СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 11.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көңілді саусақтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Көңілді саусақтар"  сабағы мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, тілінің дамуын, ұсақ мотрикаларын дамытуға арналған.

Просмотр содержимого документа
«"Көңілді саусақтар"»

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны










«Көңілді саусақтар»

Ашық сабақ

Даярлық топ







Педагог- психолог: Каирбаева А.К.





















2021 ж.


Күні: 28.10.2021 ж.

Өткізген педагог- психолог: Каирбаева Айнур Каржаубаевна

Бөлімі: Психология

Тақырыбы: «Көңілді саусақтар»

Мақсаты: Кинезиологиялық жаттығулар арқылы баланың ми сыңарларын , ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін дамыту, ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді жетілдіру.

Міндеттері:

  • Екі жарты шардың мамандануын дамыту

  • Жарты шарлардың жұмысын синхрондау

  • Жалпы және ұсақ моториканы дамыту

  • Есте сақтауды, зейінді, қиялды, ойлауды дамыту

  • Сөйлеуді дамыту

  • Эмоционалды шиеленісті жою

  • Позитивті эмоционалды көңіл -күйді қалыптастыру


Әдіс- тәсілдері: Тренинг

Көрнекілік, құрал жабдықтар: Фетрдан жасалған қол, құм, интерактивті үстел, қолдардың суреттері.


ҰОҚ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар сәлеметсіндер ме? Сендер балабақшаға келгенде апайлармен, бір – бірлерімен амандасасындар ма?

  • Ия.

  • Қалай амандасасындар?

  • Сәлеместсіз бе, сәлем т.б.

  • Қазір біз бір- бірімізбен қолдарымызбен әртүрлі тәсілмен амандасамыз: 1. «Салем» деп қолымызды көтереміз, 2. Бір- біріміздің қолымызды қысып амандасамыз. 3. Алақанымызды бір- бірімізге соғып амандасамыз. 4. Жұдырығымызды бір- бірімізге тигізіп амандасамыз.














ІІ. Негізгі бөлім:

Психолог: Балалар мына тақтада не тұр?

Балалар: Жабық қол.

Психолог: Балалар ол неге жабық, жұмылып тұр?

Психолог: Балалар тыңдандаршы, бір дыбыс шығады.

Қол: Балалар мені бір бұзық бала ренжітті. Сондықтан менің көңіл- күйім жоқ. Менің саусақтарымды ашуға көмектесесіндер ма? Ол үшін әр саусағымдағы тапсырмаларды орындасандар ғана менің- көңіл- күйім көтеріліп саусақтарым ашылады.

Психолог: Балалар тапсырмаларды орындап қолдың көңіл- күйін көтереміз ба?

Балалар: Ия.

  1. саусақ: Қол, саусақтарымды шынықтыратын қол- саусақ жаттығуларын көрсетіп, жасауға үйретіңдерші:


«Сақина» жаттығуы.

Мақсаты: интерферисфералық өзара әрекеттестікті дамыту (корпус -каллозум).

Қолдардың саусақтары кезекпен және мүмкіндігінше тез, сынақ дәйекті түрде басбармаққа, сұқ саусаққа және әрі қарай жалғаса береді. Тура  және кері ретте орындалады. Жаттығу бастапқыда бөлек әрбір қолмен орындалады, содан соң бірге орындалады. Солай бірнеше рет қайталайды.
























«Бақа» жаттығуы.

Мақсаты: интерферисфералық өзара әрекеттестікті (корпус каллозумы), ерік пен өзін-өзі бақылауды дамыту.

Қолдарыңызды үстелге қойыңыз. Бір қол жұдырыққа түйілген, екінші қол үстелдің жазықтығында (алақанда). Қолдың орналасуын өзгерту үшін екі қол бір мезгілде ауыстырып отырады.













«Жұдырық-қабырға-алақан» жаттығуы.

Мақсаты: ерік пен өзін-өзі бақылауды дамыту.

Балаға едендік жазықтықта қолдың үш позициясы көрсетіледі, олар бірінен кейін бірі ауысады.

Алақан жазықтықта, алақан жұдырыққа түйілген, алақан жиегі үстел жазықтығында, түзу алақан үстел жазықтығында. Бала нұсқаушымен бірге қимыл жасайды, содан кейін моторлық бағдарламаның 8-10 рет қайталанады. Жаттығу алдымен оң қолмен, сосын сол қолмен, сосын екі қолмен бірге орындалады. Орындауда қиындықтар туындаған жағдайда, нұсқаушы баланы дауыстап немесе үнсіз айтылатын командаларға («жұдырық-қабырға») көмектесуге шақырады.

















«Сақина-қоян» жаттығуы.

Саусақтар қайтадан жұмыс істейді. Алдымен жаттығуды көрсетіңіз, содан кейін балаңыздан оны қайталауын сұраңыз. Ол сақинаны, қоянды кезекпен бүктесін, алдымен бір қолымен, содан кейін екінші қолымен, содан кейін екеуімен бір уақытта жасайды


«Сақина-қоян-тізбек» жаттығуы

Саусақтар қайтадан жұмыс істейді. Бала қоян мен сақинаны бүктей алады, ал тізбекті жасау оңай. Алдымен жаттығуды көрсетіңіз, содан кейін балаңыздан оны қайталауын сұраңыз. Ол сақинаны, қоян мен шынжырды кезекпен бүктесін, алдымен бір қолымен, содан кейін екінші қолымен, содан кейін екеуімен бір уақытта жасайды.























Психолог: Жақсы балалар біз бір саусақтың тапсырмасын орындадық. Қане саусақты ашайық. Тамаша. Бір саусақ қуанышты. Енді келесі саусақтың тапсырмасын көрейік.


  1. саусақ: Мен құм терапиясымен танысып, бойымды тынышталтып құмда жұмыс жасағым келеді.

«Құм терапиясы» жаттығуы.

Балалар бірінші құммен жұмыс жасау ережесін қайталайық.

Құмды шашпаймыз, құмды ауызымызға салмаймыз, құмды бір- бірімізге лақтырмаймыз, жұмыс жасап болғасын қолымызды сүлгімен сүртеміз.

Балалар алдарындағы құмды ұстандар. Құм қандай ? Жұмсақ, майда, ұсақ.

Ендеше құмға қолдарынды жасырындар, құмды саусақтарының ортасынан себелеңдер.

Енді құмның бетін түзейміз. Екі саусақтарынды құмға бірге салып, шеңбер жасаймыз. Шеңберді екі қолымен бірге жасап, бірнеше рет қолымызды үзбей қайталаймыз. Енді шаршы (төртбұрыш) жасаймыз. Үшбұрыш жасаймыз.















3- саусақ: Заманауй құрылғымен интерактивті үстелде жұмыс жасап, сурет салуға үйренгім келеді.

«Интерактивті үстелде сурет салу»

Интерактивті үстелге екі бірдей сызықты сызып, балаға үстінен екі қолымен бір уақытта бастырамыз. Қолды үзбей бірнеше рет қайталаймыз. Сосын оны күрделендіріп екі қолымен біркелкі нүктелерді қосамыз.

















4- саусақ: Менің ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі айтып көңілімді көтеріндерші.

Балалар біз «Бауырсақ» ертегісін барлығыз білеміз. Бірақ біз ертегіні тек тыңдап және айтып қана қоймаймыз, ал оны саусақтарымызыбен қимылдарын көрсетеміз.

«Ерте – ерте- ертеде ата- мен әже болыпты. Бір күні ата әжеге бауырсақ пісіріп берші депті. Әже қылған ұнды жинап бауырсақ пісіріп терезеге қойып қояды. Бауырсақ терезеден секіріп түсіп қашып кетеді. Қашып келе жатқанда алдынан қоян шығады, ол бауырсаққа бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін дейді. Бауырсақ жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді. «Мен атадан қаштым, әжеден қаштым, енді сенен де қашып кетемін деп» қашып кетеді. Қеле жатса алдынан қасқыр шығады. Қасқыр» Бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін дейді. Бауырсақ «жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді. Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым, мен қояннан қаштым, ал енді сенен де қашамын деп» қашып кетеді. Келе жатса алдынан аю шығады «бауырсақ- бауырсақ мен сені жеймін дейді». Бауырсақ «жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді. Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым, мен қоянаннан қаштым, мен қасқырдан қаштым, ал енді сенен де қашып кетемін» дейді. Келе жатса алдынан түлкі шығады. «Бауырсақ- бауырсақ мен сені жеймін» дейді. Бауырсақ « жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді. Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым, мен қояннан қаштым, мен қасқырдан қаштым, мен аюдан қаштым, бірақ сенен қашпаймын, мен сенімен дос боламын» дейді. Бауырсақтың бұл сөздері түлкіге қатты ұнап екеуі дос болып кетті».

















5- саусақ: Санамақ санап үйренгім келеді. Үйретесіндер ма?

Басталды саусағым бас бармақтан- бірінші

Балан үйрек болады, санағанда екінші,

Ортан терек биігі тұрып қапты, үшінші.

Шылдыр шүмек келеді «кезегім» деп төртінші.

Кішкентай бөбек таласпай, болған екен бесінші.
















ІІІ Қорытынды:

Б алалар әр тапсырма бойынша сабақ түсінікті, қызықты болса көрсетеді,



а л орташа болса көрсетеді,



тапсырма қиын, түсініксіз болса көрсетеді.



Нәтижесінде сабақ неліктен жоғары, орташа немесе төмен деңгейді таңдағанын дәлелдейді.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!