Сaбaқтың ортaсы 28 минут | Мәтіналды жұмыс ТЖ. «Сәйкестендіру» әдісі «Мамандықтар» тақырыбында суреттерді олардың атауларымен сәйкестендіріңіз. Кесте | қаржыгер заңгер дінтанушы оқытушы бағдарламашы инженер әнші сұраныс | | | | Жаңа сөздермен жұмыс: Мұғалім интербелсенді тақтада берілген тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Жаңа сөздер: қаржыгер-финансист, заңгер-юрист, дінтанушы-религиовед, оқытушы-преподаватель, бағдарламашы-программист, әнші-певец, певица, сұраныс-спрос . Мәтінмен жұмыс ТЖ. «Джигсо» әдісі 2-тапсырма. Мәтінмен танысып, негізгі ақпарат беретін тірек сөздерді анықтаңдар. (Оқушыларға мәтіннің бөліктері ұсынылады. Мәтіннің бөліктерін «Джигсо» әдісі арқылы меңгереді.) Мәтін: Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек. (124 сөз) Мәтіннен кейінгі жұмыс ЖЖ. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар. Тірек сөздер: мамандық, сұраныс, дінтанушы, бағдарламашы, инженер. Тапсырма арқылы саралау: А. «Ақпараттық ақауды толтыру» әдісі. Сөйлемдерде бос тасталған орындарға тиісті тірек сөздерді орналастырады. Мысалы: ... барлығы пайдалы. Қоғамда түрлі мамандықтарға ... бар. Рухани әлемді дамытатын мамандықтың бірі - ... . Бүгінгі таңда сұраныс бойынша екінші орында тұрған мамандықтар ..., ... . В. «Реттілікпен орналастыр» әдісі. Жекелеген сөздерді ретімен орналастыру арқылы сөйлем шығарады. Мысалы: 1. барлық, пайдалы, мамандық 2. бар, түрлі, сұраныс, қоғамда, мамандықтарға 3. дамытатын, рухани, бірі, дінтанушы, мамандықтың 4. тұрған, сұраныс, бағдарламашы, екінші, бойынша, орында, бүгінгі, мамандықтар, таңда, инженер С. Дербес өз ойларынан сөйлемдер құрастыра алады. Бағалау критерийі | Дескриптор | Тірек сөздердің мағынасын түсінеді | тірек сөздерді орынды қолданады; сөйлем құрылымын сақтайды; | ҚБ. Өзара бағалау. «Стикерлер» әдісі Ж. «Суреттер сөйлейді» әдісі Құрған сөйлемдерің мен сюжетті суреттерді пайдаланып, мамандықтар туралы әңгіме құрастырыңдар. Бағалау критерийі | Дескриптор | - үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазады; - сюжетті суреттердің желісімен тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады; | сөйлемдер суреттегі оқиғаның мәнін ашады; орфографиялық норманы сақтап, сауатты жазады; | ҚБ. Өзара бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар өзара кері байланыс береді. 1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2- бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы... | Интербелсенді тақта https://yandex.kz/images/search?text=картины профессий Оразбаева Ф., Дәулетбекова Ж., Рауандина А., Рахметова Р., Юсуп А. Қазақ тілі мен әдебиеті: қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. Бәйшешек. – Көкжиек- Горизонт, 2018. – 12-б. https://www.google.kz/search?q=мультфильмы+про+профессии+в+картинках |
Сыныптағы саралау жұмысы тапсырма арқылы саралау жолымен жүзеге асырылады. Айталық, мәтіннен кейінгі жұмыс бойынша жұмыс істегенде Барынша қолдау қажет ететін оқушылар сөйлемдерде бос тасталған орындарға тиісті тірек сөздерді орналастырады, осында толық қолдау көрсетемін.Орташа қолдау қажет ететін оқушылар жекелеген сөздерді ретімен орналастыру арқылы сөйлем шығарады. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар дербес өз ойларынан сөйлемдер құрастыра алады. | Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына объективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Қалыптастырушы бағалауда оқушы жұмысында «нені жақсарту керек?» дейтін сұрақтарға жауап табуға бағытталып отыру қажеттілігі ескеріледі. Сабақтың басында ынталандыратын үшін «Бас бармақ» әдісі жүргізіледі, сабақтың ортасында «Мадақтау сэндвичі», «Стикерлер» әдісі арқылы бағалау өткізіледі. Сабақ соңындағы «Рефлексия пирамидасы» рефлексиясы келесі сабақты жоспарлауға негіз болады. | Оқушылардың сабақтағы физиологиялық психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақ «Жылы лебіз», «Пазл құрастыру», «Попкорн», «Джигсо»,«Сәйкестендіру», «Суреттер сөйлейді» сияқты оқытудың интербелсенді әдісіне негізделіп құрылады. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталады. |