, диапазоны едәуір кеңіді.
Домбыра— қазақ халқының көне музыка аспабының бірі .
Біздің заманымызға қазақ халқының ән - күйлері, жыр дастандары осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қояды.
Домбыра құрылысы.
Домбыра 3 бөліктен тұрады: бас бөлігі, мойыны, шанақ.
Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады.
- Домбыра тек екі ішекті ғана емес, үш ішекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш шекті домбыра Қазақстанның әр түрлі аймақтарында кездескен, қазіргі кезде бұл аспап түрі тек Семей облысында сақталған.
Домбыра
Домбыра екі ішекті, тоғыз перне,
Жарасар күйді тартып, айтсаң терме.
Домбыра іші қуыс, сырты тақтай,
Бірақ та сөйлемейді қолым қақпай.
Білгенге домбыра бір өнер екен,
Күткенді бұл да тәуір көреді екен.
Домбыра екі ішекті ойнап қағам,
Сіздерге ән айтайын, келсе шамам.
Халық өлеңінен
Қазақ халқының атақты күйшілері
Құрманғазы
Дәулеткерей
Дина
Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.
“ Біржан-сал” кинофильмі (2009)
- Бас режиссері Досжан Жолжақсынов
- Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең – менше сүй, - деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.
Ақмола облысы
- Астрахан ауданы
- Қызылжар орта мектебі
- 4 сынып оқушысы Чибисова Анастасия
- Жетекшісі: Мустафина Слушаша Мубараковна қазақ тілі және әдебиет мұғаліміі Көнеден жеткен — домбыра І. Кіріспе бөлім Жобаның мақсаты: Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттыру Мазмұны 1.Домбыраның шығу тарихы 2.Домбыраның түрлері 3.Домбыра аспабының құрылымы 4.Домбыра аспабының қасиеттілігі 5.Домбыраның зерттеу нәтижелері
- 6. Дереккөздер
- Жобаның өзектілігі: Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады. Жобаның болжамы: Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл - ойы, санасы өзгерер еді.
- Домбыра – дәурен, ән - ғұмыр О, домбырам! Сыйқырлы үнмен сөйлейсің мың тілде сен, Көңілімнің табасын кілтін де сен. Мұң шерімді қайдағы қозғамасаң, Кірпігімде шық болып іркілмесең. О, домбырам! Домбыраның шығу тарихы ( слайд) Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
- Домбыр а да күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады.
- Домбыраның түрлері Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 болды, кейін 9 - 19 . Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған. Домбыра екі, кейде үш ішекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап. Халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Ол қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарынан жасалған.
- Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде
- ән мен күй домбырасы
- торсық
- тұмар
- кең шанақты (екі нұсқасы)
- балдырған
- балашық
- шіңкілдек
- аша
- үш ішекті
- қуыс мойын
- шертер
- оркестр домбыралары:
- қоңыр дауысты (альт)
- жіңішке дауысты (прима)
- ащы дауысты (секунда)
- Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, солтүстік және шығыста домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған. Аңыз әңгіме “Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады. Оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады .Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз балаларымнан қалған жұрнақ осы болар” деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен.”
-
- Домбыра құрылымы Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ жер қойнауына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады. Домбыраның басы - Аспан, Домбыраның мойны - Бәйтерек, Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Үш әлемді байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі - домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс, жапырақ ) береді. Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп, ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй – адамның рухани жан азығы. Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін – домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлкен ой салады. Мүмкін бәйтерек негізінен әуен шығып, адамдарды елжіретіп, бойын балқытып, әсерлендіруінің арқасында түрлі өнердің пайда болуына ықпал еткен болар. Домбыра аспабының қасиеттілігі: Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.(учит трудолюбию) Домбыра – шежірені білуді талап етеді (знать родословную) Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.(лечит душу человека,поднимает настроение,укрепляет здоровье) Домбыра – иманды болуға жол ашады. (духовно богатый человек) Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.(влияет на развитие литературы) Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.(соревноваться,оспаривать мнение, воспитывает к поиску знаний) Өткен жүз жылдықта ұлы халық з ерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны 4000 жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған
- Домбыраны зерттеу нәтижелері
- Зерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны 4000 жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған
- Зерттеу жүмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.
- ағаштың физикалық қасиеті,
- қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар:
- қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы,
- Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.
- тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді.
- Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни:
- қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек;
- егер қақпақтың үні құрастыру ісі басталған кездің тым жоғары болса, келесі тәжірибе үстінде де қажетті үнді ала алмаймыз.
- аспаптың даусы жақсы болуы үшін қақпақтың үнін си-ге немесе си-бемольға жеткізу қажет;
- егер бөлек тақтайшалардың арасы дұрыс желімделмесе қақпақ біртектес ағаштан құрастырылмаса, талшықтардың бағытталуы қисық болса, жарықшақ сызат түссе, домбыраны күйге келтіру қиын.
- 1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.
- Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».
- «Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра — үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды)».
- Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен» , Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.
- Мұнан қорытарымыз көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тәжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, жүреді. Сондықтан да олар домбыраның түріне және құрылысына ерекше назар аударған.
- Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен.
- Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.
- Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені —195 мм, ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, оның ені — 4 мм. Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы —2,0—2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы—2.0—1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені— 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы—4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны — қайыңнан, қақпағы — шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.
- Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка — күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.
- Үш әлемді байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі - домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ. Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс, жапырақ ) береді. Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп, ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй – адамның рухани жан азығы. Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін – домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлкен ой салады. Мүмкін бәйтерек негізінен әуен шығып, адамдарды елжіретіп, бойын балқытып, әсерлендіруінің арқасында түрлі өнердің пайда болуына ықпал еткен болар.
-
- Енді балалар домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық. Плакатқа оқушылар жазады. Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді. Домбыра – шежірені білуді талап етеді Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады. Домбыра – иманды болуға жол ашады. Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді. Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды. Енді балалар домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық.