СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қ дыбысы және әрпі

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қ дыбысын  дұрыс  айтуды  машықтандыру.  Жеке,  буында,  сөзде  анық  айтуын  жетілдіру. Сөз  ішінен  қ  дыбысын  ажырату,  орнын  анықтау.

 Ойлау,  сөйлеу  қабілеттерін  дамыту.  Сабаққа  қызығушылығын  арттыру.

 

Просмотр содержимого документа
«Қ дыбысы және әрпі»

Пән: Тіл кемшіліктерін түзеу

Дефектолог-логопед: Мухаметова А.М.

Сабық тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі

Сабақ мақсаты:

Қ дыбысын дұрыс айтуды машықтандыру. Жеке, буында, сөзде анық айтуын жетілдіру. Сөз ішінен қ дыбысын ажырату, орнын анықтау.

Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру.

Сабақ көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Сабақ әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар.

«сылақшы» -ауыз кең ашық, тілдің ұшымен таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.

«саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстау керек.

«сағат»-тілді ауыз қуысынан шығарып, оңға, солға қимылдату керек.

«күрекше» -жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 секунд ұстап тұру керек.

ІІІ. Дыбысты қою.

-Мынау не?

-Қалам сөзінің басында қандай дыбыс тұр?

-Қ қандай дыбыс еді? Дауыссыз

-Дыбысты дұрыс айтып көрейік (балаларды айтқызу)


Дыбысты машықтандыруға жаттығулар.

Тапсырма: қайтала

Қа-қа-қа құ-құ-құ қи-қи-қи қо-қо-қо қы-қы-қы


Сөздерді қайтала:

Қабан, қабат, қабылдау, қабырға, қағу, қолдау, қайғы, қайда, қате, қашық, қимыл, қиял, қанша, қаңбақ, қап, қар, қара, қобыз, қоғам, қой, қозы, қолғап, қорғау, қораз, қорап, қорек, қу, қуану, қуаныш, құрт, құрылым, аққала, атақты, науқас, сақал, сақина, жанғақ, шынтақ, шаттық, шашақ.

«Сен баста, мен аяқтаймын»

Қа-қа-қа- марқа құ-құ-құ- құлақ

Қо-қо-қо- қоян қу-қу-қу -аққу

Қы-қы-қы- қылыш қи-қи-қи-қияр

Ақ-ақ-ақ- секеңдейді лақ

Ақ-ақ-ақ- өте жылы тұмақ

Ық-ық-ық- біздің бөлме жарық



«Баспалдақ» сөзінен жаңа сөздерді құрастыр.

(ас, бас, бап, ала, қала, дала, баспа, салақ, садақ)



Жаңылтпашты қайтала, жаттап ал.

Қайтсақ деп айтсақ,

Қайтсек те қайтсақ.

ІV .Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: жаңылтпаш жаттау.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!