Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
Сабақтың барысы
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..
2-жүргізуші
Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Мұғалім:
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын.
Ән: Күз жомарт
1.Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Артур
Бұл қай кезде болады?
2.Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс Фатима
Күзде ғана болады.
3. Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Арлан
Бұл қай мезгілдің келгені.
4.Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Жанеркем , бұл Алтын күздің келгені.
Айбек
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Ортаға себет толы жемістері бар Күз- келеді. (қол соғып қарсы алу)
Күз-Тамирис:
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты..
Тамерлан:
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Хормен: Ардақты күз мың алғыс.
Күз- Тамирис: Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
Мұғалім Иә, біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.
Біздің сізге арнаған сыйымыз бар .
Ойын: Жапырақ жинау
Мен кәне сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін тауып беріңдерші
Көкала кастюм киеді
Күннің көзін сүйеді ол не? Қарбыз
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады ол не? Пияз
Көктемде ақ гүлге оранады
Күзде қызыл доп болып оралады ол не? Алма
Ой жарайсыңдар ал енді менің сендерге алып келген биім бар
1 – бала
: Алтын күз, әсем айналам, Арлан
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
2 - бала:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.
3 – бала
: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
4 Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
5. Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
6
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
7 Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Хор «Күз жомарт»
Балалар мінеки күз мезгіліде келіп жетті.
- Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- Ауа райы қалай құбылады?
- Күзде қандай құбылыстар болады?
- Ал қазір күздің қай айы?
- Қазір күздің екінші айы.
Күтпеген сәт:
Осы кезде ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар.Билеп кіреді. Әндете жөнеледі.
Алтын күз:
Өрік, алша,
Шие, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Балалар:
- Күзде дейді.
Рахмет, «Алтын күз» сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайық, қазір ортаға бір баланы шығарып көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз, жемістерді сипап көріп пішініне қарай ажыратамыз. (қонақтар мен де ойнауға болады)
Ойын: «Жемістер қандай пішінде»
«Шалқан ертегісі» қойылым
Алтын күз:
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман болады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім айтыңдаңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Би «Жапырақтар»
Мұғалім:
Арпа, бидай ас екен
Алтын күміс тас екен,
демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады.
Бидай:
Нан атасы – бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
қайтарамын қарымын.
Сұлы:
Мен сұлымын ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Бастаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
Күріш:
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Мұғалім:
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
О алақай! Тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жата қап.
-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз