5.4.А Ғұндар Сабақтың тақырыбы: Мөде шаньюй –Ғұн мемлекетінің негізін салушы | Мұғалімнің аты-жөні: Қасенова М.А Күні: 16.03.2018 ж |
СЫНЫП: 5 «А» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағаноқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Мөде құрған державаға тән ерекшеліктерді анықтау Ғұндардың әскери өнер жетістіктерін сипаттау Ғұн мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау, картаға белгілеу . |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жұптық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Картадан атаулы мемлекеттерді белгілей алады , қисынды ойлайды, тарихи оқиғаны өткен тақырыпппен ұштастары алады Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады, тұжырым жасайды |
Бағалау критерийі | карта арқылы түсіндіреді Ғұндардың әскери өнер жетістіктерін ажырата алады , дәлелді деректер келтіреді . Мөде құрған державаға тән ерекшеліктерді анықтайды, сын тұрғысынан тұжырым жасайды . |
Тілдік құзіреттілік | Мөде , Дунху , Ючежи, Алтай, Саян,Ху тайпалары Лю-Банда, Мөде ,А.Н Гумильов , Лаушан |
Ресурстар | АКТ . оқулық, микрофон , слайд , тапсырмалар бағалау парағы , көмек парақшалары стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, жұптық тапсырма ойын, Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | География , дүниежүзі тарихы . Қаз әдебиет |
Алдыңғы оқу | Қытай деректеріндегі Ғұндардың ерте тарихы |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Ресурстар |
Басталуы 10 минут Үй тапсырмасын тексеру | Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Оқушыларды түгендеу Сабаққа зейіндерін қалыптастыру Психологиялық ахуал М. Жұмабаев «Пайғамбар» өлең жолдарын оқушы жатқа айтады . Оқушыларға проблемалық сұрақ қою Тапсырмалар, бағалау парақшасын тарату, таныстыру «Ашық микрофон» оқушылардың бір-біріне алдыңғы білім бойынша сұрақтар қояды . Дискриптор: Сұрақ-жауап 1 балл Дамыту 1 балл Түзету 1 балл 2. Сәйкестендіру тапсырмасы 1 | Гун руң ,Хунну | А | Ғұн мемлекетінің билеушісі | 2 | Антропология | Ә | Қытай деректерінде ғұн атауы | 3 | Әскери демократия | Б | Нәсілдік ерекшелінгін анықтау ғылымы | 4 | Шаньюй | В | Ғұндардың алғашқы жер аумағы | 5 | Қытай , Моңғолия | Г | Бірнеше тайпаның бірігуі | 6 | Тайпалық одақ | Д | Ғұндардың қоғамдық құрылысы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Балл | | | | | | | | Дискриптор: 1.Термин сөздерді біледі 1 балл 2.Қоғамдық құрылысын біледі 1 балл 3.Карта бойынша географиялық аумағын түсінеді 1 балл Кері байланыс ұстаз бен оқушы . | «Ашық Микрофон» әдісі Слайд 1\2 |
Жаңа білім 10 минут Свбақтың тақырыбы Жаңа сабаққа тапсырмалар | « Мөде шаньюй –Ғұн мемлекетінің негізін салушы Оқушылардың алдын-ала дайындап келген шығармашылық жұмыстарын тыңдау. «Жұптық жұмыс» 1 қатар : Ғұн державасының негізін қалаған Мөдеге баға беру 2 қатар:. Карта арқылы Ғұн тайпасының көршілерін қарым – қатынасын анықтау 3 қатар: Ғұндардың Қытай елімен қарым-қатынасын түсіндіру | Мәтінмен Оқулықпен, картамен, жұмыс Оқулық, мәтіндер. |
Ортасы 10 мин | Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары. «Аукцион» ойыны арқылы тауар сату . (Жасырын сұрақтар) Мөде шаньюй билеген уақыт аралығы ата Мөде Дунхуларды жаулап алуының себебі неде ? Мөде б.з.б 203-202 ж қандай көрші тайпаларды жаулап алды ? Мөденің тақ мұрагері кім? Ғұндар қай жылы Хань әулетінің жерін жаулап алды ? Ғұн әскерлері неліктен күшті болды ? А.Л.Гумильов ғұндар державасының құралуы туралы не айтты? Мөде мен У Ди арасында қандай бейбіт келісім жасалды «Қытай қорғанының салыну тарихы туралы не білесің »? Кері байланыс : оқушы мен оқушы Дискриптор: (Әр жауап 1,2 балл) 1.Мөде шаньйю қай жылдары билегенін біледі . 1 балл Мөде мен Дунхулар арасындағы келспеушілікті мазмұндай алады 2 балл Алтай ,Саян, дилнин,хакастарды жаулап алғанын біледі 2 балл Мөденің тақ мұрагері кім қай жылы таққа отырғанын біледі Хань әулетінің жерін қаншасыншы жылы жаулап алғандығын біледі 1 балл Ғұн әскерлері атты әскерден, қабырға бұзғыш құралдары, мықты аттармен, садақпен қаруланғанын айта алады . А.Л.Гумильовтың тарихи деректері бойынша ғұн державасының қай жылы құрылғанын айтады . Мөде мен У Ди арасында «тыныштық пен туыстық шарт» бейбіт келісім не үшін жасалғанын талдай алады . Қытай қорғанының салыну себебін дүниежүзі тарихымен байланыстырып бере алады . | |
Аяқталуы Оқушының өзін-өзі бағалауы бағалауы 5 минут | Оқушының аты-жөні | «Сәйкестендіру » 2 балл | «Ашық микрофон » Әдісі (1балл) | Жаңа сабақ Жұптық жұмыс | Аукцион Ойыны 1 балл | Балл | | | | | | |
| Бағалау парақшасы . |
Үйге тапсырма 1 мин | 45-46 оқу .118-119 бет Ғұндардың , қоғамдық құрылысы кестесін толтыру. Б.з.б 70 жылдардан кейінгі ыдырау себептерін анықтау. | |
Рефлексия 4 минут |   | |
Тапсырмалар және өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні ____________________________________________
1 тапсырма :
«Ашық микрофон» оқушылардың бір-біріне алдыңғы білім бойынша сұрақтар қояды , сұраққа дұрыс жауап берсе .
Дискриптор: Сұрақ-жауап 1 балл
Дамыту 1 балл
Түзету 1 балл
2тапсырма :
2. Сәйкестендіру тапсырмасы
1 | Гун руң ,Хунну | А | Ғұн мемлекетінің билеушісі |
2 | Антропология | Ә | Қытай деректерінде ғұн атауы |
3 | Әскери демократия | Б | Нәсілдік ерекшелінгін анықтау ғылымы |
4 | Шаньюй | В | Ғұндардың алғашқы жер аумағы |
5 | Қытай , Моңғолия | Г | Бірнеше тайпаның бірігуі |
6 | Тайпалық одақ | Д | Ғұндардың қоғамдық құрылысы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | Балл |
| | | | | | |
Дискриптор:
1.Термин сөздерді біледі 1 балл
2.Қоғамдық құрылысын біледі 1 балл
3.Карта бойынша ғұндардыңің географиялық аумағын біледі 1б
Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
«Аукцион» ойыны арқылы тауар сату .
(Жасырын сұрақтар)
Мөде шаньюй билеген уақыт
Мөде Дунхуларды жаулап алуының себебі неде ?
Мөде б.з.б 203-202 ж қандай көрші тайпаларды жаулап алды ?
Мөденің тақ мұрагері кім?
Ғұндар қай жылы Хань әулетінің жерін жаулап алды ?
Ғұн әскерлері неліктен күшті болды ?
А.Л.Гумильов ғұндар державасының құралуы туралы не айтты?
Мөде мен У Ди арасында қандай бейбіт келісім жасалды
«Қытай қорғанының салыну тарихы туралы не білесің »?
Дискриптор: (Әр жауап 1,2 балл)
мазмұндай алады 2 балл
біледі 2 балл
алғандығын біледі 1 балл
құралдары, мықты аттармен, садақпен
қаруланғанын айта алады
державасының қай жылы құрылғанын айтады .
бейбіт келісім не үшін жасалғанын талдай алады .
байланыстырып бере алады .
Оқушының аты-жөні | «Сәйкестендіру» 3балл | «Ашық микрофон » Әдісі (1балл) | Жаңа сабақ жұптық жұмыс 2 балл | Аукцион Ойыны 1-2 балл | Балл |
| | | | | |
Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.
Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.
Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.
Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.
Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.
Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді.
“Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып: “Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады”.
Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.
Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.
Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған.
Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған.
Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” - деп жазылған.
Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды.
Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.
Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.
Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды.
Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.
Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды
СҰРАҚТАР
Ғұн тайпалары көшуінің екінші толқыны басталды:
Cолтүстік ғұндардың көшіп-қонуға мүмкіндік алған жері:
Ғұн мемлекеті екіге бөлінді:
Мөде тұсындағы ғұн мемлекетінің аумағы:
Ғұндар кезеңі:
Ғұндардың күш-қуаты туралы жазылған дерек:
Ғұндарға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болған мемлекет:
Ғұндардың Қытаймен соғысы созылды:
Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген тайпалық бірлестік:
”Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп айтқан билеуші:
Ғұн державасының пайда болған мерзімі:
Ғұн мемлекеті қанша қанатқа бөлінді:
Ғұн империясының басқару тобы құралды:
Ғұн мемлекетіндегі шаньюйден кейінгі басты тұлға:
“Ғұн” атауы пайда болды:
Қытайдың Хань әулетін б.з.б. I ғ. ортасына дейін бағындырған тайпаны көрсетіңіз:
Ғұн мемлекетінің б.з.б. 209 жылы пайда болғандығы жөнінде жазған шығыстанушы ғалым кім: