Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру салалары:
Бөлімдер: Сауат ашу
Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Ғ дыбысы мен әрпін таныстыру және оны Г дыбысымен және әрпімен салыстырып, айтылу, жазылу ерекшеліктеріне көңіл аударту. Ғ дыбысының айтылу артикулыциясын меңгерту, балаларға айтып көрсетіп, қайталату.
Дамытылушылық: Балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретіп, сөздік қорын дамыту. Жаңылтпаш, жұмбақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын
Жаңа сөздер: ғарыш, ғылым, аға, т.б.
Әрекеттің кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Әрекетті туындату,
түрткі болу
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
|
Ұйымдастыру
Ән ұран айту
Жұмбақ
Ұқсайды өзі шалғыға,
Елестет көз алдыңа.
Кәне, ойланып табайық,
Болды екен бұл қай әріп? (Ғ әрпі)
-Ғ дыбысын айтып көрейік
-Ғ қандай дыбыс?
-Неліктен дауыссыз?
-Қандай текшемен белгілейміз?
-Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
Қарлығаштың, балға, қарға, шылғы, т.б. суреттерін тақтаға іліп, дыбыстық талдау жаату, буынға бөлу.
-Енді, Ғ дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Ағабай ағасын
Ағатай дағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын
(Хормен, топтап айтып үйрену)
Сергіту сәті
Қаз не деп ға-ғалайды?
Айбат шекті Ата Қаз,
Тас лақтырған балаға:
-Шықтыңыз ба далаға,
Тиіспеңіз, ға-ға-ға.
Дәптермен жұмыс.
-Балалар, дәптерлеріңнен Ғ дыбысын тауып алып, Ғғ әрпінің баспаша түрін жазып үйренеміз. Ғ әрпіне баайланысты тапсырмаларды орындаймыз.
Ойын: «Сөйлемді толықтыру»
1.Өзімнен үлкен бауырым...(аға)
2.Қыз құлағындағы әшекей...(сырға)
3.Атам ат...(тағалады)
|
(Ғ әрпі)
|
Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)
|
Сұрақ-жауап.
Балалар Ғ қандай дыбыс?
-Қандай сөздерде Ғ дыбысы кездеседі?
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар «Ғ» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.
Түсінігі : Балалардың Ғ дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.
Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Ғ дыбысыңың дауыссыз дыбыс екенін, Ғ дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.