СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қыс қызықтары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

қаңтар айының төртінші аптасы "Қыс қызықтары"

Просмотр содержимого документа
«"Қыс қызықтары"»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 01.02.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сауат ашу

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Қыс қызықтары»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: . Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру

Оқыту: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту.Мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айтуға үйрету. Сөйлемдерде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдану.

Педогогикалық технологиялар: жапсыру әдісі, сұрақ-жауап, әңгіме, ойын. Дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.

Билингвалдық компонент: мұз – лед-ice, аққала-снеговик-snowmen, қыс-зима-winter.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан – жағымызға таратып, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Шаттык шеңбері

Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

Негізгі бөлім: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдап жұмбақтың шешімін табайық.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

-Жарайсыңдар балалар, ал қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын білесіңдер ме?

– Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

– Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?

-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
*Желтоқсан – жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар – жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан – жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.

-Балалар, ал қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?

-Ал, біз ойын ойнағанда, дала серуендеп шыққанда, тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз.

Қане, біз оны ойын түрінде көрсетейік.

Эстафеталық ойын: «Кім жылдам». Шарты: бір, екі бала шығып, қолғап, тымақ,мойынорағышты тез-тез киіп жарысады.
-Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.

-Балалар, мынау ненің суреті?
-Аққала неден жасалады?
-Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
-Қардың түсі қандай?
-Қар мұздай ма, жылы ма?
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

Билингвальды компонент: мұз-лед-айс, аққала-снеговик-снөумэн, қыс-зима-уинтә.

Ғажайып сәт. Осы кезде аққала көңілсіз келеді.

Тәрбиеші: -Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Аққала: – Сәлеметсіңдер ме балалар! –Балалар, мен әжеме қонаққа бара жатыр едім. Бүгін әжемнің туған күні еді. Әжеме туған күніне өзімнің суретімді сыйлыққа сыйлайын дегем. Бірақ орманда келе жатқанда сауысқан суретімді алып кетті. Қолымда тек бос жиектеме қалды. Енді әжеме не сыйлаймын балалар?

-Балалар, аққалаға көмектесеміз бе?

-Көмектеспес бұрын, аққала біз сіздің көңіліңізді көтеріп, шағын видеороликті көрсетеміз.

-Ал енді біз аққалаға көмектесейік. Қазір белсенділік орталығына барып екі орталыққа бөлінеміз.

Бірінші топтың балалары аққаламен бірге «Өнер орталығына» барып, мақтадан аққаланың бейнесін жасаймыз. Екінші топтың балалары «Кітап орталығына» барып жұмбақтар шешеді, тақпақтар айтады, суретпен жұмыс жасайды. Белгі берілгенде балалар ортаға жиналады.                    -Кім қыс туралы тақпақ біледі?

-Ал енді, мен сендерге қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар жасырайын.

1.Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады          (аяз)

2.Отқа жанбайды,

Суға батпайды       (мұз)

3.Зулап түсіп төменге

Шықпас менсіз төбеге       (шана)

4.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады      (қар)

Суретпен жұмыс. Суреттегі оқиғаларды әңгімелеп айтып береді.

Белгі беріліп, балалар ортаға жиналады.

Сергіту сәті

Балалар орталықтағы орындарын ауыстырады.
Аққала: -Жарайсыңдар балалар, сендер маған көмектесіп, менім бейнемді жасадындар. Менде енді бір сурет емес, бірнеше сурет бар. Енді, әжеме де, атама да, барлықтарына суреттер жетеді. Мен осы сендер істеген суреттеріңді оларға сыйлаймын. Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Жақсы балалар, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!

-Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді). –Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
-Бізге бүгін қонаққа не келді?
-Барлығымызға ұнады ма?

Қорытынды: Суретті толықтыр.  – Балалар, тақтада сендер қыс мезгілінің суретін көріп тұрсыңдар. Бірақ, ол сурет көңілсіз. Ол суретті біз көңілдендірейік!

Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық
«Жүректен – жүрекке»
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 29.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: Л дыбысы және әрпі


Мақсаттары:

Тәрбиелік: Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту

Оқыту: Л дыбысы және әрпімен таныстыру.

Педогогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік. Дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

Билингвалдық компонент: лақ- ягненок

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Аспанға мен қараймын.

Күн сәулесін санаймын! Бір сәулені мен алып!

Балаларға сыйлаймын!

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, өлең жолдарын Балалар тәрбиеші мұқият тыңдап,

Балдырғанның тапсырмаларын орындайды.

айтады.

Негізгі бөлім: Суретпен жұмыс

1-тапсырма.

- Мынау не?

- Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?

- Лақ сөзінде неше дыбыс бар?

- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?

- Неше буын бар?

- Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу).

- Л қандай дыбыс?

- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді?

Балаларға айтқызу.

Ла-ла-ла-лақ.

Ли-ли-лимон.

2-тапсырма.

Піл, лимон, балық суреттері көрсетіледі. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөлдіру, дыбыстық талдау жасату.

Сонан соң осы сөздерде кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызу. Лдыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалдармен түсіндіру. Өткен дыбыстармен л дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер құрастырылып оқыту. Хормен ауызша қайталату.

3-тапсырма. Дәптермен жұмыс:

Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазғызу.

Лак, түлкі, гүл сөздеріне дыбыстық талдау жасап, л дыбысының орнын ажырату. Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлату.

4-тапсырма .Өлен жаттау «Лақ»

Жалт-жұлт етіп лақ.

Жағалайсын бұлақ.

Секірем деп бірақ.

Қала көрме құлап.

Сергіту сәтін өткізу. Бейнеролик.

Сергіту сәті. балалармен бірге орындау.
Отырайық, тұрайық, ал балалар, бір ауық, (Орындарынан тұру)

Әріпсырынұғалық,

«А» дегендеотырып, («А» отырады.)

«Б» дегенде тұралық. («Б» тұрады)

«А», «Б»….. «А» «Б»…. (Қайталайды)

Отырыптұртағы да

Тосылыпқалма, осыныұқ!

Қайталайықтағы да, барлығымыз қосылып.

Презентация. Л әрпі бар сөз болса, қол шапалақтау. Болмаса аяғын топыдату.

  • Қорытынды: Балалар кеспе әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін кім құрастырып береді?

  • Енді осы сөздермен кім сөйлем құрап береді?

  • Сөйлемдердің сызбасын сызып көрсету.

  • Сабақ қонағы - Балдырғанның білімді балаларға риза болғанын айтып, сабақты аяқтау.

Кеспе әріптерден ала, ол, ал сөздерін құрайды. Осы сөздерге сөйлем құрайды.



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 30.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Драма

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Аяз ата сиқыры» ертегісі

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Таныс ертегі кейіпкерлердің рөлдерін адамгершілік нормаларымен түсініктері тұрғысынан бағалау.

Дамытушылық: Адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көріп,қайталап көрсетуді қалыптастыруды жалғастыру

Оқыту: Театрландырылған әрекеттің басқа жұмыс түрі: саусақ театры арқылы сахналау

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі кейіпкерлер киімі. қоржын,қуыршақ театры.

Билингвалдық компонент: Аяз ата-дедмороз, сиқыр-колдовство.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды өз айналасына жинап өткен жаңа жылдық мереке жайлы әңгіме жасайды. Тосын есік қағылады бөлмеге аяз ата келеді. Ол балалармен сәлемдеседі.

Негізгі бөлім: Аяз ата балалардан қандай өнерлерің бар деп сұрайды. Олардың айтқан тақпақтарын тыңдап билерін тамашалайды.

Сосын аяз ата өзінің сиқырлы таяғын көрсетеді сол таяқты сермегенде сиқыр болады деп бірнеше баланы шақырып қар үймегінің астына жасырады. Қар үймегінің астында «Сиқырлы тон» ертегісі кейіпкерлерінің киімдері болады. Жасырынған балалар киімдерді киіп қар үймегінің астынан шығады. Сиқырды тамашалап отырған балалар бұл қай ертегі атын айтады.Екінші атын айтады.Екінші рет «Түлкі мен қырғауыл» ертегінің кейіпкері боп басқа жасырынған балалар шығады. Содан соңиаяз ата балалардың тапқырлығына риза боп балаларға силық беріп қоштасып кетеді.

Қорытынды: Балалрдан бүгін не істегендері жайлы сұрап,қорытып тәртібі,өнері және сөйлегенін мақтап,мадақтайды



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 30.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: шет тілі

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: «қыс мезгілі»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. Табиғат сұлулығын көре білуге, сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Оқыту: Қыс мезгілі туралы тақпақ жаттау. Дыбыстарды, сөздерді анық айтуға үйрету

Педогогикалық технологиялар:

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, компьютер 

Билингвалдық компонент: Қыс-winter, суық-cold, қар-snow, ақ-white, snowflake- қылау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:  Hello, guys! How are you? 
Do you know that winter is coming? How do we know this? 
Everything is white. It’s snowing. It’s cold and windy. 
We can do snowman and snowflakes. 
Snowflakes, snowflakes dance around. 
Snowflakes, snowflakes touch the ground. 
Snowflakes, snowflakes in the air. 
Snowflakes, snowflakes everywhere 
Snowflakes, snowflakes dance around 
Snowflakes, snowflakes touch the ground -Hello! Good! 

