СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертеңгілік "Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ертеңгілік балаларға арналған. Алтын күз. Күз мезгілі кезінде өткізілетін іс шара.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Алтын күз"»

Ертеңгілік «Алтын күэ»


Балалар әуенмен залға кіреді, билейді.

.


Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.



Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балалардың тақпақтары:

Дария

Қарашы, күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Кұс біткен керуен тізеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?


Риза

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Таир

Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.


Даниял

Өрік, шие, балы бар,

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе, берін ал

Неге аласың демейді.


Марсель

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.



Зере

Күз келіпті тамаша

Айдын далаға қараса

Сарғайған көп жапырақ

Сан жетпейді санаса.

Ән «Қайтқан құсты көрдің бе?»



Жүргізуші:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Күз).



Осы кезде Күз ханшайымы себетке салған жемістерімен ,билеп кіреді.

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.


Күзге тақпақтар

Дилара

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырын сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.



Армысың, алтын күз

Бізге қош келіпсіз

Сен бізге алтын күз

Қандай сыйлық әкеліпсіз?


Күз ханшайымы: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуін табыңдар.



1 Доп – домалақ сары
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп, 
Оның аты ... (Өрік)



2. Сырты қатты, Іші тәтті. Ол не? (Қарбыз)

3.Қалың киімді ұнатады

Шешіңдірсең жылатады.

Ол не? (Пияз)


Пісетін кезі дәл күзде, 
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты ... (Шабдалы)


4. Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты ... (Шие)

5. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жеміс)


Ән «Күз келіпті тамаша»



Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады

Ойнатпайды біздерді

Қолымызда қолшатыр

Билейді қыздарымыз

Би «Қолшатырмен»

Айзере

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сіздің әкелген жемістеріңізбен балалар ойын ойнағысы келіп отыр.

Күз ханшайымы:-Бәрекелді, керемет!

Ойын: «Жемістер мен көкөністер ».


Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер

Жаңалықтарды біле жүріңіздер...

- Әп - сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата - анаға арнай дипломдарымыз бар. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар! (Бірнеше ата - аналар мальбертте сурет сала береді)

Ата аналармен ойын: «Күзді бейнелеу»


Көңілді би

Биден соң балалар залда еркін тұрады.


Күз ханшайымы балаларға үлкен алма береді.

Балалар күзге рахмет айтып,

күзді шығарып салады.

Күз ханшайымы кеткеп соң, экраннан.


Күз ханшайымы:Бұл алма жай алма емес, ол алманың ішінде керемет сыйлықты қалдырдым!

Ата-аналармен ойын «Әнді тап»

Сән көрсету.


Ән «Берекесін сыйлауға»


Жүргізуші: Біздің мереке аяқталды.


Балалар топқа қайтады.

































Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Біздің бүгінгі мерекеміз күзге арналады.


Жайдары күз. Жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқып жүр.


«Алтын күз»» өлеңін орындайды.

Өлеңнен соң балалар отырады.









































Жүргізуші:Біз өзіміздің күзгі балымызды бастаймыз.Бал қонақтарсыз өте мекен? Қарсы алындар – күзгі айлар.

Күз айлары шығады: Қыркүйек, Қазан, Қараша


Қыркүйек: Менің атым қыркүйек

Мен күздің басымын

Менің атым қыркүйек

Күзде мен алтынмын.


Қазан: Мен келемін соныңда

Қыркүйектін артында

Мен қазанмын балалар

Жаңбыр жауып, жел соғар.


Қараша: Келдім, міне қараша

Қар әкелдім тамаша

Күз өтеді менімен

Келесі жылда келем


Жүргізуші:Біздің балда көңілсіз адам болмау үшін,қонақтармен ойындар ойнайық


«Күзгі букетті жинайық» атты ойын


Жүргізуші: Қандай әдемі букеттер болды!


Жаңбырдың әуені естіледі.

