СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ғұндар ашық сабақ

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

тарих пәнінен 6 - сыныпқа өткізген ашық сабақ

Просмотр содержимого документа
«Ғұндар ашық сабақ»

Пәні

Ежелгі Қазақстан тарихы

Сынып:6

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы

Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сабақтың мақсаты

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы білу, ғұн мәдениетінің ерекшелігіне түсіну, сыни ойлау дағдыларын дамыту

Күтілетін нәтиже

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы білімдері меңгеріледі,

Сыни ойлау дағдылары дамиды


Сабақтың типі:   Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру, «пошта» ойыны, «тұлғаны таны», «білім жәрмеңкесі» ойыны.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті  қағаздар

Сабақтың  барысы:

  І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

 ІІ. Психологиялық дайындық

«Күн шуағы» тренингі. Өздерін бір табиғат құбылысы ретінде анықтап тілек білдіру. Кезекпен-кезек жақсы тілектер білдіру,сол кезде түрлі-түсті қағаздар таратып беру арқылы топқа бөлу,қағазда топтың аттары жазылған сол бойынша әр топ өз орындарына жайғасады.

І-топ Атилла

ІI-топ Мөде

ІІІ – топ Чжи - Чжи

Миға шабуыл жасау.

Берілген сөздерден сөйлем құра:

ЖОРЫҒЫ  ХАЛЫҚТАРДЫҢ  СЕБЕП  ҒҰНДАРДЫҢ   ҰЛЫ  БАТЫСҚА  ҚОНЫС  БОЛДЫ  АУДАРУЫНА

Шешуі: Ғұндардың батысқа жорығы халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды.

ІІ. Үй жұмысын «пошта» ойыны арқылы сұрау

Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Қойылатын сұрақтар:

 І – топ Атилла

1.Ғұндар қай империяға үлкен қауіп төндірді?

2. 5 ғасырда ғұндардың басшысы кім болды және ол өз қол астына кімдерді жинады?

ІІ – топ   Мөде

1.Ғұндардың соғыста жеңу себептері неге байланысты болды?

2.Ғұндар туралы жазған Византия елшісі?

ІІІ – топ Чжи – Чжи

1.Каталауын шайқасы өткен жыл және соғыстың қорытындысы қалай болды?

2.Ғұн жорықтарының маңызы неде?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Аттила қандай адам болған екен?

Қаһарлы ел билеуші  Ержүрек жауынгер

Дарында қолбасшы                                                           Ғұндардың патшасы

«Тұлғаны таны» ойыны

Ол үшін тақтады жасырылған суретті анықтау үшін сұрақтарға жауап беру керек

 1 сұрақ – Ғұндардың билеушісі шаньюй сөзінің мағынасы /шексіз билеуші/

2 сұрақ – Цинь патшалығы  ғұндардан қорғану үшін не істеді? /Ұлы Қытай қорғанын салды/

3 сұрақ – 400 – 453 жж өмір сүрген қай патша

4сұрақ - Ғұндар қай ғасырда оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?/б.з.б 1 ғасыр/

5 сұрақ - Ғұн тайпасы қанша рудан тұрды? /24/

6 сұрақ - Ғұн тайпасы қай билеуші тұсында күшейді?/ Мөде/

Жасырылған сурет /Аттила, Мөде/

Сергіту сәті

 ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Жер тоймай,
Ел тоймайды.
 Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек.
 Қыс азығын жаз жина.

Сонымен сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар

1.Ғұндардың тұрмысы

2. Ғұндардың қоғамдық  құрылысы

3. Ғұндардың мәдениеті

Ғұндар көшпелі өмір кешті.Олардың өмір салты римдіктер мен гректерге өзгеше болып көрінген.Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әртүрлі көзқарасты кездестіреміз.

 Көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды негізінен былғары, жүн, киіз, ағаштан жасады.Көшпелілер зергерлік әшекей бұйымдар жасауда тамаша жетістіктерге жеткен.

Олар бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған.

Безендіру кезінде бұйымдарға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсырған.Ғалымдар мұндай стильді «полихромдық стиль» деп атаған.

 





 

 

Ғұндардың қоғамдық  құрылысы бойынша топтарға сұрақтар беріледі.

 Атилла

Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғасы қалай аталады?

Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?

Мөде

Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша бөлініп қанша қанатқа бөлінген?

Түменбасы өзінің қарамағына кімдерді тағайындады?

Чжи – Чжи

1.Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды қалай сипаттады?

2.Ғұндардың қалалары жайында Прииск қалай сипаттады?

Тарихи терминдер:

Жүзбасы – жүз адамдық әскердің басшысы.

Патриархалды билік- ер адамдардың билігінің жоғары болуы.

Тәлімді  егіншілік -қолдан суарылмайтын егін.

Зерлеу әдісі- бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.

«Полихромдық стиль»- бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жабыстыру.

 

Ү.Сабақты бекіту. «Білім жәрмеңкесі » ойынын ойнату арқылы

 

Әр топқа мына заттарды алу үшін сұрақтар беріледі.

Дәптер-Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер

Қарындаш-Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

Қалам-Ғұндарда құқық қорғау жүйесі болды ма?

Түрлі-түсті қалам-Ғұндар ыдыс-аяқ жасауға қандай материлдар пайдаланған?

Сызғыш Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?

ҮІ.Сабақты бағалау.Бағалау парағы арқылы өздерін өздері бағалау

Қорытынды:Ұлы ақынымыз М.Жұмабаевтің ғұндар туралы өлеңдерін білесіңдер?Ұлы ақынымыз М. Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде өзін ғұн ұрпағы деп есептей отырып, ғұн-түркілердің арғы атасы дейді.бір кездері ғұндар мекен еткен кең-байтақ жерде бүгінде біздер,Қазақстандықтар,тіршілік етіп отырмыз.бұл жердің иесі біз қазақтар.Тәуелсіздік алғанымызға көп болмаса да еліміз үшін атқарылып жатқан істер орасан зор.Елбасымыз бүгінгі дүниежүзілік дағдарыс кезеңінен шығуды халыққа жолдауы арқылы көрсетіп берді.Сын сағатта сыр бермеген залқымыз бұл өтпелі кезеңді де жеңіп,өркендеп дамуға бет алды.Еліміз үшін әрқайсысыңыз бір-біріңе көмек көрсетіп,сапалы біліммен,өнегелі тәрбиемен үлес қосуларыңыз қажет

Үйге тапсырма.

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті.

Көшпелілердің баспанасы киіз үй туралы эссе жазып келу.
















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!