Snowflakes, snowflakes dance around. 
Snowflakes, snowflakes touch the ground. 
Snowflakes, snowflakes in the air. 
Snowflakes, snowflakes everywhere 
Snowflakes, snowflakes dance around 
Snowflakes, snowflakes touch the ground 

Негізгі бөлім: Қыс-winter, 
суық-cold, 
қар-snow, 
ақ-white, 
snowflake- қылау 
3. Let’s do some snowflakes! 
Вырезаем снежинки под песню «Little snowflake» 
4. Let’s sing the “Jingle Bells” song 
Dashing through the snow, 
In a one-horse open sleigh, 
Over the fields we go, 
Laughing all the way. 
Bells on bob-tails ring, 
Making spirits bright, 
What fun it is to ride 
And sing a sleighing song tonight. 
Chorus: 
Jingle bells, jingle bells, jingle all the way! 
O what fun it is to ride in a one-horse open sleigh. 
Jingle bells, jingle bells, jingle all the way! 
O what fun it is to ride in a one-horse open sleigh. 
- Қыс-winter, 
суық-cold, 
қар-snow, 
ақ-white, 
snowflake- қылау 

Dashing through the snow, 
In a one-horse open sleigh, 
Over the fields we go, 
Laughing all the way. 
Bells on bob-tails ring, 
Making spirits bright, 
What fun it is to ride 
And sing a sleighing song tonight. 
Chorus: 
Jingle bells, jingle bells, jingle all the way! 
O what fun it is to ride in a one-horse open sleigh. 
Jingle bells, jingle bells, jingle all the way! 
O what fun it is to ride in a one-horse open sleigh. 

Қорытынды: суық-cold, 
қар-snow, 
ақ-white, 
snowflake- қылау 
Қыс-winter, 
суық-cold, 
қар-snow, 
ақ-white, 
snowflake- қылау 

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 31.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Орыс тілі

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Зима»

Цель:Развивать элементарную разговорную речь;формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни; закреплять умения называть некоторые свойства и цвета предметов;

обучающие: обобщить и систематизировать знания детей о зиме, формировать умение отвечать на вопросы, подбирать родственные (однокоренные) слова, пересказывать текст, используя мнемотаблицы, упражнять детей в образовании существительных в родительном падеже единственном и множественном числе, упражнять в согласовании существительного с глаголом, с числительным, упражнять в составлении простого распространенного предложения.

развивающие: развивать навык словообразования,

воспитательные: прививать любовь к поэтическому слову, воспитывать у детей интерес к сезонным изменениям в природе.

Предварительная работа: беседа о зиме, рассматривание картин и иллюстраций, чтение стихов и пословиц, наблюдение за погодой на прогулках.

Оборудованиесундучок с заданиями; проектор; снежок

Билингвалдық компонент: зима-қыс

Организационный момент
Воспитатель:

Собрались все дети в круг

Я твой друг, и ты- мой друг

Дружно за руки возьмёмся и друг другу улыбнёмся.

Сюрпризный момент:
Воспитатель: Сегодня утром, когда я шла на работу в детский сад, встретила девочку, она была одета в белую шубу, шапку, а в руках у ней была волшебная палочка и сундучок. Этот сундучок она несла для вас долгожданная волшебница зима, и подарила нам свой подарок - сундучок – вот он! 
Воспитатель:
 Чик, чук, чак, чок – открывайся, сундучок! 
Давайте вместе!

Дети: Чик, чук, чак, чок – открывайся, сундучок! 

(воспитатель заглядывает в сундучок).
Воспитатель: Ребята, сколько здесь вопросов, загадок, подарков, сюрпризов, и мы с вами должны на них ответить.


Негізгі бөлім: 1. Беседа о зиме.

Воспитатель: Вот сейчас мы с вами поиграем - я буду бросать вам снежок и задавать вопросы, а вы ловите и отвечайте. 
Эдик, скажи, пожалуйста, какое сейчас время года? 
Ребенок: Время года зима. (слайд 1)
Воспитатель: А как же называются зимние месяцы?

Ребенок: Декабрь, январь, февраль. 
Воспитатель: Какая у нас зима? 

Ребенок: Снежная, холодная, морозная
Воспитатель: Что бывает зимой? 

Ребенок: Метель ветер, река замерзла(слайд 2)
Воспитатель: Что можно сказать о снеге? Какой он? 

Ребенок: Пушистый, мягкий, укрыл всю землю;
Воспитатель: Молодцы, хорошо описали зиму!

Дети садятся на стульчики перед экраном.
2.  Слушание рассказа «Гостья зима» и беседа. 

Воспитатель: Следующий сюрприз достану из сундучка. Разворачиваю сверток, а там рассказ. Я прочитаю вам рассказ «Гостья зима», а вы внимательно его слушайте. Потом я буду вам задавать вопросы по этому рассказу.

«Пришла зима. Она накрыла землю белым покрывалом. Идёт снег. Дует ветер. Трещит мороз. Зима пришла не с пустыми руками. Она принесла подарки: снегопады, сугробы, метели, лед. Эти подарки нужны людям для того, чтобы кататься на лыжах, коньках, санках. А еще можно слепить снеговика, построить крепость, поиграть в снежки. Мы очень любим зиму».

Первичное восприятие рассказанного воспитателем: 

Воспитатель: Кто пришел к нам в гости?

Ребенок: Зима!

Воспитатель: Чем зима накрыла землю?

Ребенок: Землю накрыло белым покрывалом.

Воспитатель: Какая погода зимой?

Ребенок: Дует ветер, трещит мороз.

Воспитатель: Какие подарки принесла зима?

Ребенок: Зима принесла снегопады, сугробы, метели.

Воспитатель: Для чего людям нужны эти подарки?

Ребенок: Они нужны, чтобы кататься на лыжах, коньках, санках.

Воспитатель: В какие зимние игры можно играть зимой?

Ребенок: Можно слепить снеговика, построить крепость, поиграть в снежки.

3.  Составление рассказа о зиме по мнемотаблице:

Воспитатель: Я прочитаю рассказ ещё раз, а вы внимательно слушайте и подготовьтесь к пересказу. Чтобы запомнить рассказ, нам помогут в этом рисунки - подсказки. Слайд 3

Итак, слушаем внимательно и следить за подсказками.

Воспитатель читает рассказ, указывая по элементам мнемотаблицы

Воспитатель: Ребята, кто желает пересказать рассказ?

(Пересказывают 2-3 человека)

Физкультминутка «Зимой». Импровизация движений.

Мы зимой в снежки играем, мы играем, мы играем.

По сугробам мы шагаем, мы шагаем, мы шагаем.

И на лыжах мы бежим, мы бежим, мы бежим.

На коньках по льду летим, мы летим, мы летим.

И снегурку лепим мы, лепим мы, лепим мы.

Гостью-зиму любим мы, любим мы, любим мы.

4 Отгадывание загадок. Пока мы рассказывали с вами о гостье зиме, в сундучок намело столько снежинок, что получился целый сугроб. Слайд 4 Но снежинки эти не простые, а «снежинки-загадки». Если вы верно отгадаете загадку на экране появиться ответ.

1.Из овечьей шерсти тонкой.
Как гулять - так надевать,
Чтоб не мёрзли пять да пять. (Рукавички) Слайд 5

2.Что за нелепый человек
Пробрался к нам
В двадцатый век?
Морковкой нос,
В руке метла,
Боится солнца
И тепла? (Снеговик) Слайд 6

3.Он слетает белой стаей и сверкает на лету.

Он звездой прохладной тает на ладони и во рту. (Снег.) Слайд 7

4.Мы - проворные сестрицы, быстро бегать мастерицы, В дождь - лежим, в снег - бежим, уж такой у нас режим. (Лыжи.) Слайд 8

5.С неба падают зимою
И кружатся над землёю
Лёгкие пушинки,
Белые... (Снежинки) Слайд 9

6.Белый дед, белее нет.
Старый, горбатый,
Лежит возле хаты.
Лежит всю зиму
- Никто не поднимет.
Весна придет
- Он сам уйдет. (Сугроб) Слайд 10

5. Дети садятся перед экраном.

Воспитатель: Снова загляну в сундучок и достану из него следующее задание.

Воспитатель: Кто изображен на экране?

Ребенок: Зимние птицы

Воспитатель: Каких зимних птиц вы знаете? Слайд 11

Ребенок: Снегирь, воробей, синица…



Воспитатель: Правильно ребята. Предлагаю вам поиграть в интерактивную игру «Кого не стало?» Слайд 12

Воспитатель: Посмотрите, на экране изображены знакомые вам птицы, я буду показывать на птицу, она будет улетать, а вы ответьте на вопрос, кто улетел?

Ребенок: Улетела одна сорока

Воспитатель: Показываю на следующую сороку, кто улетели?

Ребенок: Улетели две сороки.



Воспитатель: Посмотрите, кто сейчас улетел?

