Просмотр содержимого документа
«"Қорқу мен ашу"»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш» балабақшасы» КМҚК
Ересек «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 20.10.2021ж.
Педагог-психолог: Брянова Арузат Шарипжановқызы
Тақырыбы: «Эмоция түрлері» (Қорқу мен ашу)
Мақсаты: Эмоция түрлері жайында көріністерін кеңейту,мимика арқылы эмоцияларын көрсетуге үйрету, бір-біріне мейрімді болуға тәрбиелеу, өз-өзіне сенімділігінің артуына демеу беру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Қорқу мен ашу бейнеленген пиктограммалар, ұнтаспа.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар мынау жіп, жай жіп емес ол сиқырлы жіп, қазір сендер жіпті бір-бірлеріне беріп жылы лебіздерінді білдіресіңдер.
2.Негізгі бөлім:
- Балалар эмоция деген не?
-Қалай ойлайсыңдар біз бүгін немен айналысамыз?Не туралы айтамыз?
Балалар біз бүгін «Эмоция әлеміне» саяхат жасаймыз.Онда біз сиқырлы поезбен барамыз.Сиқырлы поезді жасайық.
1-ші аялдама. «Қорқу» («қорқыныш» әуені ойналады)
Кімді көріп тұрсыңдар?
-Оны қайдан білдіңдер?
-Қорқу, деген не?
Кім неден қорқады? (Ымдап, қимылмен көрсету)
«Мен ештенеден қорықпаймын» жаттығуы.
Балалар шеңберде жүріп «Мен ештенеден қорықпаймын, әр нәрсеге айналамын деп айтады», жүргізуші қорқынышты (мыстан кемпір,арыстан,қасқыр) деп айтқанда балалар сол кейіпкерге айналады.
«Біз қалай қорқамыз» жаттығуы:
Балалар сендер бір нәрседен айдық қорқасыңдар.Қорқақ балалардың көзі үлкен.Ал енді қорқыныш кіп-кішкентай болып қалады.
2-ші «Ашу» аялдамасы.
Балалар мынау жерде кім тұрады?
Оны қайдан білдіңдер?
Оның көңіл-күйін көрсетіңдерші.
«Эмоцияны суретте» жаттығуы.
Ол қандай болады?
(Ал енді не салғандарды айтыңдар)
«Сөйлемді аяқта» жаттығуы.
Балалар ойланып сөйлемді аяқтаңдар.
«Мен ашуланамын егерде...» (жауаптары тыңдалады)
3. Қорытынды.
-Ал енді топқа оралатын кез келді.
-Не ұнады?
-Жарайсыңдар, балалар. Сендер өте белсенді болдыңдар.
-Маған да саяхат ұнады.Енді сендер ашуланбай, ештенеден қорықпайтын болдындар.