«Күзгі ән» атты Чайковскийдің әні естіледі.


Жүргізуші:Тыныш,тыныш,балалар!Бізге тағы бір қонақ келе жатыр.


Жаңбыр шығады..


Жаңбыр:Мен жаңбырмын, жаңбырмын,

Қонаққа сізге келдім

Сендерге би әкелдім

Тамшылармен биледім.

«Жаңбыр мен тамшылар» атты би.


Жүргізуші: Рахмет сендерге қонақтар.Біздің балалар сендерге ән орындайды.


«Жаңбыр» атты әнді вокалдық топ орындайды.


Жүргізуші: Жаңбыр бітіп,көлшіктер қалды. Мен сендерді ойынға шақырамын.


«Қыз баланы көлшіктен өткіз» атты ойындар ойнатылады.


Жүргізуші: Біздің қонақтар сендерге қызықты күзгі ертегіні дайындады.


«Неге қызанақ қызыл»


Жүргізуші: Ерте замамда бақшада көкөністер өсіпті. Барлығы тату болды, ешқашан ұрыспайтын.


«Көкөністер» - балалар шығады қияр, қырыққабат, қызанақ.


Қияр: Мен қиярмын, қиярмын

Жасыл, тәтті қиярмын


Қырыққабат: Қабат-қабат киінген

Қырыққабат мен болам


Қызанақ : Қызанақпын көнілді

Бәрінен де мен тәтті.



Жүргізуші: Қыз бала күн сайын көкөністерді суарып, қарап жүріпті.

(қыз су құйғышпен су құяды)


Қыз: Бақшаны суарамын

Өнімдерді жинаймын

(Қыз су құйған кезде, көкөністер «өсе» бастайды)

Жүргізуші: Көкөністер пісіп, өніп, өсе бастады, бірақ бір күні қызанақ ең күштімін деп шықты.


Қызанақ: (қолды белге қойып, мақтанып)

Мен ең күштімін

Мен ең тәттімін,

Мен бастықпын!


Қырыққабат:Бұл күлкілі

Барлығы да күшті


Қияр: Мақтанба қызанақ

Себебі ұят болады.


Қызанақ: Италияда мен тудым

Үлкен болып өстім

Сендермен енді

Болмайды жолым


Қияр, Қырыққабат: Мақтанып, мақтанып

Бақшадан түсіп қалды


Қызанақ шетке кетіп, отырады



Жүргізуші: Қыз бала келді, жемістерді жинады. Ал қызанақ жалғыз қалды.


Қыз бала қиярмен қырыққабатты жинап, кетеді


Жүргізуші: Қарға ұшып келді.


Қарға ұшып келеді.


Қарға: Қар-қар-р! Масқара

Жалғыз қалды қызанақ!


Қарға ұшып кетеді


Жүргізуші: Қызанақ ұяттан қып-қызыл болып кетті


Қызанақты ақ түстен қызыл түске ауыстырады


Қызанақ (тұрып): Мені кешіріндер

Өздеріңмен алындар


Жүргізуші:Қыз бала бұны естіп, өзімен бірге алып кетті.

Содан бастап қызанақ – қызыл.


Күзде бақшада көп жұмыс болады, өнімдерді жинайық.


«Өнімдерді жина» атты әнді орындайды


Жүргізуші: Енді мен сендерге қызықты ойын ұсынамын.


Ойын «Жемістер мен жидектер»

(бір топ – жемісті, екінші топ – жидекті жинайды)

Штраустың «Вальс» атты әні орындалып, залға Күз ханшайымы кіреді.


Күз ханшайымы: Мен сендердің бақшаларынның үстімен ұшып келе жатып, сендерге соғып кетіп сендермен билегім келді.

Жүргізуші: Иә, біздің балалар бүгін көңілді, мерекені қарсы алып, би билеп, ән шырқады. Сен де күз ханшайымы жоғары шығып, біздің балалармен би биле.


Жалпы би «Кел, билейік»


Бала: Армысың, Алтын күз

Бізге қош келіпсіз

Бізге қандай сыйлықтар

Алтын күз әкеліпсіз!


Күз ханшайымы: Сізге ұн әкелдім.

Балалар: Нан болады үстелде.

Күз ханшайымы: Жемістерді әкелдім

Балалар: Тоямыз дәруменге


Күз ханшайымы балаларға үлкен алма береді.

Балалар күзге рахмет айтып,

күзді шығарып салады.

Күз ханшайымы кеткеп соң, экраннан.


Күз ханшайымы:Бұл алма жай алма емес, ол алманың ішінде керемет сыйлықты қалдырдым!


Жүргізуші: Біздің мереке аяқталды.


Балалар топқа қайтады.






«Күзгі ертегі»

Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға енеді.

Жүргізуші: Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келіп қалды. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Оған арналған «Алтын күз» деген мерекемізді бастайық.

Музыка әуенімен Күз кіреді.

Күз: Сәлеметсіздер ме, балалар? Сәлеметсіздер ме, қонақтар? -көптен күткен «Алтын Күз ханшайымы» мен боламын.

Жүргізуші: - «Алтын Күз ханшайымы» сізге арнап , Аружан жаттаған тақпағын сыйға тартады.

Самал қозғап қалғанда

Үзіледі сары алма

Шолып едім бақшаны

Қауын біткен сап-сары

Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен

Таза жездей жайнаған

Сары бояу айналам

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

Күз: қандай тамаша тақпақ жаттап алғансың? Тақпағын маған ұнады.

Түлкі кіреді.

Түлкі: Күз! Сен қандай әдемісің! Көйлегін қандай әдемі, дәл менің көйлегімдей. Екеуіміздің қайсымыз сұлу екенбіз, тіпті білмеймін.

Жүргізуші: Түлкі екеулерің де сұлуланып кетіпсіңдер. Соның құрметіне балалар тақпақ айтып, би-билеп береді.

1-бала: Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

2-бала Ой, алақай, тамаша.

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

3-бала : Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегін


Би: «Қолшатырмен»


Түлкі: Рахмет сендерге, балалар. Өнерлі балалар екенсіңдер.

-Ал, қазір күз ханшайымы маған қонақ болсын, жарайды ма?

Балалар: иә.

Түлкі: Менің үйіме кіріп, шай ішейік «Алтын Күз ханшайымы». Қонағым бол, менің шайым тәтті, бал қосылған.

Күз: Бал қосылған?

Түлкі: Менде сонымен қатар таңқурай қайнатпасы бар.

Күз:Менің жақсы көретін қайнатпам, саған барайын, түлкі. Шай ішейін.

Түлкі: Ой, қандай мен қуаныштымын. (Түлкі мен Күз үйге кіріп кетеді)

Би: «Қыздар биі »

Залға Кірпі кіріп келеді.

Кірпі: -Орман қандай тамаша! Ағаштар түрлі-түсті көйлектерін киіп тұр. Жалғыз шырша ғана жасыл түсте. Ой, жаңбыр жауып жатыр ма?(мұрнын сүртіп, дұрыстап қарайды)

Бұл жаңбыр емес қой.

Қар...

Күзде қар жауып жатыр ма? Дұрыс емес.

Әлде мен қыс ертегісіне келдім бе?

Балалар: -Жоқ, күз мерекесі.

Жүргізуші: Балалардың күз мерекесіне жаттаған өлеңдері бар, тамашалаңыз.

Өлең: «Жаңбыр»

Қоян: -Сәлем кірпі! Сәлем, балалар!

Кірпі: -Сәлем, қоян!

Қоян: Мен қасқырдан тығылып жүрмін. Сен оны көрген жоқсың ба?

Кірпі: Жоқ, көрген жоқпын.

Қоян: Қыс басталды ма? Мен сұр тоңымды ақ түске ауыстырып үлгердім.