Ребенок: Улетел один дятел.

Воспитатель: Показываю на следующего дятла, кто улетели?

Ребенок: Улетели два дятла.

Воспитатель: Посмотрите, кто сейчас улетел?

Ребенок: Улетела одна ворона.

Воспитатель: Показываю на следующую ворону, кто улетели?

Ребенок: Улетели две вороны.

Воспитатель: Посмотрите, кто сейчас улетел?

Ребенок: Улетел один воробей.

Воспитатель: Показываю на следующего воробья, кто улетели?

Ребенок: Улетели два воробья.

Воспитатель: Посмотрите, кто сейчас улетел?

Ребенок: Улетел один голубь.

Воспитатель: Показываю на следующего голубя, кто улетели?

Ребенок: Улетели два голубя.

Воспитатель: Посмотрите, кто сейчас улетел?

Ребенок: Улетел один снегирь.

Воспитатель: Показываю на следующего снегиря, кто улетели?

Ребенок: Улетели два снегиря.

Воспитатель: Посмотрите, кто сейчас улетел?

Ребенок: Улетела одна синица.

Воспитатель: Показываю на следующую синицу, кто улетели?

Ребенок: Улетели две синицы.

Воспитатель: Молодцы ребята, а сейчас вставайте в круг.

6. Игра «Доскажи словечко»

Воспитатель: Снова загляну в волшебный сундучок и достану следующее задание. А здесь игра «Доскажи словечко», давайте встанем в круг и поиграем. Зима забыла дописать стихотворение, давайте ей поможем, и подскажем ей нужные слова,
Тихо-тихо, как во сне, падает на землю………………………………………снег!
С неба всё скользят пушинки - серебристые………………………….снежинки!
На поселке, на лужок, всё снижается………………………………………………..снежок!
Вот веселье для ребят - все сильнее……………………………………………снегопад!
Все бегут в перегонки, все хотят играть в……………………………………..снежки!
Словно в белый пуховик, нарядился………………………………………….снеговик!
Рядом – снежная фигурка, это девочка…………………………………….снегурка!
На снегу-то, посмотри, с красной грудкой……………………………………снегири!
Словно в сказке, как во сне, землю всю украсил…………………………………снег!
Какие слова вы добавляли? (снег, снежинки, снежок, снеговик…)
На какое слово они все похожи? (на слово «снег»)

Қорытынды: Воспитатель:

- Вспомните ребята, какие задания из волшебного сундучка мы выполняли? - -Какое задание у вас вызвало затруднение?

-Как вы думаете кто сегодня был более активным?

-Чей рассказ о зиме вам понравился больше всего?

Воспитатель: Молодцы ребята, вы сегодня хорошо поработали, старались. А волшебный сундучок мы заберем с собой, нас там ждет сладкий сюрприз.





Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 29.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: Логикалық есептер.

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. Адамгершілікке, достыққа, тәртіпке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуді жетілдіру.

Оқыту: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қима сандар, суреттер, қарындаштар, дидактикалық ойындар.

Билингвалдық компонент: сан-цифр

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Амандасу рәсімі:

-Әдептен озбай бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық балалар

Ал кәнеки бәріміз,

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.

Барша жұртты құрметтеп қарсы алып,

Құшақ жая қарсы алып

Сәлем бердік баршаға.

Негізгі бөлім: Балалар бүгін сендермен бірге математика әлеміне барамыз.

Кәнеки айтыңдаршы математика сабағында біз не істейміз? Немен танысамыз?

Ендеше тура және кері санап берейікші.

Балалар қалай ойлайсыңдар дүниеде нені санауға болмайды?

Ал жыл мезгілдерінің айларын санаймыз ба?
Ендеше бір жылда неше ай бар?

Атап беріндерші.

Жақсы. Біз білеміз бір жылда төрт мезгіл бар екенің. Кәне төрт мезгілді атап беріндерші?

Осы әр мезгілде үш айдан бар соларды атап беріндерші?

Қыс айлары:

Көктем айлары:

Жаз айлары:

Күз айлары:

Жарайсындар балалар енді екі топқа бөлініп сабағымызды бастайық (Екі топқа бөлінеді. 1 топ суреттегі сандарды тауып бояйды. 2 топ үстелдегі тапсырмаларды орындауға барады)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Жаңбыр тамшысын, жауған қарды, ағаш жапырақтарын, құм топырағын.

Ия санаймыз.

Бір жылда 12 ай бар.

Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан

Қыс, Көктем, Жаз, Күз.

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Маусым, Шілде, Тамыз.

Қыркүйек, Қазан, Қараша.

1 тапсырма.

