Қазақстан тарихынан 7 сынып қайталау сабақ жоспары
Тақырыбы: Қазақстан тарихы-менің тарихым
Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі
Кап Ақмарал
2017 жыл
Қазақстан тарихы-менің тарихым
Интеллектуалды ойын.
Мақсаты: Сабақ барысында игерген білімдерін нақтылау.
Ел тарихы туралы берілген тапсырмаларға дәл
жауап табуға дағдыландыру.Тарихи терминдер
қорын көбейту,тілдерін дамыту.Қазақ
тарихындағы қоғам қайраткерлері,батырлар,дана
тұлғалар жайлы білімдерін толықтыру.Қазақстан
тарихына қызығушылықтарын
арттырып,білімдерін кеңейту.Отансүйгіштікке ,
патриоттыққа,жеңімпаздыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: сайыс кезеңдері жазылған плакат,қанатты сөздер т.б.
Сабақ барысыныда интелектуалды ойынға 7 сынып оқушылары қатысады. Оқушылар жұппен тапсырмалар орындайды.
Сайыс жеті кезеңнен тұрады:
І .Біз білеміз.
ІІ.Осылай болған.
ІІІ.Жұмбақ оқиға
ІҮ. Жылдар тізбесі.
Ү. Шардара.
ҮІ. Тарихтан хат.
ҮІІ. « Тарихи тұлғаны таны»
І кезең. «Біз білеміз» деп аталады.Бұл кезеңде сұрақтар екі топқа кезек-кезек қойылады.Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Жеке жұмыс.
-Ендеше мұқият тыңдайық:
1.Есім хан Қай жерге қалмақтарға қарсы жорыққа аттанды? (Жетісу жеріне)
2.ХҮІІІ ғ басындағы соғыс қасіретінен туған ән? (Елім-ай)
3.Қасиетті мұсылман санына байланысты заңның атауы?
(Жеті жарғы)
4.Өзбек хан мен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзғкн қакзақтың қай ханы? (Тәуекел)
5. Керей мен Жәнібектің ақылшы ,кеңесшісі болған жырау?
(Асан қайғы)
6. Абылайдың кеңесшісі,ақылшысы болған жырау?
(Бұқар)
7. Қай хан тұсында қазақ хандығындағы халықтың саны 1 млн-ға жетті?
(Қасым)
8. Қазақ хандығы қай ханның тұсында Мәскеумен сауда байланысын орнатты (Хақназар)
9Хақназар қайтыс болғаннан кейін таққа кім отырды? (Шығай хан)
(Қожа Ахмет Иасауи)
10. 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шыққан кім? (Жәңгір)
ІІ кезең. «Осылай болған» деп аталады.Бір қалташада сұрақтар екіншісінде жауаптары бар. Жұппен жұмыс
Оларды сәйкестендіріп,дұрыс әрі тез орындауларың керек.
1.1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктер кіріп, бірнеше қазаққ ұлыстарын талқандады. - (Жоңғар әскерлері)
2.Жәңгір ханның ұлы 1511 жылы хан болып сайланды - (Қасым хан)
3.Қазақ ханы «дос болып, өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт жасасты. - (Бұхар ханы ІІ Абдаллахпен)
4.Орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты - (1569-1573)
5.Көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті күшті хан болды- (Тәуке)
6.І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. - (1694ж Тәуке хан)
7.Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнешше ретшабул жасады- (1681-1685 жж.)
8.Әйтебидің шын есімі- (Айтық)
9.Жастық шағын Ұлытау,Қаратау атырабында өткізген -(Қазыбек Келдібекұлы)
10.Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсаң жайлауында дүниеге келген - (Төле Әлібекұлы)
ІІІ кезең «Жұмбақ оқиға» деп аталады. Алдын ала таспаға жазылған материалды кезек кезек-тыңдап,бұл қандай оқиға туралы,кім туралы екенін табу керек. Жұппен жұмыс.
1.Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді,оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады.Енді өзін өкпелеткендерден кегін алмақшы екенін айтады.Мақсаты:қарсыластарын қырғынға ұшырату еді.Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.
Бұл қашан болған ,қандай оқиға ,кім туралы?
(Бз.б.521-486) (Сақ-грек Македон соғысы.Шырақтың ерлігі)
2.Олар көрші империалар үшін өте қауіпті,қатерлі болды.Талдан тоқылған бөгеттер мен терең орлар да ,берік қамалдар да ешқандай бөгет бола алмады.Тіпті тұғыры берік әрі салуы қымбатқа түскен қорғаныс та түкке жарамай қалды.Олар Орталық Азияны ,Сібірді бағындырды.Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.Оларға көрші халықтар алым-салық төлеп тұрды.Олар адам келбетті,арыстан жүректі болды.Рим шекарасына беттеді..
(Ғұндар)
3.Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романы: Қазақ жері енді жазықсыз жылаған жұрттың көз жасымен дымқылданды.Таланған мал-мүлік,өрт алған қалалар… Сұлу қыз-келіншектерді шаштарынан матастыра топтап,батырлары әйелдікке алды,найза ұстауға жарайтын жігіттерін қойдай бауыздады,кәрі-құртаң шал-кемпірлерді айдалаға тастады.Жас балаларды «түбі бұлар да бізге жау болады» деп ,найзаларының басына іліп алып,әке-шешелеріне көрсетіп,қарқ-қарқ күлді…Шапқыншылық қиянатын көрген ата-ана қорланып шаштарын жұлып,беттерін қан-жоса етіп тырнап,бүкіл сардаланы сарнауға,зарлы үнге толтырды…Небір азаматтар ақыл-естерінен адасып,жынданып кетті…
(Жоңғар шапқыншылығы)
ІҮ кезең «Жылдар тізбесі» деп аталады.Мұнда әр топқа он-оннан әртүрлі жылдар жазылған парақтар үлестіріледі.Сол жылдың тұсына қандай маңызды тарихи оқиға болғанын жазу керек. Жұппен жұмыс
1. 1474-1511 жж. Бұрындықтың ел билеген жылы
2. 1650-1718ж Тәуке ханның ел билеу
3. 1514 ж Монғол билеушісі Саид хан Шу бойында отырған
Қасым ханға барып, одан шшайбанилергге қарсы
күресте көмек беруін сұрады
4. 1518 ж Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерінде
қайтыс болған уақыты
5. 1538-1580 жыл Хақназар ханның билік құрған жылы
6. 1837-1847 Кенесары бастаған көтеріліс
7.1845-1904ж Ұлы Абайдың өмір сүрген жылдары
8.1916ж Ұлт азаттық көтеріліс
9. 1917ж Алаш партиясының құрылуы
10. 1835-65ж Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары
Ү кезең «Шардара» деп аталады.Онда жасырынған буындарды тауып ,тарихи сөз жасау керек.
Әр топқа төрт-төрттен жасырылады.
1. 1 буын-жалынның атауы; 2 буын ұшақ маркасы .Саяси партяның аты шығу керек. (ОТАН)
2. 1 буын -бір затты ұсыну сөзі;2 буын- майдың орысша атауы
Әйелдер абақтысының аты шығады (АЛЖИР)
1буын –қарт Адам,2 буын-тұрғылықты жер. Отан сөзінің синонимі (АТАМЕКЕН)
1 буын-алақан түю,2 буын-жеміс-жидек ордасы Ауыз әдетиетінің жанры
Екінші топ:
1 буын- «құпияның» синонимі,2 буын-сөйлеудің түрі. (Батыр есімі.СЫРЫМ)
1 буын –үй құсы,2 буын-үйсін билеушісінің титулы Ел билеген дана (ҚАЗЫБЕК))
1 буын-жәндік,2буын-күннің түсі .Хан қолбасшы (КЕНЕСАРЫ)
буын-етістіктің қаратпа сөзі,2 буын-орта жүз руы .Батыр әскербасы (ҚАРАКЕРЕЙ)
ҮІ кезең «Тарихтан хат» деп аталады.Бұл сайыста әр топ тарихи оқиғадан алынған мәтіндегі тастап кеткен сөздерді тауып орнына жазу керек.
Отарлау саясаты.
Ресейдің Қазақ жерін( ) саясаты басқару жүйесін отарлаудан көрінді.ХҮІІІ ғ 80 жылдарында ( )мен ( ) Кіші жүзде
( )жоюға тырысты. 1781 ж Абылай өлімінен соң ( ) патша өкіметінің билігін мойындады. Сібір генерал-губернаторы ( ) басшылығымен ( ) жылы жасалған «Сібір қырғыздары туралы жарғысы» негізінде басқарудың ( ) әкімшілік жүйесін құрды.
(керекті сөздер:отарлау,Игельстром,Тевкелев,хандық билікті,Уәли,М:М.Сперанский ,1822,жаңа)
Абылай хан
( ) шын аты Әбілмансұр. Ол қазақтың сұлтаны Көркем ( ) ұлы.Жоңғар шапқыншылығы кезінде ( ) жасар бала.Ел арасына ( ) кетіп,өзінің ( )жасырып( ) болған.20-30 жылдары Әбілмансұр жоңғарларға қарсы шайқасқа қатысып( ) болған.Абылай хан 1755 жылы ( ) Жоңғарияны басып алуын мойындамай Әмірсанаға көмектеседі. ( ) қазақ жерін ( ) күш салды. 1771 жылы ( ) сайланды.
(керекті сөздер: Ханның,Уәлидің, 13, қашып, атын, Сабалақ, батыр, Қытайдың, Абылай,қорғауға, хан.)
Соңғы ҮІІ кезең «Тарихи тұлғаны таны» деп аталады. Аты айтып тұрғандай мен тарихи тұлғаларға мінездеме беремін,сендер оның кім екенін табуларың керек. (Әр топ кезекпен жауап береді)
Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған.Ол байларға жалшы болды,еңбекші халықтың тартқан қайғы қасіретін,ауыр тұрмысын көрді.1905-1907 ж орыстың 1- революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты.
(Амангелді Иманов)
2.Кеңес –Герман соғысында жасаған ерлігі баршаға аян.Ол алғашқылардың бірі болып,Берлинде Рейстагтың үстіне қызыл туды тікті.Ақмола облысындағы қыстақта дүниеге келген. (Рақымжан Қошқарбаев)
3. 2-дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы.Туған жері Жамбыл облысы.Әскери міндетін өтеуге шақырылып,запастағы командир атағын алады. Қызыл Армия қатарында,түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
( Бауыржан Момышұлы)
4.Тәуке заңдар жинағын жасауға қатысқан,Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес ұйымдастырушылардың бірі. ХҮІІІ ғ 40 жылдары Абылайды жоңғар тұтқынынан құтқарған.Шешендігімен өз жауын жыққан,қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. ( Қазыбек би)
5. Қатаң тәртіп орнатуда атасының саясатын жүргізген.Үш жүздің руларын саясаткер,дипломат хан ретінде бір ту астына жинаған,әскер санын 20 мыңға жеткізген адам. І Николай оның басын кесіп әкелгендерге бәйге жариялады. Оның сардарбегі Амангелдінің атасы Иман болды.(Кенесары хан)
6.Әз Жәнібектің ұлы.Оның тұсында Қазақ хандығының саяси ықпалы күшейіп,ірі қуатты хандыққа айналды.Оның тұсында қазақ саны 1 000 000-ға жетті. (Қасым хан)