Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қош келдің, Алтын күз!»
Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік
Мақсаты:
Тәрбиелік: балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.
Оқыту:өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу..
Билингвальдық компонент: қауіпсіздік ережелері –правила безопасности, жүгіруге болмайды- нельзя бегать.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі қауіпсіздік жағдаяттарының суреттері, құрал жабдықтар (балға, шеге,қайшы,т.б).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалармен амандасу.Сәлеметсіздер ме, балалар?
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
2.Негізгі бөлім:
Тосын сәт :
Қонаққа «Айдос» келеді. Қолын таңып алған.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым- Айдос. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым.
- Балалар, біз Айдосқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?
- Иә, балалар, сендер әр уақытта әртүрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Бүгін біз, егер сондай жағдайларға ұшырамасаңдар, одан қалай шығуға болатын жағдайларды қарастырамыз.
- Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
- Мына суреттерден көріп тұрғандарыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Балалар суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.
Тәрбиеші үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, қайшы, сіріңке қояды.
«Жақсы-жаман» ойыны.
Шарты: құрал-саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.
- Бұл затардан зардап шекпес үшін не істеу керек?
Балалар құрал- саймандардың не үшін, қалай пайдаланылатынын түсіндіреді. Құрал- саймандардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.
- Балға жақсы. Онымен шеге қағады. Қолды ұрып алғанда жаман.
- Балта жақсы, онымен отын жарады. Балта жаман, оқыста қолыңды шауып алуың мүмкін.
- Шеге жақсы, онымен екі затты біріктіреді, шеге жаман, абай болмасаң, денені жарақаттайды.
- Қайшы жақсы, керек бұйымды қияды, қайшы жаман, дұрыс пайдаланбасаң, қолыңды , көзіңді жарақаттауың мүмкін.
- Сіріңке жақсы, онымен от тұтатамыз, жаман- өрт шығуы мүмкін.
- Құрал- саймандарды ұқыпты пайдалану керек.
Тәрбиеші:
- Ал Сақтаныш, сен қалай қолыңды жараладың?
- Не үшін жүгірдің?
- Мен апайды тыңдамай, жүгіремін деп құладым.
- Асықтым.
- Дене шынықтыру сабағында, серуенге шыққанда, ойнағанда жүгіруге болады.
Балалар ережелерді естеріне түсіріп, Айдосқа айтып береді.
- Қол жуатын жерде ойнап, бір-бірін итеруге болмайды, себебі тайып құлауың мүмкін.
- Апайдың рұқсатынсыз жүгіруге болмайды, жарақаттанасың.
- Тамақ ішкенде сөйлеуге болмайды, қақалып қалуың мүмкін.
- Биік орындыққа, шкафқа терезенің ернеуіне шығуға болмайды.
- Есікпен ойнауға болмайды; қолыңды қысып қалуы мүмкін.
- Бұл ережелерді үйдеде сақтау қажет.
Сәргіту сәтін өткізу.
Аяқпенен топ,топ, топ,
Қолымызбен хоп, хоп,хоп,
Бір оңға, бір солға,
Ойнайықшы кел мында.
Айдос балалармен бірге сергіту сәтін жасайды.
Айдос:
- Балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім, енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп деп уәде беремін. Сау болыңдар!
- Асығу қауіпті. Біз баратын жерімізге жүгірмей, жай жүрсек те жетеміз.
- Ал, Сақтаныш, балабақшада қай уақытта жүгіруге болады?
- Балалар, мүмкін сендер білесіңдер?
- Сендер балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін білесіңдер. Тәрбиеші апайларың күнде қайталайды, әрбір уақытта естеріңе салып отырады.
Сол ережелерді Сақтанышқа айтып беріңдер, ол да біліп жүрсін.
- Балалар, бұл ережелерді тек балабақшада сақтау керек пе?
3.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі қандай тақырыпта болды?
Бізге қонаққа кім келді?
Қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?
Қандай ойын ойнадық?