Дидактикалық ойын:

«Апта күндерін ата».

-Бір аптада неше күн бар?

-Атап беріндерші

Балабақшаға неше күн барамыз?

Неше күн демаламыз?

Жақсы. Ал айтыңдаршы бүгін аптаның қай күні?

Ал кеше аптаның қай күні болды?

Ал ертең аптаның кай күні болады?

Жарайсыңдар!

2 тапсырма.

«Ауызша есеп».

Енді балалар есеп шығарайық.

1) Әсемде бар 5 кәмпит,

Әселде бар 2 кәмпит.

Қоссақ 5 пен 2-ні,

Қанша болар шешімі?

2) Кеше көл жағасында

Жиналды 10 үйрек

3-і ұйықтап қалыпты

Ұшып кетті неше үйрек?

3) Алма ағаш үстінде,

Он жағында 6 алма

Сол жағасында 4 алма

Алмаларды біз қоссақ

Нешеу болар барлығы?

4) 10-нан 5-ті алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық.

Бір аптада жеті күн бар.

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

Балабақшаға бес күн барамыз.

Екі күн демаламыз.

Бүгін аптаның үшінші күні Сәрсенбі.

Кеше аптаның екінші күні Сейсенбі болды.

Ертең аптаның төртінші күні Бейсенбі болады.

3 тапсырма.

Диктант.

«Түзу, сынық сызықтар».

Әр баланың алдында карточка беріледі. Мысалы: Қоян үйге тез жету үшін қай жолмен жүру керек тауып алда соны қарындашпен сызып жеткіз.

Жарайсындар! Әр бала неге

Осы жолды таңдадың деген сұрақтар қойылады

4 тапсырма.

Дидактикалық ойындар.

«Төлді тап».

Әл баланың алдында ақ қағазда есеп жазылған. Сол есепті шығарса мал төлін табады.

5 тапсырма.

«Тағылған санды тап».

Жарайсындар балалар! Енді орнымызбен ауысайық (тәрбиеші шылдырмақты сылдырлатып балалар орындарымен ауысады).

Жарайсындар балалар кәнеки бәріміз кілем үстіне барайық. Рефлексия: «Доппен ойын».

Қорытынды: Балалар қонақтармен қоштасады.

«Сау болыңыздар!»



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Қыс мезгілі»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.

Оқыту: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Педогогикалық технологиялар: көрсету,түсіндіру,ойнау

Ресурстармен қамтамасыз ету: слайд. Суреттер, түтікше,бойау,ақ қағаз.

Билингвалдық компонент: қыс-зима.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?

Балалар: Әрине.
Тәрбиеші: Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды
Қар омбығып,
Бет домбығып, балдырғандар ойнайды.
Бүлдіршіндерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қар жауады, суық балады, боран соғады, аяз болады.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
Балалар: Адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар: Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасаймыз, шана, шаңғы тебемез. Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар,
Сапты бірге құрыңдар,
Желмен бірге майысып,
Оңға, солға бұрыңдар

Негізгі бөлім: Сюрприздік сәт Топқа Маша мен Аю қонаққа келеді.
Маша мен Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Маша: Балалар менде неше түрлі пішіндер бар, сол пішіндерден аққала жасауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Көмектесеміз.
Балалар Машамен бірге пішіндерден аққала жасайды.
Маша: Жарайсыңдар, балалар. Енді менің сурет салғым келіп тұр.
Тәрбиеші: Олай болса сендер Аю екеуің балалармен бірге сурет салуға көмектесіңдер.
Балалар қорапшадағы бейнелі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
1 - топ: «Аққала» тобы.
2 - топ: «Ұлпа» тобы.
1 - топ: «Аққала» тобы жарық шамы түсірілген әйнекке қыс қызығын манка жармасынан, ас тұздан, құмнан саусақ қимылдары арқылы сурет салады.
2 - топ: «Ұлпа» тобы көк түсті қағазды алып, ақ түсті гуащь бояуына қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, бояуды түтікшемен үрлеп, қар ұлпасының суретін бейнелейді.

.
Маша мен Аю: Балалар, сендерге көп рахмет. Өте қызықты болды бүгінгі іс - әрекеттерің. Енді қайтайық, қош сау болыңдар.
Тәрбиеші: Жүректен жүрекке,
Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық,
Сау - саламат болайық.

Қорытынды: Қыс қызығын тамашалады.
Қыс мезгілі туралы мағлұмат алды.балалар түтікшемен қардың және құм, жарма, ас тұзын пайдалана отырып жарық түсірілген әйнекке саусақ қимылдары арқылы сурет салды.