Кірпі: Өзім түсінбей тұрмын. Кеше ғана «Алтын күз ханшайымы» түрлі-түсті көйлекпен жүрген сияқты еді, ал бүгін қар жауып тұр.

Жан – жағына қарап.

Қоян:Баққорғаушыдан сұрау керек.

Кірпі: Баққорғаушы, күздің қайда кеткенің білмейсің бе?

Баққорғаушы: Түлкімен бірге кеткенін көрдім. Олар түлкінің үйіне кетті.

Қоян: Түлкі екен ғой біздің «Алтын Күз ханшайымын» жасырып қойған.

Баққорғаушы: Жүріндер, түлкінің үйіне барып, бәрін білейік.(аңдар түлкінің үйіне кетеді)

Жүргізуші: Балалар, аңдар күзді тапқанша көңілді болуы үшін ойын ойнайық және би билейік.

Ойын: «Шалшықтардан секіру»

Би: «Танго»

Түлкі әндетіп отырады.

Түлкі: Әлди, әлди, әлди-ай

Күзім менің ұйықтай ғой.

Қандай тамаша! Менің үйімде күз ханшайымы тұратын болады.

Түлкі терезеден қоянды көреді.

Түлкі: -Бүгін қандай керемет күн! Қояндар өздері маған келеді. Еті қандай тәтті десеңші!

Кірпі: -Қоянның етін жеу ерте емес пе? Менің инелерімнің қадалғанын керек қылып отырсың ба?

Түлкі: Недеген бай балам. Менің үйімді қоршап алып, мені қорқытып жатыр.

Кірпі: Менің инелерімнің қадалғаның көргің келмесе, күзді бізге қайтар.

Түлкі: Қандай күзді?

Баққорғаушы: Біздің сұлу Күз ханшайымын.

Кірпі: Біздің орман, аңдар қайтеді? Қыс келіп қалады. Мен саңырауқұлақтарды жинағаным жоқ.

Қоян: Ал мен болсам, орамжапырақ пен сәбізсіз қаламын.

Аңдар:Күз ханшайымын бізге қайтар!

Түлкі: Неге айғайлап тұрсыңдар? Күзді оятасыңдар.(түлкі өлеңін айтады)

Әлди, әлди

Кірпі: -Жоқ! Қане, аңдар біз басқа өлеңді айтайық.

-Оян тез, күзім ай,

Ая бізді күзім-ау.

Аш қаламыз біздер де.

Аш қалады балалар да.

Күз оянады.

Күз:-Мені кім шақырып жатыр?

Кімнің дауысы шығып жатыр?

Аңдар:Біз, біз, біз.

Тез қайт күз орманға. Орманда қыс, аяз, боран!

Түлкі: Қалдырыңдар менің күзімді

Өткізем қалай күнімді.

Күз:Көп ұйықтаппын мен неге?

Жұмысым көп еді

Қу түлкі (басын шайқап)

Тәтті шайын беріп

Ұмыттырып жіберді.

Күз:-Тез орманға жетейік. Сиқырлы сөздермен қысты келтірмейік.

Әр мезгілдің уақыты бар.

Табиғатпен ойнама сен

Ренжіп мүмкін қалуы

Көмегін бермей ертеңі.

Қоян: Қар ери бастады.

Кірпі: Тамаша, күннің көзі жылыта бастады.

Баққорғаушы: -Алақай, күз келді!

Түлкі: Қап, менің күзімді алып кетті (Ашуланып тұрып алады)

Аңдар: Енді біздің күз мерекеміз басталады. Біздің достарымыз ән шырқап, би-билеп өз өнерлерін көрсетеді. Жүр, бізбен бірге қонақ бол.

Жүргізуші: Балалар, біздің күткен қонақтарымыз келді, ән айтып берейік.

Өлең: «Күзгі жапырақтар»

Күз: Менің досым, бақ қорғаушым. Сенің көмегіңмен мынандай көкөністер өсіп шықты. Қайда менің көкөністерім.

