Педагог балаларды киіз үйдің үлгісін қарауға шақырады. Тәрбиеленушілер киіз үйдің негізгі бөліктерінің мақсатын білу-білмеуін сұрайды. Киіз үйді немен безендірген? «Идеялар қоржыны» сыни ойлау қабілетін дамы- ту тәсілдерін ұсынады: ою-өрнек дегеніміз – бұл …(тәрбиеленушілердің жауаптарының барлығын тыңдайды). Педагог балаларды алдағы әрекетке жұмылдырып, сәтті жұмыстар мен оларды орындау бойынша дұрыс жасауға ықпал етеді. Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарайды. Басқұр – бұл қазақтың киіз үйін бекіту мен жабдықтауға арналған салтанатты әрі сәндік жолақтар. Басқұрды геометриялық және өсімдік оюлы өрнекпен әшекейлейді. Педагог балалардың қандай материалмен жұмыс істейтіні жөнінде ойлануды ұсынады. (Қағазбен) Қандай құралдармен? (Қайшы, желімге арналған жаққыш, қарындаш). Болжалды композицияға назар аударады: жолақтар қандай болады, қандай ою-өрнек қолданылады? Ұнаған ою-өрнек үлгілерін таңдауды ұсынады. (ұ) саусақтарға арналған жаттығу Алақандар үстел үстінде,( «бірекі» – саусақтар бірге, саусақтар бөлек). Алақан – жұдырық – қырынан, («бірекіүш») Саусақтардың амандасуы («бірекіүштөртбес» – екі қолдың саусақтары қосылады: бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және т.с.с.). Қояндар (сұқ және ортаңғы саусақты жоғары қарай көтерді, бас бармақ, төртінші және бесінші саусақтар біріктіріледі.) Қояндар тығылып қалды (жұдырықты түю). Ағаштар өсіп тұр (алақандарды өзіне қарай бұрып, қолды жоғары көтеру). Ағаштар жоқ (одан кейін қолдар төмен қарай түсіріледі). (ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы. Фон түсін таңдайды. Қию тәсілдерін анықтайды. Фон әзірлемесіне жай қарындашпен басқұр жолағының суретін салады, қиып альбомға жапсырады. Өз бетінше қиып алып, ою-өрнектің дайын үлгіқалыбын алады. Қағазды белгілі тәсілдермен: екіге немесе қатпарлап бүктейді. Ою-өрнектің бүгу сызығы бойымен ою- өрнектің үлгіқалыбын қойып, жай қарындашпен сызып алады. Педагог тәрбиеленушілердің назарын заттың шеткі сызықтарына аударады. Шеткі сызықты қию оңай болу үшін оң жақтан солға қарай қияды. Сосын белгілер бойымен ою-өрнекті қиып алады да жазады. Педагог балалардың дәл қиюын және бөлшектерді бүлдірмеуін қадағалайды. Қию сызығының анық, бұдырсыз болуын қадағалау қажет. Қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысу қажет. Жолаққа ою-өрнектің барлық бөлшектерін орналасты- рады. Орналастырудың ең жақсысын таңдайды. Жапсырудың барлық бөлшектерін матаға ретімен жап- сырады. Желімді бейненің ортасынан бейненің бұрышы мен шетіне қарай біркелкі етіп ұқыпты жағу керек. Бұл үшін жаққышты, саусақты, сорғышты қолдануға болады. Екі шетін саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ немесе бас бармақ пен ортаңғы саусақ) ұстап, қағаз бөлшектің бетін аударады. (ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері Сабақ шеңберінде педагог қайшымен жұмыс істеу ережелерін және жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіруді еске салып отырады |