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: Шана.

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. түзу сызықтар сыза білуге,іскерлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Үлгі бойынша заттық сурет салуда,шананың суретін салуда балалардың сызықтарды үйлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру;

Оқыту: Серуен кезінде көрген бейнесінің суретін салуға үйрету. Суретті бояу дағдыларын жетілдіру.

Педогогикалық технологиялар: Түсіндіру, сурет салу,сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қағаз, түрлі –түсті акварел бояу.Ақ қағаздан салынған , қыйлған қардың суреттері.

Билингвалдық компонент: Қыс-зима, қар-снег, аққала -снеговик

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: - Балалар бәріміз орнымыздан тұрып үлкен шеңбер жасайық.

Балалар табиғатпен апайлармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Күн ана!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

Хормен айтады Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Күн ана!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

Негізгі бөлім: Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар ?

Олар:

(Қыс, көктем, жаз, күз )

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Кім шешуін табады?

Аяз қысып өрнек сызып

Терезені торлайды .

Қарға омбығып , бат домбығып

Балдырғандар ойнайды

Кейде ұлып , кейде ысқырып

Ұйтқып боран соғады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады, күн суытып аяз, боран болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер .

Қыста шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз.

Ендеше тақтадағы суреттерге қарайықшы . Тақтадағы қандай ойындар көріп отырсыңдар балалар шанамен ойнап жатыр , ақала жасапты.

Аққаланы жасау үшін қарды дөңгелек үлкен,орташа және кішкентай дөңгелектер жасап бір-бірінің үстіне қойып жасайды екен.

Балалар бізге қонаққа аққала келіпті.

Аққаламен амандасайық. -Сәлеметсіңдерме балалар ?

-Менің немін білесіңдерме?

Өте жақсы балалар. Балалар менің мұрным неден жасалатынын білесіңдерме?

Ал, сәбіз неге жатады?

Сәбіз көкөністерге жатады

Балалар білесіңдерме?

Мен көкөністермен жемістерді жақсы көремін.

Ал күн жылып қар еріп көктем шыға бастағанда мен әлсізденемін сондықтан күш жинау үшін дәрумендер жеу керекпін . Сол үшін мен дәрумендер еліне кетіп бара жатырмын.

Балалар бірақ менің шанам сынып қалыпты. . Сендер маған шананың суретін салуға көмектесіңдеме.

-Енді бәріміз, сәнді шананың суретін салып көрейік.

Балалар біздер суретімізді салмас бұры қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.

Қылқаламмен жұмыс жасаған кезде қылқаламды ауызға салуга болмайды.

Қылқаламның ұшын ғана субояққа батырамыз.

Суды ішпейміз, төкпейміз.

Жасалу жолдары:

-Алдымен қарандашпен шананың суретін бастырып салып аламыз.

Сонан кейін қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады.

-Жіңішкелеп қаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларды сызып саламыз.Балалар сурет салған кезде қылқаламды аузымызға салмаймыз. Балалар жауып тұрған қардың суретін салып бересіңдер ме?

- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.

Жүріңдер балалар

Сырғанақ тебеміз

Құрыспай, құрыштай

Шынықсын денеміз

Баяққа бау тағып

Шаңғыңды майлап ал

Биалай , малақай

Бәрінде сайлап ал.
Балалар орыс тілінде Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик деп атайды екен, кәне бәріміз қайталайық.

- Енді балалар ойын ойнайық

Д. о «Ойлан тап» (Қыс мезгіліне байланысты суреттерді тақтаға жапсырады)
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Балалар мен туралы, қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Балалар сендер қыс мезгіліне байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

Ендеше қыс мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтайық.

Қорытынды: Жарайсыңдар балалар !
- Балалар алдымыздағы беттің түсі қандай?

Қардың түсі қандай?

Балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалау.

Балалардың жауаптарын толықтыру,балаларды мадақтау,жұмыстарын бағалау,оқу іс-әрекетін тәмандау. - Көрдіңдер ме балалар қыс мезгілі қандай тамаша.

Балалар аққала неше бөліктен тұрады?
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
- Рахмет сендерге балалар тамаша сурет салдыңдар.





Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 29.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу.

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: Аққала

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту;

Оқыту: Түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін мүсіндеуге үйрету.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: ермексаз,үлгі,сүрткіш,тақтайша,суреттер

Билингвалдық компонент: қыс -зима,аққала -снеговик,қар – снег.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: Топқа Дімбілмес келеді, ол аққала жасау білмейді екен.

-Балалар, Дімбілмеске көмектесемізбе?

