СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертеңгілік: Алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

ертеңгілік

 тақырыбы. алтын күз

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік: Алтын күз»

Алтын күз.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық,
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық!
Құрметті қонақтар, ата-аналар,бүгінгі біздің №10 «Балдырған» тобының «Алтын күз» атты мерекесіне қош келдіңіздер! «Балдырған» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық!Музыка әуенімен балалар ішке кіріп, отырады.

Жүргізуші: Ал енді балалар, бәріміз бірге «Күзгі жаңбыр» әнін орындайық.

Әннен кейін тақпақтар айтылады.

Құндыз: Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келді ме,
Сыңсып бағым мәуелеп.



Лейла: Алтын,сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Ұлдай: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.

Думан: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді


Хализа: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

Жүргізуші: Балалар, жаңа тақпақта айтылғандай күзгі суық жел басталды. Желдің лебі бізге де келіп жеткен секілді. Музыканың әуенімен шыр көбелек айналып «Алтын күз» кіреді.

Алтын күз: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендерге алып келді. Мерекелерің құтты болсын! Сендерге әкелген көп сыйлығым бар.Өлең айтып, жұмбақ шешсеңдер сыйлығым дайын.

Жүргізуші: Олай болса төрге шық, Алтын күз. Мерекеміздің қадірлі қонағы бол!

-Балалар, неге күзді «Алтын күз» дейміз?

Балалардың жауабы.

-Ал неге жомарт дейміз?

-Өйткені күзде жеміс-жидектер, көкөністер, астық піседі.Барлығы мол болады. Сондықтан алтын күз-жомарт күз дейміз.

Алтын күздің құрметіне тақпақтар айтып берейік.

Қадыржан: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қалатын.

Әлижан: Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Балыңда оған жетпейді.

Толғанай: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім
Дәмімді татқан балақан,
Ұмытпайды ешқашан.

Жансезім: Қамба толды астыққа,
Алғыс алған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.

Қуаныш: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.

Айзада: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.

Алтын күз: Балалар, жарайсыңдар, рахмет!

Жүргізуші: Біздің балалар өнерлі ән салып, би де билеп береді.

Ән: «Күз жомарт»

Би: «Буратино»

Жүргізуші: Тақпақтарымызды жалғастырайық.

Ислам: Қарашада қазбенен,
Қоштасамыз жазбенен.
Қарашаның суретін,
Бейнелеген аз ба өлең.

Сауат: Қоштасады құстарым,
Бетке алып оң тұстарын
Құспен бірге ойлайсың,
Деп мен неге ұшпадым.

Інжу: Мизам байлық жиғаннан,
Бір өзіне сыйған мән.
Бала мектеп барады,
Жұрт қайтысып қырманнан.

Гүлнұр: Жемісті мол теретін
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Дәурен: Мизам келсе береке
Астық жинау мереке.
Жел-жемісті Жер-ана
Берер жұртқа сел ете.

Алтын күзбен бірге «Жапырақ» биі.
Алтын күз: Мен сендерге айтқанымдай көп сыйлықтар алып келдім. Сыйлықтарды бермес бұрын сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Балалар жұмбақтарды шешеді.

Алтын күз: Тамаша балалар, өте тапқыр екенсіңдер, енді ойын ойнап озайық.

1-ойын: «Кім жылдам» Көкөністер мен жемістерді бөліп, екі шелекке жинайды.

2-ойын: «Жапырақ жинау» Жерден жапырақты шапшаң жинап, қанша жапырақ жинағандарын санайды.

Алтын күз: Балалар, рақмет сендерге, өнерлі екенсіңдер, риза болдым. Енді себетімдегі сыйлықтарды үлестірейін. Келесі күзге дейін сау болыңдар!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар осымен біздің ертеңгілігіміз айақталды.Келесі күзге аман-сау жете берейік! Ендігі сөз кезегі балабақшамыздың директоры мен әдіскеріне және ата-аналарға беріледі.


















«Бекітемін»

МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасы

директоры__________Джаманшалова Г.Н.

«___»______________2017 ж












Мерекелік іс-шара

«Анамызға мың алғыс!»









Тәрбиеші: Абдуллаева С.Е











2016-2017 жыл