СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қысым қызықтары

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары (қайталау сабақтары)

Мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Қысым қызықтары»

Күні:

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары.

Сабақтың мақсаты:

1.Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.

2.Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.

3.Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге, шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын туғызу.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар.

Құрал жабдықтар:Интерактивті тақта,таратпа материалдар

Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, әдебиет.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.

Сайыс сабақ жоспары.

1.Миға шабуыл сұрақ-жауап

2. Зерделілер сайысы. II-топ онлайн тәжірибе жасап қорғайды.

3. Шапшаңдық сайысы есептер шығару

4. «Бәйге» жарысы

5. Полиглот

6. Физикалық тест

Good afternoon!

Who is absent today? Сабақта кім жоқ?

«Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберге тұрғанда сыныпта баяу әуен ойнап тұрады. Осында мұғалім «Балалар біз қандаймыз?»-дегенде, шеңбер бойымен оқушылар қандай екенін айтып өтеді. (ұйымшылмыз, мықтымыз, білімдіміз, кішіпейілміз, т.с.с.) бұл әдіс оқушылардың сабақ бойы көңілдері көтеріңкі отыру үшін де қолданылады. Сол айтқандарына жетуге тырысады.

1. Миға шабуыл

1.Қысым дегеніміз не?

2.Қатынас ыдыстарға мысал келтір.(Шәйнек, кофейник, су құбыры)

3. «Атмосфера» деген сөздің мағынасы.(грекше атмос-бу,сфера-шар)

4.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.(сын.бағ ммл)

5.Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.

(Барометр)

6.Денелердің жүзу шарттары?

7.Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.

(Ареометр)

8. Неге өзен суына қарағанда , теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек болады.

9. Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .

10. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.


2. «Зерделілер» сайысы. Онлайн тәжірибе қорғау


3. «Шапшаңдық» сайысы. Есептер шығарады.

Паскаль тобына есеп.Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.

Берілгені: Шешуі:

h=0,6 м P=pgh=1000 кг/м * 10 Н/кг *0,6 м=6000 н/м=6 кПа

p=1000 кг/м

g=10 Н/кг

Т/к: P-? Жауабы:6кПа.

Архимед тобына есеп.Суға 100 см болатын дене батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.

Берілгені: ХБЖ Формуласы: Шешуі: V=100 см3 100 см3 * 0,000001м3=0,001 м3 Fы=Fa=PgVg (H)

g=10 Н/кг Fы=Fа=0,001м3 * 1000 м3 *10 H=10H

ρ су=1000 кг/м

Т/к: Fы-? Жауабы: Fы=10H.


  1. Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 20м2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?

  2. Массасы 10т трактордың екі шынжыр табанының ауданы 2м2. Бұл трактордың топыраққа түсіретін қысымын табыңыздар.


Бағалау парақшасы

Берілгенінің жазылуы


ХБЖ аударылуы


Формуланы анықтауы


Жауабының дұрыстығы



4. «Бәйге» жарысы

Бұл жарыста оқушыларға өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау мақсатында оқушыларға эстафеталық білім картасы таратылады.  

Эстафеталық білім картасы

Физикалық шамалар

Математикалық өрнегі

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Жылдамдық

ν=l/t

м/с

Спидометр

2

Уақыт

t=s/ν

с

Сағат, секундомер

3

Масса

m=ρV

кг

Таразы

4

Көлем

V=m/ρ

м3

Мензурка, сызғыш

5

Ауырлық күші

Fa=mg

Н

Динамометр

6

Салмақ

P=mg

Н

Динамометр

7

Қысым

P=F/S

Па

Барометр

Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі. Оқушылар осы парақта өзін өзі бағалайды.


5. Полиглот

Полиглот бөлімінде физикалық шамалардың  белгіленуі беріледі, оқушылар осы физикалық шамалардың  қандай шама екенін тауып,  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде құрап, оны оқып береді.  



№1 

 Жауаптар

Физикалық шамалар

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын  тілінде

1

V

көлем

объем

Volume

2

Fүйк

үйкеліс күші

сила трения

the working power

(force power)

3

t

уақыт

время

Time

4

ρ

тығыздық

плотность

the mass

5

Fa

ауырлық күші

сила тяжести

power weight

6

h

биіктік

высота

Higher

7

s

жол

дорога

Way

8

FА

Архимед күші

сила Архимеда

Archimedespower

9

l

ұзындық

длина

the long (length)

10

P

салмақ

вес

Weight

11

ν

жылдамдық

скорость

the speed

12

S

аудан

площадь

Square

Дұрыс жауаптарға смайликтер беріледі.


 6. Физикалық тест

10 сұрақтан тұратын тест таратылып алынады

Физикалық тест

  1. Деформация дегеніміз не?

     А) Дененің өзгеруі        

     Ә) Дененің тоқтауы, сынуы      

     Б) Дененің ағуы

В) Сыртқы күштің әсерінен дененің көлемі мен пішінің өзгеруі

  1. Атмосфералық қысым бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ...
    А) барометр            

Ә) альтиметр      

Б) анероид        

В) барометр-анероид

  1. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының негізгі формуласы
    А)Р=Ғ/S        

Ә)Р=gрh

Б)Р=gт         

В)Р=mV

  1. Пішіні мен көлемі өзгерген денені қандай дене дейді?

А) пластикалық    

Ә) деформацияланған    

Б) серпімді    

В) өзгертілген

  1. Күшті өлшейтін құрал?

А) танометр          

Ә) динамометр        

Б) альтиметр         

В) амперметр

  1. Ауырлық күші дегеніміз –

     А) салмақ түскендегі күш         

     Ә) механикалық күш

     Б) дененің Жерге тартылу күші    

     В) сырттан әсер етуші күш

  1. Тығыздықтың өлшем бірлігі

     А)м/с              

     Ә)м3                                            

        Б) сағ                       

     В) кг/м3

8. Бір дене екінші дене бетімен қозғалғанда пайда болатын күш ..... деп аталады

     А) ауырлық            

     Ә) серпімділік                                   

     Б) қысым                                        

     В) үйкеліс

  1. Нормаль қысым күшін  ....  әрпімен белгілейді.
    А) N                  

     Ә)R                            

     Б) Р                                  

     В)А  

10. Гук заңын өрнектейтін теңдеу 

     А) Ға=mg

     Ә) Ғ=mN     

     Б) Ғ=kх       

     В) р=m/V

Тест жауаптары:

1-А

2- В

3-Ә

4-Ә

5-Ә

6-Б

7-В

8-В

9-Б

10-Б

Тест жауаптарын екі топ бір бірін тексереді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

Рефлексия: Плюс – Plus Минус – Minus Қызықты – Interesting