Сөздік жұмыс жүргізеді

Негізгі бөлім: Суретпен жұмыс.

-Балалар, қараңдаршы, аққаланың денесі қандай пішіннен жасалған?

-Ал аққаланы неден жасайды?

-Қардың түсі қандай?

-Ал,біз қазір осындай аққаланы ермексаздан мүсіндейміз.

Билингвалдық компонент. қыс зима,аққала снеговик,қар снег

Сергіту сәті.

Бала, бала, балақан,

Кәне қайсы алақан?

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Тәрбиеші ермексазды алақан арасына салып,домалақтау әдісі арқылы аққаланы жасап көрсетеді.

Балалар ермексазды алақан арасына салып домалақтайды.

Аққаланы жасауға тырысады.

Қорытынды: Дімбілмеспен бірге балалардың жасаған аққалаларын талдайды.

Балаларды мадақтау.



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 01.02.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Аппликация

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Аққала»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. Табиғатты аялай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Аққаланың түсін, пішінін, көлеміне қарай орналастыру. Білімдерін жетілдіру.

Оқыту: Жапсыратын бөліктерді қағаздың бетіне дұрыс орналастыру. Қайшыны қолдану дағдыларын жетілдіру.

Педогогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қыс мезгілінің және аққаланың суреттері.

Билингвалдық компонент: Аққала -снеговик

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: - Сәлеметсіздер ма, балалар!

- Көңіл-күйіміз қалай?

Шаттық шеңбері:

Біз тағыда біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Таңмен бірге оянып,

Шаттанамыз бәріміз.

Негізгі бөлім: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгінгі ауа-райы қандай?

- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Маған қарды сипаттап беріңдерші?

- Қардың түсі қандай?

Суретпен жұмыс.

- Қане, балалар, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Балалар не соғып жатыр?

Тосын сәт:

Тук, тук, тук ( есік қағылады)

- Балалар, бізге қонаққа кім келді?

(Маша мен Аю мултьфильміндегі кейіпкер Аю әуен ырғағымен кіреді.

- Аю, сен қайдан адасып жүрсің?

Аю: Мен Машаны іздеп жүрмін. О, алақай мен Машамды таптым. (топтан бір қызды құшақтап алады)

- Қой, Аю бұл сенің Машаң емес, біздің топтағы Інжу деген қыз ғой.

Аю: Ой Маша жылдам қимылдайды, мен оны іздей-іздей шаршадым.

- Аю, сен шаршасаң демал.Бізге қонақ бол.

- Балаларымыздың оқу қызметінде не істейтінін көресің.

Суретпен жұмыс.

- Ал, балалар, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

Дала аппақ қарға оранған. Айдар шана сүйретіп, Құтжол күшік еріп бара жатыр.

- Мынау не?

- Аққаланы неден соғамыз?







Жұмбақ:

Көкте жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді.

- Балалар қар аппақ ұлпа болады. Оны жылы жерге қойсақ, су болып ериді. Аяз болса, мұз болып қатады.

Ал, енді даладан алып келген қардан, Талшын қызымыз екеуміз аққала соғып көрсетейік.


- Балалар, қардан біз не соқтық

- Аққаланың пішіні қандай?

- Аққала неше бөліктен тұрады?

- Ал, енді балалар мына үлкен, орташа, кіші дөңгелектерді пайдалана отырып, аққала құрастырып, жапсырайық.

Аю сен Маша екеуің орманда ақ қардан аққала соғып алыңдар.

Сергіту сәті.

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Өлең

Бір топ бала далада,

Қардан соқты аққала.

Мұрын сәбіз үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Бұл өлеңде кім туралы айтылып тұр.

Қорытынды: -Міне, Аю сен көрдіңбе? Біздің балалар аққаланы ұқыпты орналастыра алады. Осы жапсырған аққаланы Аюға беріп жіберейік. Орманда Маша екеуі осы үлгіге қарап аққала соғып алады.

Балалардың жапсырған жұмысына ауызша мақтап-мадақтау, сұрақтар қойып, оқу қызметін қорыту.



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 18.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Әлеумет

Пән: Өзін-өзі тану

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып: Достық бірлікте.

Мақсаттары:

Тәрбиелік: бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамы-ту.

Оқыту: өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру.

Педогогикалық технологиялар:

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Негізгі бөлім:

Қорытынды:



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 18.01.2019 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән:

Өтпелі тақырып: «Ғажайып қыс»

Топ: ересек топ

Тақырып:

Мақсаттары:

Тәрбиелік:.

Дамытушылық

Оқыту:

Педогогикалық технологиялар:

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Негізгі бөлім:

Қорытынды: