СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көктемгі табиғат көріністері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көктемгі табиғат көріністері туралы балалардың білімдерін толықтыру. Қимылды, дидактикалық ойындар арқылы жыл мезгілдеріне деген қызығушылықтарын оята білу.

Просмотр содержимого документа
«"Көктемгі табиғат көріністері"»

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көктемгі табиғат өзгерістері»

Мақсаты: Табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру.Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау. Жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жан- жануар,жәндіктер

Блингвальді компонент: көктем сәні –красота, жәндіктер –насекомы.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Іздену ұйым-дастырушы

Ойын: «Сиқырлы қапшық»

-Балалар қапшықтан алынған суреттерге тәрбиешінің сұрағы арқылы жауап береді.

Сұрақтар мынадай:
1.Қандай мезгіл?.
2.Көктемнің қандай мерекесі?
3.Табиғатта қандай өзгерістер болады?
4.Көктем мезгілінде қандай гүл бірінші шығады?

5.Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып келеді?

6. Табиғат құбылыстарын ата?

III. Жаңа сабақ

1.– «Көктемгі табиғат».

Бұл қай кезде болады? (суретпен жұмыс).
– Көктемде ауа райы қалай өзгереді?

– Қар қандай өзгеріске түседі?
– Суретте не көріп тұрсыңдар?
Бойы сергектің,ойы да сергек: Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс арқылы көрсету).

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел есейді,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

3.-Сонымен қатар көктемнің кезінде жан-жануарлар ұйқыдан тұрып,құрт-құмырсқа,шыбын шіркейлер де оянады.
«Қайсысы ненің қанаты?»

Табиғатта қандай дыбыстар бар?
Билингвальді компонент:

көктем сәні –красота,

аңдар –дикие животные.

жәндіктер- насекомы

Дидактикалық ойын:

«Бұл қай кезде болады?»

Ойын шарты: суреттерді жыл мезгілдеріне сай қою.


Балалардың жауаптары.







Сөздердің мағынасын түсінеді.



Қайталайды:

көктем сәні –красота, аңдар –дикие животные.


Балалардың жауаптары.








Балалар қимылмен қайталайды.





Аққу, ара, қоңыз


Ағаштың, құстың, судың

Рефлексивті түзетушілік

Қорытындылау:

- Күн шығып,ауа-райы жылынады.

-Құстар жылы жаққа ұшып келеді.

-Қар ериді

-Ағаштар бүршік жарады

-Жаңбыр жауады

-Адамдар бір-біріне махаббат сыйлайды

6. Жұмбақ

Ал керемет бұл қандай?

Төгіледі төбеден.

Көк теңізден құйғандай

Көл-көсір су не деген?!


Суреттерді атайды








Жаңбыр

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жыл мезгілдерін айта алады.

Қандай түсініктерді игерді: табиғатты аялап, күтіп- баптау керектігін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көктем мезгілінің ерекшелігін.