СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есептер шығару

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚМЖ математика пәнінен  сыныпқа раналған.  Есептер шығару тақырыбы бойынша

Просмотр содержимого документа
«Есептер шығару»

Тақырыбы: Есеп шығару

Мектеп:

Күні: 29.11.

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Математика

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.5.1.8** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде модельдеу жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту үшін алгоритмдерді қолданады, саннан қосындыны азайтуға арналған есептерді шығарады.

Көпшілік оқушылар:

  • екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолданады, саннан қосындыны азайтуға арналған есептерді əртүрлі тəсілдермен шығарады.

Кейбір оқушылар:

  • саннан қосындыны азайтуға арналған есептердің мысалдарын келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

  • екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдері, саннан қосындыны азайтуға арналған есептер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Саннан қосындыны қалай азайтуға болады? Есепті бірнеше тəсілмен қалай шешуге болады?

Жазу.

Екі таңбалы сан, екі таңбалы сандарды бағанмен қосу жəне азайту, есептің шешуін жазу.

Тірек білім

Қосындыдан санды азайтуға арналған есептер.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Олимпиада – математиканы оқып-үйренуге қызығушылығын арттырудың тиімді формаларының бірі. Мұғалім оқушыларға математикалық олимпиада:

  • оқушылардың математикалық білімдерін кеңейтуге;

  • оларды қызықты есептер жəне оларды шешудің ерекше, күтпеген əдістерімен таныстыруға;

  • оқушылардың математикалық қабілеттерін анықтау жəне дамытуға;

  • оқытудың бұдан кейінгі барлық жылдарында спортқа қызығушылығын қолдауға мүмкіндік береді деген қорытынды жасайды.

Оқулық.

4–6

Өзектендіру.

Математикалық диктант:

Оқулық.


  • 63 саны 59 санынан қаншаға артық.

  • 64 санын 6-ға кеміт.

  • 48 санын 14-ке арттыр.

  • Азайтқыш 62-ге, айырманың мəні 13-ке тең. Азайғышты тап.

  • 43 саны шығуы үшін 8-ді қандай саннан азайту қажет.

  • 78 санынан 12 мен 26 сандарының қосындысын азайт.

  • 54 санынан14 пен 8 сандарының қосындысын азайт.

  • 32 санынан5 пен 22сандарыныңқосындысын азайт.

  • 85 саны шығуы үшін қандай санды 8-ге кеміту қажет.

  • Азайғыш 61-ге, азайтқыш 37-ге тең. Айырманың мəнін тап.




7–11

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Сабақтың мақсатын қою үшін мұғалім оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Нəтижесінде есепті бірнеше тəсілменшешу қажетболғандықтан проблемалық жағдаят туындайды. Оқушылар проблемалық жағдаятқа негізделген сабақтың мақсатын тұжырымдайды.

Оқулық.


12–25

Жаңаны ашу.

Мұғалім проблемалық жағдаяттан шығу үшін топтық жұмысты ұсынады. Оқушылар қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырады жəне саннан сандардың қосындысын азайту ережесін пайдаланып əртүрлі тəсілмен шығарады.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар оқулықтан5-тапсырманы топпен орындайды. Мұғалім əрбір топқа санды өрнектер жазылған карточкалар жинағын үлестіреді.

Оқушылар топта есептерді шығару тəсілін таңдайды, осы шығарудың барысын сипаттайтын карточкаларды жинап алады, топтың таңдауын түсіндіреді.

Оқулық, дəптер.


25–35

Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Сабақтан алған білімдерін пайдаланып есепті əртүрлі тəсілдермен шешеді.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.

Бағалау критерийі:

Есепті оқи аламын.

Шешу жоспарын анықтай аламын. Сызбаны орындай аламын.

Есепті шығара аламын. Өрнек жаза аламын.



Жауабын жаза аламын.

Есепті басқа тəсілмен шығара аламын.

Жеке жұмыс кезінде қиындықтарды түзету

жүргізіледі.

Өтілген материалмен жұмыс.

Мұғалім оқушыларға оқулықтан 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу жəне азайтуды ауызша орындайды. Əрбір топ бір бағаннан орындайды.

Мұғалім тапсырманы жылдам орындаған топты анықтайды. Мұғалім оқулықтан 4-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар бірдей мысалдар жұбын таңдап алады, өзінің таңдауын негіздейді.


35–40

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшаларды таратады, оқушылар оларды толықтырып жазады:

Мен ... үйрендім. Мен... істей алдым.

Мен...тырысып көремін. Мені ... таңғалдырды.

Сабақ маған өмір үшін ... берді. Менің ... келеді.

Рефлексияға арналған қиықшалар.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!