Жүргізуші: «Көкөністер айтысы»

1-бала: Асханадан шықпаймын

Атым-пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан да сақтаймын.

2-бала: Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

3-бала: Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын, пайдам бар.

4-бала: Картоп-біздің атымыз.

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

5-бала: Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен - қызанақ

Күнге қарап ұялып.

6-бала: Күзді күтіп жатамын

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын, жараймын.

Қыстай сақтап қоюға.

7-бала: Көктеп ерте шырмалып

Өсемін мен бүр жарып

Атым –қияр, теріп ал

Жиі-жиі суғарып.

8-бала: Иісім жұпар аңқыған

Бақшадағы шырынмын

Жеп көргендер тамсаңған

Балдай тәтті қауынмын.

9-бала: Көрсең егер бақшада

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп алма.

10-бала: Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атандым.

Балалар аңдарға өздерінің тақпағына байланысты көкөністі сыйлайды.

Ойын: «Көкөністерді жинау»

Өлең: «Көңілсіз жаңбыр»

1-бала. Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе

Сыңсып бағың мәуелеп

2-бала: Қамба толы астыққа.

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Ойын: «Аула сыпырушыға көмек»

Балалар, таңертең ерте кім бірінші болып киініп, аула сыпырушыға көмек көрсетуге жиналады екен.

Би: «Көпаяқ»

Жүргізуші: Сонымен, біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңа көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

«Сиқыршы күз»

Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға бимен кіреді.

Би «Көңілді би»

Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, біздің залдың іші қандай тамаша! Айнала түрлі-түсті жапырақтар! Қандай мереке бізге қонаққа келген? Әрине, Күз мерекесі! Күз жылдың ең әдемі мезгілі. Бүкіл ағаштар бақта да, аулада да, орманда да сәнді киім киіп түр.

бала: Ел егінің орады,

Қырманға дән толады.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

бала: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

бала: Сарғайды тоғай,

Сап- сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

4- бала: Көктемде егін егетін,

Күзде жиіп беретін.

Біздің дала бай-дала,

Алтын астық айнала.

Музыка ойналады, балалар қол соғады, қонаққа екі қолында «султанчиктарды» ұстап , «Бұлт» жүгіріп келеді.

Бұлт: Мен күзгі көк бұлтпын,

Кішкентай болсам да, күштімін.

Ерегескенде сендерді,

Жаңбыр астыңда қалдырамын.

Бұлт балалардың қасынан жүгіріп өтіп, султанчикпен су шашыратады.

Жүргізуші: Тоқтай тұр, Бұлт. Жаңбырды алып кет. Жаңбыр туралы біз саған өлең сыйлайық.

Ән «Көңілсіз жаңбыр»

Бұлт: Қандай әдемі ән. Рахмет, балалар! Күні-бойы жаңбыр терезеден тарсылдатады. Жаңбырдан бүкіл жер су болды. Ал біз қолшатырды алып серуенге барамыз.

Ойын «Қолшатырлар»

Бұлт: Өте көңілді ойын ойнадыңдар. Шапшандықтарынды көрсеттіндер.

Жүргізуші: Күннің көзі жоқ бізде.

Музыка ойналады «Күннің көзі» кіреді.

Күннің көзі: Сәлеметсіз бе, мінеки, мен де келдім. Күннің көзін бәрі біледі, кұрметтейді. Күннің көзі бәріне де керек.

Бұлт: Тоқтай тұр, Күннің көзі . Маған қарашы. Менің ішімде су, бәрінен де су қажет.

Күннің көзі мен Бұлт дауласады.

Жүргізуші: Тынышталыңдар, тынышталыңдар, бір-бірімен дауласқанша биге тұрындар.

Би «Қолшатырмен»

Күннің көзі: Рахмет, балалар! Жанымызды салып биледік біз.

Бұлт: Би билеп, достасып кеттік.

Жүргізуші: Бәрі де жақсы болса, мерекемізді жалғастырайық.

Орманда науһан пісті,

Бәрі де себеттерін алады.

Кім айтады маған,

Орманда нені жинайды?

Ойын «Саңыраукұлақ жина»

Бұлт: Қызықты ойын біз ойнадық, бүкіл саңыраукұлақтарды жинап алдық.

Бірге: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Ақырын, ақырын балалар. Бірдеңе естіп тұрмын мен. Бізге біреу асығап келе жатқан сияқты. Кім болсаң да бәрі-бір, бізге қонақ болып кір.

Музыка ойналады қоян секіріп кіреді.

Жүргізуші: Қоян тыныштал, енді еш нәрседен қорықпа. Біз балалармен бірге саған ән айтып берейік.

Ән «Күзгі жапырақтар»

Ойын «Қатты-тыныш»

Қоян: Қандай әдемі қырыққабат. Өзі ауыр да, дәмді де.

Жүргізуші: Қырыққабатты таптың ғой, енді ол сенікі.

Қоян: Рахмет, балалар! Тез үйге барып, қырыққабатты көрсетейін. Сау болыныздар.

Би «Танго»

Жүргізуші: Балалар, бізге қонаққа Бұлт та келді, Күннің көзі де келді, Қоян да. Ал Күз Аруы келген жоқ. Ал енді күз туралы тақпақ айтып, Күзді қонаққа шақырайық.

1-бала: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

2-бала: Алтын суық күз келді,

Жел мен жаңбыр әкелді.

Жасыл бақша сарғайды,

Жапырақтар ұшады.

3-бала: Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан, алун жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

Би «Ұлдар биі»

Музыка ойналады, Күз Аруы кіреді.

Күз Аруы: Сендер мен туралы айттыңдар ма? Сәлеметсіз бе, балалар! Сеңдердің мерекелеріңе мен ән айтып, би билеуге келдім.

Жүргізүші: Мерекеде бәріміз көңілімізді көтереміз. Бәрің де көңілді болу үшін, би билейік.

Би «Қолшатыр»

Музыка ойналады, Тышқан кіреді.

Тышқан: Сәлеметсіз бе, ұлдар мен қыздар! Бала – бақшаның қасынан өтіп бара жатып, сендердің күлгендеріңді естіп қалдым да, кіріп шығайын деп ұйғардым.

Күз Аруы: Қонақ бол, Тышқан.

Тышқан: Бүкіл балалар керемет, тамаша. Бірақ менің білгім келеді, ойын ойнауды ұнатады ма олар?

Ойын «Шалқан»

(Балалар шеңбер жасап тұрады, ал ортада шалқан, шеңбердің сыртында тышқан. Балалар қол ұстасып айтады: Шалқан, щалқан үлкен болып өсші. Айтып болған соң шалқан қашады, ал тышқан қуады)

Күз Аруы: Ал енді, балалар, көздерінді жұмып, тұра тұрындар.

(үлкен шалқан әкеледі, ішінде алма) 1,2,3,4,5. Көзді ашуға болады!

Тышқан: Шалқан, қандай әдемі. Шынымды айтсам, щалқанды жақсы көремін.

Күз Аруы: Тышқан тұра тұр! Балалар да щалқанды жақсы көреді. Бұл шалқан жәй емес, ортасы бос емес. Бір-біріміздін артынан тұрып, шалқанды біз тартайық. (Балалар шалқанды тартады, Тышқан өз бетімен тұрады көмектескісі келмейді).

Күз Аруы, балалар: Тартамыз, тартамыз, тарта алмаймыз.

Күз Аруы: Біздің қолымыздан келмей жатыр. Неге бізге Тышқан көмектеспейді? Қане, балалар, Тышқанды көмекке шақырыңдар.

Бәрі бірге: Тарттық, тарттық, тартып шағардық шалқанды.

Күз Аруы: Жарайсындар, балалар!

Музыка ойналады, Тышқан шалқанды жарады да, ішінен алманы алады.

Тышқан: Қарандар, балалар! Бұл ғажап қой! Бұл алмалар қайдан шықты?

Балалар: Шалқаннан!

Күз Аруы: Міне, қандай біздің шалқан. Балаларға алма сыйлаған! (алма таратылады)

Тышқан: Жақсы біз көңіл көтердік, ән айттық, би биледік. Сендермен біз достастық.

Күз Аруы: Қоштасатын уақыт келді, сау болыңыздар!

Ән «Жаңбыр»








































«Алтын күз»

Қатысушылар:

Ханшайым ,Қарақшы, Ханшайымның үш ұлы - қырқүйек, қазан, қараша. Екі жаршы.

Залдың іші күз мерекесіне безендірілген. Жақсы әуенмен балалар залға жүргізушімен бірге кіреді.

Би «Вальс»

Жүргізуші: Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, біз сендермен сиқырлы хандығына тап болдық-ау деймін.

Музыкамен залға жаршылар кіреді.

1-жаршы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін Ханшайымымыз барлық өз кісілерін және теңіздің ар жағынан мерекеге қонақтар шақырды.

2-жаршы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Мынаңдай бұйрық-мерекеде бәріңіз де көңіл көтеріп, би билеңіздер. Кімде-кім осы бұйрықты орындамаса, бастарың кетеді.

Жүргізуші: Балалар, сендер күз мезгілі айларының аттарын білесіңдер ме? (қыркүйек, қазан, қараша)

Музыкамен залға Күз Ханшайымы мерекеге үш ұлымен келеді.

Күз Ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, құрметті қонақтар! Міне, мен де күз мерекесіне үш ұлыммен келдім. Сендер мерекеге жақсы дайындалған сияқтысыңдар.

Жүргізуші: Ал, Күз Ханшайымы, сіз отырып, біздің балалардың дайындаған мерекесін көріп тамашалаңыз. Сізге деп балалар ән, тақпақтар оқиды.

Ән «Көңілді жаңбыр»

1- бала: Күзім – ау, күзім – ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.

2 – бала: Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Жапырақтар сарғайды,

Жерге түсе бастады.

3 – бала: Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

4 – бала: Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштармен жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

5 – бала: Ал, балалар тұрмайық,

Қол соғайық тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі,

Шырқап әнге салайық.

Музыка әуенімен залға бақша қарақшысы кіреді. (Нашар киінген, Күз Ханшайымы тағының қасына келіп басын иеді)

Қарақшы: Анашым – көгершінім! Алтын күз ханшайымы, сөз айтуға рұқсат бер.

Күз: (таңырқап) Сен кімсің, қайдан келдің? Түрің не, алба – жұлба.

Қарақшы: Мен сәнмен киінбеймін, ғасырлар бойы сағат сияқты тұрамын, бау – бақшада, далада құстарды шошытамын, менен бәрі қорқады.

Жүргізуші: Балалар, бұл кім? Сендер оны танисыңдар ма? (жақын келіп) Кәне, айт, кімсің жұмбақтамай, айт тез!

Қарақшы: Анашым – көгершінім! Алтын күз ханшайымы, бұл не болғаны? Мені жақтасаңызшы. (жылаған сыңай білдіреді)

Күз: Мәссаған! Мерекеде жылап, бол айт саған не керек?

Қарақшы: Ханшайым, мен жалқау емеспін, мен еңбекқор қарақшымын. Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен қожайынымның бау – бақшасын қорғаймын, күндіз -түні тамақ та ішпеймін, ұйықтамаймын, бұл жағдайда жел маған көмектеседі. Жан – жаққа бұрып тұрады. Қожайынымның радиосын тыңдаймын.

Жүргізуші: Біз қарақшының сөзіне қосыламыз да, бақшада естіген әуенмен би билеп береміз.

Би «Қолшатыр»

Қарақшы: Міне, мына желден алмалар жерге түсіп жатыр, ал торғайлар оны қағып алғылары келіп тұр, мен оларға жол бермеймін, және балалар маған көмектеседі.

Ойын «Алма жинау»

Қарақшы: Көрдің бе, Күз ханшайымы, қаншама менің куәгерлерім. Біз балалармен бау – бақшаны қорғаймыз. Орманға да бардық, құстарды шығарып салдық.

Ән «Күз»

Күз: Қарақшы, сен ренжіме, біз бәрінің басын аштық, енді біз сені мерекеге щақырамыз. Менің ұлдарымның да уақыты келді. Сендер күзге қалай дайындалдыңдар, көрсетіңдер. Қыркүйек айы, сенің кезегің.

Жүргізуші: Балалар, қыркүйекке көмектесейік. Жақсы достар қашанда қажет.

Би «Қыздардың қолшатыр биі»

Қыркүйек: Рахмет, балалар, сендер мені құтқардыңдар, бұлай күздің көзіне қарауға да ұят емес. Ал мен сендерге сыйлық әкелдім.

Ойын «Аула сыпырушы»

Жүргізуші: Қыркүйекпен қоштасуға тақпақ дайындадық.

Бала: Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Бала: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Бала: Берекелі – мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз.

Күз: Енді екінші ұлым, қазан, саған келді кезек.

Жүргізуші: Балалар, қазанға да көмектесейік.

Би «Көңілді би»

Күз: Керемет би. Жылағандай дауыс естіледі. (жылаған дыбыс естіледі)

Қазан: Жоқ, анашым, бұл жылаған дауыс емес, керісінше, құстар жылы жаққа ұшып кетіп бара жатыр, кәне, біз оларды шығарып салайық.

Ән «Күзгі жапырақтар»

Күз: Міне, біз де жақсы көңіл көтеріп қалдық. Қазан, балам, саған рахмет. Көмекшілеріңе де ұнады, енді сенімен де қоштасамыз. Енді менің үшінші ұлым, қараша, өзі қараған аязды.

Би «Саңырауқұлақтар»

Қараша: Сізді қалай көңілдендіруді де білмеймін. Қоңыр күз көңілсіз.

Қарақшы: Б-р-р. Қараша хан, сіз неге бізге көңілсіздікті шақырасың. Саған қазір өзімнің көмекшілерім көмектеседі.

Жүргізуші: Сен өзің бақшада күн ұзаққа тұрам дейсің, ол қалай, сен біздің көңілімізді көтересің?

Қарақшы: Мен жаз бойы радио тыңдаймын, не айтатындарын есімде сақтаймын, ал ,балалар, маған көмектесесіңдер ме?

Би «Танго»

Қарақшы: Бір ойын ойнайықшы. Екі командаға бөлінейік . Ұл балалар желді дыбыстайды : у-у-у. Ал, қыздар, жаңбырды көрсетеді: тық-тық-тық. Жарайсыңдар.

Бала: Өрік, шие, балы бар.

Қарбыз, кауын көбейді.

Жегің келсе бірін ал,

Неге аласың демейді.

Бала: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты.

Бала: Аспанда қаптағай,

Бұлт тыным таппаған.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

Бала: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын, сары күз.

Алтын ұя бақшада,

Сабақ бастар шағымсыз.

Бала: Қарсы алып достарды,

Бақшаға келеміз.

Сабақтар басталды,

Бәріміз біргеміз.

Күз: Жақсы мереке өткіздік. Менің мінезім әртүрлі болады. Бірде жылы, көңілді де, бұлтты. Мен сендерге қошеметімді білдіремін. Рахмет сіздерге. Мен сіздерге құр қол келген жоқпын, сыйлығымды да ала келдім.

Балалар сыйлықты алып, залдан шығып кетеді.


























15




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!